Ерді ер, батырды батыр, дананы дана танитыны ақиқат. Жасынан білімге құштар Құмаш Нұрғалиұлы 1955 жылдың шілдесінде Абай атындағы педагогикалық институтының тарих факультетінің сырттай бөлімін Қызыл дипломға тәмәмдайды. Сонда институт ректоры, Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин қос балдаққа сүйенген батыр Құмаш ағаның жанынан барып, жалғыз қолын алып құттықтап, құлашын кең жая қатты қысып құшақтаған екен.
|
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде С.Ж. Асфендияров қазақ зиялылары үш топтан тұрады деп санаған: «Біріншісі – ол қызметкер зиялы қауым, екіншісі – әр түрлі мамандар (дәрігерлер, инженерлер т.б.), үшіншісі – бұл демократиялық қауым, басым көпшілігі мұғалімдер, жазушылар және басқалар» [2, 6 б.]. Жаңа тәуелсіздік заманасында біз қазақ зиялыларының бейнелерін жасап, тарихтағы өз орнын анықтап, тұғырына қондырамыз десек осынау Қ. Нұрғалиев сынды тұлғалардың тарихтағы орындарын анықтауымыз қажет. Оның тарихи тұлға екеніне күмәніміз жоқ
|
Отандық тарихтағы көрнекті тарихшы М. Қозыбаев былай дейді: «Тұлға – ол қандай қасиеттерімен елден ерек, жұрттан бөлек болуы керек? Тұлға – интеллект, ақыл, парасат иесі. Ол өткірлігімен, тапқырлығымен, көрегендігімен, қажымас күш-қуатымен, ақыл-парасатымен, басқаша айтқанда көсемдігімен, шешендігімен, әділдігімен, өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастырумен, ұлтжандылығымен ерекшеленген жан» [2, 4 б.].
|