Р. Р. Мухамеджанова 17. 08. 2020ж. №1 хаттама


Қазақстанның мәдени саясаты



Pdf көрінісі
бет31/76
Дата09.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#131216
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Қазақстанның мәдени саясаты.
Қазақстан Республикасының мәдени саясатының ұзақ мерзімді 
тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының 
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, 


44 
бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын 
іске асыру мақсатында әзірленді. 
Жаңа мәдени саясаттың стратегиялық доминантасы Мемлекет басшысы 
ұсынған, Қазақстан халқын өзінің бай мәдени мұрасымен және 
шығармашылық әлеуетімен Қазақстан Республикасының әлемнің дамыған 30 
елінің қатарына кіру мақсатына ойдағыдай қол жеткізуге жұмылдыруға 
үндейтін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы болып табылады. 
Бүгінгі күні мәдениет пен мәдени әлеуетті дамыту әлем халқы мен 
мемлекеттерінің көпшілігінің аса маңызды даму басымдықтарының қатарына 
кіреді. Мәдениеттің даму деңгейі, ұлттық және әлемдік мәдени мұраны сақтап 
қалу мен байытуды, сапалы мәдени құндылықтардың жасалуын, таратылуы 
мен қолданылуын, жемісті мәдени алмасу мен тұлғаның рухани-
шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетуін қамтамасыз ететін, тиімді жұмыс 
істейтін мәдени институттар инфрақұрылымы мен тетіктерінің болуы 
табыстың аса маңызды критерийлерінің бірі болып табылады. 
Табысты мемлекеттің мәдени саясаты жасампаз құндылықтық 
бағдарларды қалыптастыру негізінде қоғамның орнықты дамуын қамтамасыз 
етуге бағытталады және қоғам мен мемлекеттің тіршілік әрекетінің барлық 
маңызды аспектілерін дамытудың сапалы өлшемі болып табылады. 
Мәдениет саласындағы жетістіктер ведомстволардың, мәдениет 
мекемелерінің жұмыстарымен, статистиканың сандық көрсеткіштерімен және 
белгілі есімдермен ғана өлшенбейді. Бүгінде мәдениет – тұлғаның рухани-
эстетикалық дамуының, ұлттық бірлікті қалыптастырудың және елді әлемдік 
қоғамдастыққа ықпалдастырудың мықты құралы. 
Мәдениеттің рөлін ұғынуға деген қазіргі заманғы көзқарас тұлғаның, 
бизнестің және тұтас мемлекеттің табысқа қол жеткізу аспектілерінің бірі 
ретінде қоғамның шығармашылық белсендiлiкке деген көзқарасы өзгеріп 
жататын жаңа әлеуметтiк-мәдени ортаны қалыптастыру қажеттiлігiн 
негіздейді. 
Мұндай жағдайларда креативтік пен бәсекеге қабілеттілік алдыңғы 
шепке шығады. Мәдениет саласы экономика ресурстарының біріне, бизнес-
бастамалар үшін тартымды инвестициялық салаға айналып келеді, бұл: кино 
индустриясы, анимация, цирк өнері, мұражай, концерт және театр қызметтері 
сияқты және т.б. өнердің жекелеген түрлері мен мәдениет ұйымдарын 
экономикалық тұрғыдан табысты (рентабельді) деңгейге шығаруға мүмкіндік 
береді. 
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 
2014 жылғы 1 қаңтарға елде 62 театр, 4 185 кітапхана, 45 концерттік ұйым, 3 
164 клуб үлгісіндегі мекеме, кино қою мен кинофильм шығаруды жүзеге 
асыратын 125 ұйым, 224 мұражай, 112 ойын-сауық және демалыс саябағы, 5 
хайуанаттар бағы және 5 цирк бар. Оның ішінде 40 кітапхана, 198 клуб, 9 
театр, 11 концерттік ұйым, кинопрокаттауды жүзеге асыратын 81 ұйым, 47 
ойын-сауық және демалыс саябағы мен 1 мұражай жеке меншікте. 


45 
Елімізде өзінің сәулеті бойынша бірегей «Қазақстан» орталық концерт 
залы, Орталық Азиядағы ең ауқымды «Астана Опера» опера және балет 
театры, елімізде мәдени мұраның маңызды құндылықтары жинақталатын ең 
ірі орынға айналатын Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы 
ашылды. 
Сала инфрақұрылымы жылына орта есеппен 90,5 миллионнан астам 
адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік және жеке меншік 
сектор үлесінің арақатынасы тиісінше 94,9 %-ды және 5,1 %-ды құрайды. 
Қазіргі бағыттардың, жанрлар мен стильдердің барлығы дерлік өз 
дамуын классикалық, халықтық және бұқаралық мәдениеттен алды. 
Қазақстандық музыка, бейнелеу, кино және театр өнері әртүрлі халықаралық 
өнер фестивальдарында, көрмелерде, форумдарда, биеннале мен байқауларда 
лайықты ұсынылды. Үздік өнер шеберлерінің әлем мәдениетінің ең айтулы 
алаңдарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндігі бар. 
Еліміздің театр алаңдарында жыл сайын 10 мыңнан астам спектакль 
қойылады, олардың 300-і отандық және шетелдік хореографтардың, 
балетмейстерлердің, режиссерлердің жаңа қойылымдары, «Тәуелсіздік 
толғауы» шығармашылық байқауларының шығармалары. 
Отандық кино индустриясы белсенді дамуда. «Қазақфильм» АҚ 
киностудиясында түрлі жанрлар мен форматтардағы фильмдерді түсіруге 
мүмкіндік беретін киноөндірістің қазіргі заманғы толық технологиялық тізбегі 
қамтамасы зетілген. 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың негізгі 
зияткерлік ресурсы болуға бағытталған ҚазҰЭК – Қазақ ұлттық электрондық 
кітапханасының қорын кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Электрондық 
каталогтың көлемі 18 000 библиографиялық жазбаны құрайды. Қашықтықтан 
пайдаланушылардың сұратуы бойынша жыл сайын кітаптардың е-
көшірмелерін әзірлеуге орта есеппен 1 500 тапсырыс қабылданып, өңделеді. 
Шетелде қазақстандық мәдениетті танымал ету шеңберінде соңғы бір 
неше жыл бойы Мәдениет күндері форматындағы іс-шаралармен ТМД-ның 
барлық дерлікелдері, Еуропа мен Азияның, Таяу Шығыстың жетекшіелдері 
қамтылып келеді. 
«Мәденимұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында іс-
шаралар кешені жүзеге асырылды, тарих пен мәдениеттің жаңа 
ескерткіштерінің 
ашылуы, 
маңызды 
тарихи-мәдени 
объектілерді 
консервациялау, реставрациялау және реконструкциялау, елдің мәдени 
мұрасын зерделеудің тұтас жүйесі үшін база құру соның нәтижесі болды. 
Тарих пен мәдениеттің отандық ескерткіштерін ауқымды түгендеу 
жүргізілді, республикалық (218 ескерткіш) және жергілікті (11 277) маңызы 
бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімдері бекітілді. 
«Қазақтың дәстүрлі мың күйі», «Қазақтың дәстүрлі мың әні» және 
«Батырлар 
жыры» 
бірегей 
жобаларының 
шеңберінде 
халық 
шығармашылығының ең үздік үлгілері жүйелендірілді. 


46 
Қазақстан халықаралық ынтымақтастық желісі бойынша мәдениет 
саласындағы негізгі конвенцияларды: 1972 жылғы Дүниежүзілік мәдени және 
табиғи мұраны қорғау туралы конвенцияны, 2003 жылғы Материалдық емес 
мәдени мұраны (МеММ) қорғау туралы конвенцияны, 1954 жылғы Қарулы 
қақтығыстар болған жағдайда мәдени құндылықтарды қорғау туралы 
конвенцияны ратификациялады. 
ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мұрат ізіміне мәдениет ескерткіштері – 
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Таңбалы археологиялық ландшафтының 
петроглифтері, сондай-ақ «Сарыарқа – Солтүстік Қазақстанның даласы мен 
көлдері» табиғи мұра объектісі енгізілді. Жібек жолының Жетісу бөлігінің 
қазақстандық сегізо бъектісі: Талғар, Қаялық, Қарамерген, Ақтөбе, Өрнек, 
Құлан, Қостөбе, «Ақыртас» археологиялық кешені «Жібек жолы: Чанань-
Тянь-Шань дәл ізі бағыттарының желісі» атты сериялық трансұлттық 
номинацияның құрамында ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мұрат ізімінекірді. 
Тұтастайалғанда, саланың әлеуеті мейлінше жоғары, бұған көрсетілетін 
мәдени қызметтерді тұтынудың тұрақты өсу серпіні дәлел. Тек соңғы он 
жылда ғана театрларға бару көрсеткіші 35 %-ға артты, кітапханалардың 
тұрақты оқырмандарының саны 18 %-ға өсті, кинотеатрлардың көрермендер 
саны 5 есе ұлғайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет