Р. Р. Мухамеджанова 17. 08. 2020ж. №1 хаттама


Қазақстандағы модернизация үрдістерінің мәдени-әлеуметтік



Pdf көрінісі
бет28/76
Дата09.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#131216
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Қазақстандағы модернизация үрдістерінің мәдени-әлеуметтік 
аспектілері. 
Мәдени саясат үлгілері мен қоғамның негізгі құндылықтар 
жүйесінің өзара байланыстары. Мәдени саясаттың Қазақстандық үлгісі 
қоғамдық келісім мен көп мәдениеттілік саясатының жүзеге асырылуы - 
мемлекеттің қауіпсіздігі мен ұлт болашағының басты кепілі. Мемлекеттің 
«Мәдени Мұра» бағдарламасы- мемлекеттің мәдени саясатының басты саласы 
ретінде. 1991 жылдан бастап Қазақстан – Тәуелсiз мемлекет.
Ата заң бойынша, ол қазақ халқының өзiн-өзi билейтiн елi және басқа 
этникалық топтарға тең құқықтықты қамтамасыз етедi. Екi ғасырдан артық 
қилы заман бұғалығын басынан өткiзген ел ендi ғана өзiне тән мәдениетпен 
өркениеттi қалыптастыруға мүмкiндiк алды. Қазақстан Республикасы 
Президентi Н.Назарбаевтың: «Қазақстан бұрынғы қызыл империяның 
көлеңкесiнде өмiр сүру құқығынан үзiлдi-кесiлдi бас тартты, әлеуметтiкке 
бағдарланған нарықтық экономика мен жаңа қоғамдық қатынастарға 
негiзделген қуатты Егемендi мемлекет құруға кiрiстi».
Дәстүрлi мәдениеттi жаңғырту, халқының тарихи тәжiрибесiне сүйену – 
бұл өзi тәуелсiздiкке ие болған елдiң өмiрiнен орын алатын заңды құбылыс. 
Қазақстанның өтпелi кезеңiндегi мәдени саласында мәдениетiмiздi, дәстүр 
мен тiлiмiздi қайта жаңғыртып дамытуда жеткен жетiстiктер айтарлықтай 
болды. Кез-келген мемлекеттiң мәдениетiнiң дамуы жоғары тiлдiк мәдениетсiз 
дамуы мүмкiн емес.
Сондықтан қазақ тiлiнiң дамуына ерекше маңыз берiлуде. өйткенi қазақ 
тiлi - Қазақстанды мекендейтiн барлық халықтар мен ұлыстардың 
мәдениетiнiң, салт, дәстүрлерiнiң, қазақ халқы тұрмысының танымдық негiзi 


37 
болып табылады. Республикада Мемлекеттiк «Тiл туралы» Заң қабылданды. 
Iс-қағаздарының қазақтiлiнде жүргiзуде шаралар жүзеге асуда. Қазақ тiлi- 
мемлекеттiк тiл деп жарияланды, оны әркiм бiлуi қажет. Сонымен қатар, 
Қазақстан Заңында азаматтардың барлығы қазақ тiлiн бiлу тиiс деп қудалауға 
жол бермейдi. Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа кiруге ұмтылуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет