Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020



бет60/102
Дата18.09.2023
өлшемі3,67 Mb.
#181403
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   102
Байланысты:
treatise177628 3

Тәжірибелік сабақ




"Шарт" жаттығуы
Білім беруде гиперактивті балалармен жұмыс жасауға психологиялық-педагогикалық шарттарды жасаңыз.
Мысалы:
• мектепте баланың үзіліс кезінде немесе сабақтан кейін келе алатын ойын бөлмесін жасау;
• балаларға үзіліске белсенді уақыт өткізуге мүмкіндік беріңіз, іс-қимыл ойындары қобалжуды кетіреді және күш-қуатты қалпына келтіруге мүмкіндік береді;
• үзіліс кезінде спорт бұрыштарын жабдықтау (едендегі классика, баспалдақ, турниктер);
• театр студиясы гиперактивті балаларға эмоционалды құзыреттілік пен ұстамдылықты дамытуға мүмкіндік беру;
• спорт жаттығулары, әсіресе шығыс жекпе-жегі, өзін-өзі бақылау дағдылары мен жауапкершілікті дамытатын спорт түрлері.


«Даналық қобдишасы» жаттығуы
Гиперактивті балалармен жұмыс тиімділігі көп жағдайда мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Гиперактивті мінез-құлықпен жұмыс жасауда педагог-психологқа әдістемелік ұсыныстар жазыңыз.
Мысалы, Е.Федоренконың ұсыныстары:
• Оның жақсы мінез-құлқын мадақтаңыз: мадақ неғұрлым көп болса, бала соғұрлым көп тырысады.
• Сабақ кезінде баланың көңілін бөлетін факторларды азайтқан жөн , бұл факторларға шу, «көңілді көршілер» және шамадан тыс көп көрнекі материалдар жатады.
• Гиперактивті оқушыға арналған орын бұрышта емес, сыныптың ортасында, тақтаға қарама-қарсы орналастыру.
• Қиындық туындаған жағдайда мұғалімнен тез көмек сұрауға жағдай жасаңыз, мысалы, қолдарын көтермей сұрауға, орнынан жауап беруге мүмкіндік беріңіз.
Балаға арналған сабақтар нақты жоспарланған, стереотиптік тәртіп бойынша құрылуы керек.
•Гиперактивті оқушыға барлық қажетті ақпарат сипатталған күнделік немесе арнайы күнтізбені қолдануға кеңес беріледі,мысалы: не әкелу керек, не істеу керек және қай уақытта болу керек.
•Гиперактивті бала тапсырма тақтада немесе жеке карточкада жазылған болса жақсырақ түсінеді, бұл ой басқа жаққа алаңдап кеткен жағдайда көрнекі үлгіге сүйенуге мүмкіндік береді.
•Балаға белгілі бір уақыт аралығына бір тапсырманы беріңіз, бұл тапсырма баланыңойын бөлмей керсінше ойын жинақтауға мүмкіндік береді.
•Егер бала үлкен ауқымды тапсырманы орындау керек болса, онда тапсырманы біртіндеп орындалатын бөліктерге бөліп ұсынған дұрыс және оған қажетті түзетулер енгізіп, жұмыстың барысын белгілі уақыт аралығында бақылап отыру керек.
•Оқу күнінде қимыл-қозғалыс мүмкіндіктері «бой сергіту жаттығулары» қарастырылуы керек: дене шынықтыру, спорттық жаттығулар. Мысалы, 3, 4 сабақтан кейін таза ауада серуендеу, сабақ уақытындағы дене тәрбиесі минуттары, арнайы ұйымдастырылған үзілістер.
•Баланың шамадан тыс шаршауына және шамадан тыс мазасыздануға жол бермеуге; уақытылы баланың ойын басқа жұмыс түрлеріне аударыңыз, өйткені шаршау гиперактивтілік белгілерінің жоғарылауына әкеледі және баланың өзін-өзі сыртқы және ішкі қалпын реттеу мүмкіндігін нөлге дейін төмендетеді.
•Баладан толық нәтижені бірден күтпеңіз. Гиперактивті бала бір уақыт аралығында бір тапсырмаға ғана көңіл бөле алады. Мысалы, егер сіз баланы тыйып тастасаңыз, онда баланың ойы дереу өзін-өзі қадағалауға бөлінеді, ал оған тапсырмаға зейін қоюуы қиын болады, немесе егер тапсырма орындауды да және ұқыптылықты да қажет етсе, ұқыптылық жайлы талапты төмендетуге болады, бұл әрекет балаға жетістікті сезінуге мүмкіндік береді ( нәтижесінде - білім алуға деген мотивациясын арттырады).
•«Болмайды» және «болады» деген сөздерден балаға шектеулер қойған кезде, реттілікті ұстаныңыз.
•Балаға тапсырманың аяқталатын уақыты жайлы алдын-ала ескертіңіз, мысалы: «Үш минут қалды».
•Балаға бүкіл сыныптың алдында маңызды тапсырмалар беріңіз, оларды орындауға көмектесіңіз, сыныпта оның табысты болуына болысыңыз.

"Ата-аналарға кеңес беру" жаттығуы


Гиперактивті баланың тәрбиесі жайлы ата-аналарға кеңес беруде әлеуметтік педагогқа ұсыныстар дайыңданыз.
Мысалы автор О. Козачектің ұсыныстары (200 б.)

  • баланы әрдайым мақтауға лайық болған кезде мадақтаңыз, (бала ескертуді елемейді);

  • Физикалық зорлық-зомбылыққа бармаңыз, жиі «иә» деп айтыңыз, «жоқ», «мүмкін емес» сөздерінен аулақ болыңыз;

  • оған күнделікті орындалатын үй жұмыстарының бір бөлігін сеніп тапсырыңыз;

  • оған қабілеттеріне сәйкес тапсырмалар беріңіз;

  • баланың нені жасауға болады, не жасауға болмайтынын – ортада өзін ұстау шектеулерін анықтап беру;

  • үйде айқын күн тәртіптібін ұстаңыз, баланы тәртіпті сақтағаны үшін марапаттау;

  • үйдеыныш жағдай орнату, баланы алаңдататын жайыттардың ең аз мөлшерде, жұмыс істеуге қажетті жағдай жасау, жақсы ұйқыға мүмкіндік жасау

  • адамдар көп жиналған жерден алшақ жүру;

  • артық энергияны (физикалық белсенділік) жұмсауға мүмкіндік беру;

  • бала өзін кез-келген салада білікті, құзыретті сезінуі үшін,баланы қандай-да бір іске деген қызығушылығын арттыру;

  • балаңыздың жетістігіне сену, тәрбиеде шыдамды және жүйелі болу;

  • балаңыздың қиындықтарын жақсы білу, айналадағы адамдармен бала және оның қажеттіліктері туралы сөйлесу, балаға жақсы адвокат бола білу;

  • өзіңіз сабырлы болыңыз, сіздің сабырлығыңыз - бала үшін ең жақсы үлгі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет