Оңтүстік Кореяның білім беру жүйесі жаттанды білімге негізделген. Олар емтиханға дайындалу үшін кітапханада бірнеше күн бойы қонып, кітапты басынан аяғына дейін жаттап алады. Сондықтан шетелдік студенттермен салыстырғанда олардың бағалары орта есеппен жоғары болып келеді. Дегенмен, барлық жобалық бағдарламаларда шетелдіктер корейлермен салыстырғанда өздерін креативті жағынан жақсы көрсете алады. Бұл корейлер үшін жаттанды білімнің кесірі болуы мүмкін.Қорыта айтсақ, Корея мектептері оқушыларға үлкен шыдамдылық пен ерік-жігер беріп, қысқа мерзімде үлкен ақпарат көлемін жаттап үйретеді. Бұл елдегі университет профессорлары шетелдік студенттер корейліктермен салыстырғанда түрлі тест қорытындылары (көбіне жаттанды білімге негізделген тесттер) бойынша артта қалса да, дәріс барысында өздерін белсенді әрі креативті ұстайтынын мойындайды.