Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет105/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

билер мен 
батыр-
лардың қоғам өмірінде ерекше орын алған, жақсы көрінген 
кезеңі. Демек, осы дәуірлерді көркем дүние нысаны еткен 
қалам иелері әсіресе осы тұста, яғни би-хандарды сөйлетуде 
өздерінің де шешендік қабілетін танытады. Қабдеш суреттеп 
отырған кезең – ел тағдырын шешуде атақты үш бидің рөлі 
өрлеген кезең еді. Сондықтан бұл романда Төле би, Әйтеке би, 
Қазыбек билердің ғана емес, әр ірі тайпаның, әр рудың билері 
де ортаға «қамшы тастап» сөйлеп жатады.
Қазақтың сөз өнері тарихында тек билер ғана емес, 
Ақтамберді сияқты ақындары да, Қабанбай сияқты батырлары 
да, Абылай сияқты хандары да тауып-тамсандырып сөз айта 
білген. Роман авторы да осыны жақсы сезіп, бұлардың аузы-
на әншейін ұйқасты-ырғақты қызыл сөз емес, жүйелі, сындар-
лы, ақылды және әсерлі сөз салуды мейлінше көздеген. Бір-
екі иллюстративтік факті келтірелік. Кіші жүз Әбілқайырды 
Барақ сұлтаннын өлтіргеніне байланысты пікірлер мен билік 
айту үстіндегі Орта жүз биі – Қазыбектің монологінен алынған 
үзіндіге көңіл аударсақ:
– Уа, 
менің
қажырлы халқым, жауынгер жұртым!.. Мына 
сексеннен асқан жасымда 
ел қонбаған шөлге, құс қонбаған 
көлге
кезігіп отырмын. Осы ғұмырымда 
ер өлтіріп, Ертіс 
бұзған, Шуды шулатып, Таласты талқандаған
небір телі мен 
тентекті көрсем де, менің тұсымда ханның басын хан алған 
жағдай ұшыраспаған екен... Қанша асып-тассаң да, 
аты жүйрік 
ажал
құрығынан адам пендесі кашып құтылмайды екен. Енді, 
міне, кезек Әбілқайыр ханға келіп отыр... Мен білсем, біздің 
халқымыз тағы да 
тоғыз жолдың торабында тұр. Алаш ұлы
ежелдің ең күнінен 
басына ноқта кимеген, жүген-құрық ти-
меген асау, арда ел едік...
(«Дарабоз», 1-кітап, 188-189-беттер).
Бұл жердегі Қазыбек бидің сөзі кітаптың екі бетіндей 
көлемде берілген. Бұл монолог – бастан-аяқ біз жоғарыда 
келтірген үзіндідегідей, тұнып тұрған (жоғарғы үзікте біз кур-


203
сивпен көрсеткен бейнелі қолданыстар сияқты) экспрессивті 
сөздер емес. Бидің негізгі айтпағы эмоциясыз-ақ айтылған, 
жүйелі, дәлелді қарапайым тілмен берілген. Әрине, бұл жерде 
автордың міндеті – бидің шешендігін көрсету емес, әділ билік 
шешімін дәлелдеген, логикасы күшті сөзін беру. Бірақ бидің 
сөзі болғандықтан, кезі келген тұстарында шешен сөздің аксес-
суарларын да көрсетіп қояды (жоғарғы микромәтінді қараңыз).
Романның 1-кітабында Төбет бидің (143-бет), Боранбай 
бидің (153-бет), Шекті биі – Сырлыбайдың (185-бет), Қазыбек 
бидің (188-190 және 275-276-беттер), Төле бидің (264-бет) 
сөздері және шешендігі мен бейнелілігі жағынан билер сөзінен 
кем түспейтін Қабанбай батырдың (150-бет), Ақтамберді 
ақынның (334-бет), Абылай ханның (350-бет) салмақты, 
әлеуметтік үні зор сөздерін жазушы мейлінше әсерлі етіп бер-
ген. Бұларда да: «сен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет