ар-үр секіру, озандаған дауыс,
озандау, лақса, селбесу, аңқос, қоймірет
,
ұлы жіңгір, айқұлақ
ерке, айқұлақтана шабу, дәреттену, пәрек, аталақтау, жөш,
аңсырау, бақида, қалаба, ләуқи, қапшағай қимылдау
сияқтылар.
Сірә, бұлардың бірқатары:
албаты, лақса, қолаба, әспенсу,
қаңғылестеу, озандау
,
ләуқи, аталақтау, асай-мұсай, бәкін-
шукін, ар-үр
секілділер – қолданылу өрісі шектеулі жергілікті
сөздер болар, ал
қоймірет, ұлы жіңгір, селбесу, айқұлақ ерке,
перен, жөш, алғұлымдау
тәрізділер – сирек кездесетін өте бір
образды элементтер бо лар (мүмкін, алдыңғы топтағы сөздер-
дің де бірқатары осы топқа қосылар). Қазақтың халықтық
тіліндегі барша байлықты орайын тауып орнымен жұмсауға
деген жазушы талабын қостай отыра, О.Бөкеевтің
аңсау
дегенді
аңсырау
,
еңсегей
дегенді
аңсағай, арланды
деудің ор-
нына
арсынды
деп
қолдануын жөн көру қиын. Бұлар – сөз
байлығын арттыру емес, санын көбейту болып шығады, ал
тілдің лексикалық құрамы басы артық вариант, дублеттердің
есебінен байымайтындығы мәлім.
Жеке-жеке мағыналары немесе мағыналық бояулары бар
сөздер қай арнамен келіп жатса да, тілді молықтыратын – со-
лар болады. Осы тұрғыдан келгенде, Оралханда және тағы бір
топ өзге қаламгерлерде де кездесетін, бірақ әдеби қолданыста
сиректеу жұмсалатын
бағамдау
(«пайымдау, аңғару, түю»
мағынасында кездескенмен, бұл сөздің сәл семантикалық өңі
бар, стильдік қажеттікке жарайтын эле мент тәрізді),
оңаза
(«ашқарақтық?»),
төрткіл дүние
(шартарап дегеннің қазақша
стильдік эквиваленті),
мамырстан заман
(«жайлы, бақытты,
қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» дегенді білдіретін
экспрессивті неологизм),
мөжен-топай (можан-топай
түрінде
де кездеседі, мұнда «тұрпайы» дегеннің стильдік бо-
яуы бар синонимі сияқты),
бақида
(«өмір-бақи» дегеннің
161
қолдан жасалған үстеу түрі тәрізді) деген сөздердің әдеби
тілге ену «құкығы» күштірек сезіледі, өйткені бұлар белгілі
мағыналық реңк үстеп, эмоциялық- экспрессиялық бояулары-
мен қолданылады.
Сондай-ақ әдеби нормада бар, бірақ сирек жұмсалатын
сонырқау, алқау, қамсаулау, қадаушабыр, шата, маңғыстау
(мал жөнінде айтылғанда),
тымсақ, кісікиік
сияқты сөздерді
жазушының орынды жұмсауы – өте құптарлық құбылыс, бұл
қазақ тілінің сөз байлығын сарқа пайдалану мүддесіне сай
келіп тұр.
Бұлардан басқа О.Бөкеевтің
әлеми аспан, аспани әлем, ата-
ғи өсу, дүнияуи қастас
сиякты сөз тіркестерін жасап, парсының
-и
жұрнағының өрісін кеңейтуге ниет қылған сәттері байқала-
ды. Көркем дүниелер тілі үшін мұның қаншалықты зәрулігі
болар екен деген ой туады, өйткені өзге тілдік
-и
жұрнағының
қазақ тілінде, әсіресе қазақ сөздеріне жалғанғанда, біздіңше,
оның негізгі грамматикалық қызмет атқаруынан гөрі, қосарға
алыну сипаты күштірек: ол қазақша
-лық
жұрнағының жүгін
бірен-саран сөзде болса да жеңілдету талабынан туған шара
деуге болады
(әдеби, тарихи, саяси
т.б.). Және бұл амалға
жүгінетін көбінесе публицистикалық стиль екенін де ескере
жүрсек.
Көркем әдебиет – ауызекі сөйлеу элементтері араласа
алатын стиль. Әсіресе олар кейіпкерлер тілінде келсе, тіпті
оңтайлы. Оралхан
пошым, толайым, әгәрәкім, шуап
(шұбап),
суап
(сауап дегеннің орнына),
еме-жем, оқшасу, ұқшасатын
сияқты ауызекі сөздерді кейіпкерлерінің аузына да салады, өз
аузына да алады. Алдыңғысы жөн болса, соңғысын құптауға
болмайды. Әдеби норма бойынша,
шұбау, сауап, егер, түгел,
жеме-жем, ұқсау
сөздері тұрғанда ешбір стильдік жүк артпай,
шуау, суап, әгәрәки, толайым
дублеттерін автор тілінде (баян-
дауда) қолдану – нормадан жөнсіз ауытқу болмақ.
Қысқасы, жалпыхалықтық тілдің, ауызекі сөйлеу тілінің,
ертеректегі қазақ әдеби мұрасының сөз байлығын, бейнелеуіш
құралдарын жақсы білетін жазушы – О.Бөкеев оларды орай-
ын тауып, көркем әдебиет тіліне қосуды көздеген және мұны
саналы түрде істеген. Әрине, әдеби дүниенің бір шарты –
қалың оқушы қауымға түсініктілігі болса, кейде жоғарыдағы
162
әрекеттің осы шартқа қайшы келер тұстары туып қалады.
Сондықтан осыны сезген шебер қаламгер бейтаныс сөздердің
мән-мағынасын контекст арқылы немесе өзге бір жолдармен
білдіріп отыруды қадағалайды. Көп ретте Оралханда бұл шара
жүзеге асырылған. Мысалы, «Мұзтау» повесіндегі: «Әбден
қартайып, лақса болған Шағырқасқа... сал бөксе аяңдап келеді
(15) неме се
Өзімді лақса кәрі сезінетінім неліктен
(50) деген
сөйлемдерден бейтаныстау
лақса
сөзінің мағынасын контекст
арқылы ажыратуға болады: осы сөйлемдердегі
әбден қартайып
және
кәрі
сөздері
лақса
сөзін «ортаға алып», жаттығын
сездіртпей тұр. Бейтанысты көзтаныспен қосарлап келтіру
арқылы оның мағынасын ашып беретін тәсіл де, мынадай сөз
мынадай заттың, не құбылыстың атауы деген түсіндірулер
де жазушы қаламына тән. Мысалы:
Сенің күнің не болды-ей,
құн-бодаусыз кеттің емес пе?
(32).
Күдір деген киелі тышқан
(42). Ал кейде түсініксіздеу сөзді жал пы сөйлем мағынасынан,
контекстен айыруға әбден бола тын етіп ұсынады. Мысалы:
жентек-жентек болып ботырып жатқан
(48),
атып тұрып
адағайлап, әр тұсқа көз жүгіртіп еді
(60),
атының басын
оқыс бұрды да құйын-перен шаба жөнелді
(75).
Өз тілдеріне бейтаныс сөздерді молырақ енгізіп жүрген
өзге қаламгерлермен салыстырғанда, Оралхан бұл әдістерді
әлдеқайда кеңірек пайдаланады, сондықтан оның тіліндегі
мән-мағынасы күңгірттеу сөздерді зерделі оқырман, жал пы
оқушы қауым тіксінбей қабылдайтын тәрізді.
Қорыта келгенде, осы айтылғандармен жеке бір жазу-
шының өзі қалап қолданған сөз өрнегін, тілдік тұлға-
тәсілдерді пайдалану мәнерін және сол өрнектің шығарманың
түріне, баяндау стиліне қаншалықты сай түсетінін танытудың
шағын этюдын жасадық. Әрине, бұл талдау – қаламгер
қолтаңбасын білдіретін жан-жақты толық зерт теу емес.
Зерттеу материалдарының сыр-сипатын біртіндеп ашып алу
үстіндегі азын-аулақ үлгілер ғана. Осындай таным-талдау-
ларды Оралханнан өзге оның бір алуан тұрғыластарының
(әрине, жазушылардың) тіліне жасауға әбден болады және
жасалуға тиіс.
163
СЕЙДАХМЕТ БЕРДІҚҰЛОВ
Достарыңызбен бөлісу: |