Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет85/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

«Үшінші подъезд»
Келесі назарымызды Сейдахмет Бердіқұловтың қаламына 
аударалық. Тұжырымымызды сөз басында айтып алатын 
болсақ, Сейдахмет – жазғандарын көпшілік қауым, оның ішінде 
сөз қадірін білетін оқырмандар қызыға, сүйсіне қабылдайтын 
жазушы. Қызықтыратын да, сүйсіндіретін де – оның айтпақ 
ойларының салмақтылығы, тақырыптарының бүгінгі өмірмен, 
өздеріміздің ой-армандарымызбен қабысып жатқандығы, 
конфликтілер нанымдығы, шығарманың композициялық 
құрылымның сәттілігі т.т. ғана емес, тілі де. Тілде көрінер 
өрнектер де. Қысқасы, С.Бердіқұлов – көркем дүние ұсынуда 
өз мәнерлері, өз айшықтары айқынырақ көрінетін, сол көрініс 
арқылы мазмұн мен түрдің (жанр мен тілдің) гармониясы 
жақсы сезілетін жоғары сауатты әдебиетімізді танытатын 
қалам иелерінің бірі, бірегейі.
Сейдахмет Бердіқұловтың тіліне мұндай баға бергізетін 
белгі-сипаттарының ішіндегі екі-үшеуіне ғана тоқталалық. Ең 
алдымен, жазушының шығарма жанрына орай стильдік-тілдік 
құралдарды дұрыс таңдай білуі, екіншіден, ұтымды теңеу-
образдарды ұсынуға шеберлігі.
С. Бердіқұловтың біраз шығармаларының, оның ішінде біз 
сөз еткелі отырған «Үшінші подъезд» кітабының тақырыбы – 
спорт пен спортшылар. Көбіне-көп әңгіме өзегі – бүгінгі спорт
жайында. Оның да дені – бұрын қазақ қауымы білмеген
ойнамаған спорт түрлері туралы. Кейіпкерлері – сол бүгінгі
спортқа араласқан қазақ жастары мен осы күнгі жұртшылық. 
Бұлардағы спорт тақырыбы автордан бастап, оның 35.001-кө-
рермен-жанкүйер болып стадионға кел ген нағашысына 
дейінгілердің көзімен, күйініш- сүйінішімен беріледі. Демек, 
осыны қалай, қай тонда, қай стильде бермек керек? «Аспан-
нан шұға жауған күн» сияқты көркем повесть пен очерк-
репортаждарының оқиғаны баяндау стилі, кейіпкерлердің 
мінездемесі (яғни мінездейтін сөз-образдары) бірдей болу ке-
рек пе әлде айырымы болу керек пе? Міне, осы сауалдарға жа-
зушы «дұрыс жауап берген».


164
Аталған повесте велоспортты тамашалаймыз. Бас кейіпкері 
– қазақ жігіті. Баяндау автор атынан берілгенмен, мұнда сезіну, 
ойлау, күйіну, сүйіну – баршасы бас кейіпкер призмасынан 
өткізілгені жақсы байқалады. Бұл повесте велоспортқа қатысы 
бар барлық қимыл, іс-әрекет, сын-сапа қазақ образдарымен, 
қазақ түсінігімен, бір сөзбен айтқанда, «қазақы» сөздермен ба-
яндалады: Велосипедшілер 
құйысқан тістесті
(«Үшінші подъ-
езд», Алматы, 1980, 87-бет, мысал-фактілер осы кітаптан алын-
ды, сондықтан әрі қарай кітаптың тек беті көрсетіліп отырды). 
Пакистан командасы 
үзеңгі қағысты,
қытай велосипедшілері 
құлақ шайнасты
(105). Тәуекел 
құйысқанын көтере қашты
(106). Арттағы қалың топ та (велосипедшілер тобы) 
қамшыны 
басып келеді 
(106). Жарысқа түскен велосипедшілердің өздері 
велошабандоздар, қасқа азбан, велосипедтің ақперені, желта-
бан, арғымақтар
деп бейнеленеді, Футболшыларды да жазу-
шы 
жасыл алаң көкпаршылары, додаға түскен тұлпарлар
деп, 
Португалия командасын 
шымқай қара арғымақ
деп образдап, 
ауыстырып атап отырады. Тілдің осы «қазақылығын» суреткер 
әдейі таңдап алған. Автор бұл жерде қазақтың байырғы спорт 
әлемінің сөздері мен образдарына орынды қызмет атқартқан.
Қазақ қауымы да сан заманнан бері спорт түрлерін білген, 
біліп келген. «Ай астынан айқабақ атып», садақ тартып, «адыр-
насын ала өгіздей мөңіретіп» мергендік таластырған, додаға 
түсіп, көкпар тартысқан, айдарынан жел есіп, ат шабысқа 
қатысқан, балуандар күресіп, күш сынасқан, «қыз қуып» 
бақ сынасқан т.т. осындай спорт түрлерін біліп келген қазақ 
жұртында бұл салаға тән сөздер, фразалар, небір теңеулер мен 
эпитеттер неге болмасын?! Бар болған! Соны жазушы жақсы 
түсініп, жарата білген.
Бүгінгі спорт туралы әңгімені баяғы «спорттық» сөздері-
мізбен, образдарымызбен беру – бірден-бір ұтымды, әсерлі 
амал болып шыққан. Және бір тамашасы – қазақтың спорт 
сөздері жай баяндау, сипаттау қызметін ғана атқарып қой-
майды, образ жасайды. «Күшті командалар (футболшылар 
туралы) жеңіліп қалды» деудің орнына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет