257
дері – қыпшақ тобынікі деген сияқты санаққа жүгінбей, сол
көркем әдебиет үлгілерінің (дәлірек айтсақ, олардың иелері
– жазушылардың)
ұлттық тіл элементтеріне қалай қараға-
нынан, қалай пайдаланғанынан
іздеу керек болады. Көркем
әдебиет, әсіресе поэзия, бағалауыш эпитеттерді жаңадан
ұсынуда бұрынғы жалпыхалықтық тілдегі модельдерді пай-
даланады: мысалы,
теңеулерді өмір шындығынан, нақты зат,
құбылыстардан алады. Сөз-символдарды жасауда да қазақтың
төл элементтері пайдаланылады. Айталық,
дала
сөзі – қазақ
поэзиясында, тіпті прозасында да бұрын да, қазір де туған
жердің,
қасиетті Отанының символы, ал
қыран құс, тарлан,
тарпаң
сөздері –еркіндіктің,
бозінген
– мейірімнің,
жезкиік
–
сұлулықты аңсаудың, арманның символдары.
Көркем әдебиет – ұлттық қазына, өйткені мұнда ұлттық
тілдің сөз байлығы мейлінше мол жұмсалады (қамтылады);
синонимдер қорына көркем әдебиет жиі жүгінеді; көркем
шығармада бір ұғымды бірнеше қырынан білдіру әрекеті ба-
сым; әр алуан ой мен сезімді білдіретін тілдік мүмкіндіктерді
кеңінен пайдалану орын алуда. Осылардың баршасы дәстүрді
қажет етеді, яғни әдеби тіл қазынасында мол әрі икемді фра-
зеология қоры мен әртүрлі тіркес түрлері (комбинациялары),
нақыл сөздер, мақал-мәтелдер жинақталады.
Жазушы осы
қазынаны пайдаланады, сол қазынаның үлгісінде жаңаларын
жасайды, осы арқылы әдеби тілді толықтырады, оның сөз
мәдениетін жетілдіре түседі. Ал бұл құбылыс жазушының тіл
жасампаздығында дәстүрлі
нормаға қайшы келмеуін, тілдің
жалпы және стильдік зандылықтарымен үйлесім тауып отыру-
ын талап етеді.
Сөйтіп, «қазақ тілінің ұлттық көркем стилінің белгілері,
яғни ұлттық көркем нормалары қандай?» дегенді анықтасақ,
мыналарды айту керек болады. Орыс тіл білімінде, жоғарыда
айтылғандай, көркем тілдің ұлттық ерекше белгілері жал-
пыұлттық (жалпыхалықтық)
тілдің нормаларымен тығыз
байланысты екендігі айтыла келіп, ол белгілер мыналар деп
көрсетіледі: орыс тілінің
Достарыңызбен бөлісу: