7- жаттығу. «Сөздік материалдар».
(көру және есту арқылы есте сақтауларын жаттықтыруға арналған)
Мақсаты: баланың сөздер туралы түсінігін қалыптастыру.
Жүргізушінің сөзі: «Мен сендерге суреттен көрсете отырып, сөздер оқимын. Әр сөздің түр- түсін, иісін, дәмін, дыбысын көз алдына елестетіңдер. Мысалы: тіс сықпасы (пастасы): түрі-ақ, жылтыр, иісі жағымды, дәмі тәтті, қышқыл немесе бірыңғай тәтті».
Қағаз Жүн Етік
Ұя Арба Саусақ
Мысық Шаш Сусын
Дөңгелек Гүл Піл
Таяқ Орамал Сүйіс
Фильм Жас Автобус
Құймақ Бәтеңке Дәрігер
Бақыт Құс Балмұздақ
Әр сөзді сипаттап, бейнесін елестете отырып, ойда қалдыру.
Сергіту сәті. Ойын «Орын беру».
Балалардың біреуі шеңбердің нақ ортасында орындыққа отырады. Қалғандарының міндеті- ешқашандай күшке бармай жүргізуші баланың орнын алу. Бұл жаттығу балалардың қызығушылығын арттырады және де өте жақсы жаттығу болып табылады. Сондай-ақ басқа адамдардың сеніміне кіру сияқты қасиеттерін арттырады. (сұрау, көндіру, сендіру) Жүргізушіге сұрақ қоюға болады. «Неге тек осы балаға орындығыңызды бердіңіз, ол бала қандай қасиетімен сізге ұнады?,- деген сияқты сұрақтар қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |