Јр нарсеніѕ ґз орны,мазмўны бар



Дата08.02.2022
өлшемі115,5 Kb.
#119918
түріСабақ
Байланысты:
комби есеп




Сабақтың тақырыбы: Комбинаториканың негізгі элементтері.
Мақсаты:
а) Жоғарғы математиканың бөлімі комбинаторика туралы
түсіндіру; комбинаторика және факториал терминдерін беру;
комбинаториканың қарапайым бөлімдеріне тоқталу, формулаларды
қорыту; есептер шығарту;
I Ұйымдастыру бөлімі


III Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Табиғатта,қоғамда,ғылым мен техникада,өндіріс орындарында,күнделікті өмірде әр түрлі әдістермен шешілетін,шешімдері көп есептер жиі кездеседі.Осындай есептерді «Комбинаторика»(«Қосылыстар») деп аталатын алгебра бөлімі қарастырады Комбинаторика жоғарғы математиканың көптеген бөлімдерінде қолданылады.
Комбинаториканың қарапайым бөлімдері орналастырулар, алмастырулар және терулер деп аталады.
Комбинаториканың бөлімдеріне жеке-жеке тоқталайық.
А.│n элементтен алынған m-нен құралған орналастырулар деп берілген n элементтерден әр топта m элемент (mОрналастырулардың белгіленуі: Аnm(эннен эм деп оқылады).Мұндағы m,n-натурал сандар,n-берілген элементтер саны,m-әрбір топқа кіретін элементтер саны m
Аn m=n(n-1)(n-2)...(n-m+1) (1)
1-мысал. Сыныптағы 20 оқушыны екіден орналастыру керек. Есептің қанша шешімі бар?
А202=20*(20-1)=20*19=380 Ж: 380;

Математикада 1-ден n-ге дейінгі барлық натурал сандардың көбейтіндісін n факториал деп атайды және оны n! белгісімен белгілейді, яғни


1*2*3...(n-2)(n-1)*n=n!
Ескерту: 0!=1
2-мысал. а) 3! ә) өрнегінің мәнін есептеңдер
а) 3!=1*2*3=6
ә) = =45 Ж: а)6; ә)45;
Факториал ұғымын қолданып (1)формуланы түрлендірейік Аmn=n(n-1)(n-2)…(n-(m-1))= =
Аnm= (2)
3-мысал. А3100 есептейік. А1003= = = =98*99*100=
=9702*100=970200 Ж:A3100=970200;
А.│n элементтен жасалған алмастырулар деп n элементтен алынған n-нен жасалған орналастырулар айтады.
Алмастыру Pn n-берілген элементтер саны.
P n=n!
4-мысал. Бес орындыққа бес адамды отырғызу қанша тәсілмен шешіледі?
Шешуі: P5=5!=1*2*3*4*5=120 Ж:120 тәсіл
А.│n элементтен алынған m элементтен құралған терулер деп бір-бірінен тек құрамымен ғана ерекшеленетін m элементтерден туратын комбинациялар тобы аталады.
Белгілеуі: Сnm – мұндағы m,n –натурал сандар, n- берілген элементтер саны, m-әрбір топқа кіретін элементтер саны.mС =
Бұл формуладан келесі формулаларды алуға болады.
Anm = Cnm * Pm ; Pm =
n € N, m € N, m≤n.
Алмастырулар мен факториал формулаларын түрлендіріп мына формуланы алуға болады С = = :m!= немесе Cnm = ;
5-мысал. n=10; m=7 болғандағы терулер санын есептейік
C10 7 = = = =8*3*5=120 Ж:120;
6-мысал. 5* Cn3= Cn+24 теңдеуін шешейік.
5* =
5* =
(n-2)= (n2 +3n+2)
20(n-2)= n2 +3n+2
n2 +3n+2-20n+40=0
n2 -17n+42=0
n1 =3; n2=14; Ж: 3; 14


IV Жаттығулар жұмысы.
A213 ; P5; C125; C127 мәндерін табыңдар.
A213 =21(21-1)(21-2)=21*20*19=7980
P5 =5!=1*2*3*4*5=120
C125 = = = =66*12=792

C127= = = = =66*12=792


Ж: 7980;120;792;792
V Тест.
1. Үш элементтен екі элемент бойынша орналастырулар санын тап. A32
A32 =3(3-1)=6
a) 4 ә) 3 б) 5 в) 6
2. Төрт кітапты кітаптар сөресіне қанша жолмен орналастыруға болады?
P4 = 4! =1*2*3*4=24
a) 15 ә) 16 б) 24 в) 23
3. 5 оқушының екеуін кезекшілікке жіберу керек болды. 5 оқушының екеуін
кезекшілікке неше жолмен жіберуге болады?
C52= = =10
a) 10 ә) 9 б) 8 в) 7
4. 15 адамнан 5 адамдық команданы қанша жолмен құруға болады?
C155= = =3003
a) 1000 ә) 2001 б) 3001 в) 3003
VI «Бес жол» өлең стратегиясы.
Зат есім- комбинаторика
Сын есім- күрделі,қызық
Етістік- орналастырады,алмастырады,тереді
Мағыналас сөз- комбинаторика,қосылыстар,ықтималдық,бином
Сөйлем- Комбинаторика күрделі қосылыстарды алмастырады,
тереді.
VII Бекіту сұрақтары .
-Комбинаторика қай тілден алынған?Мағынасы қандай?
-Комбинаториканың бөлімдерін атаңдар?
-«Факториал» дегеніміз қандай ұғым?
-0! нешеге тең?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет