Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет83/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

Ақтан
:«...»
Аңшы: 
«...» түрінде құрылып берілген. Мұнда да ремар ка 
тым келте: 
деп
дәнекері мен 
айтты, ойлады
тәрізді етістіктер 
жоқ.
Қысқасы, 
деп
дәнекеріне көп иек артпау – жазушы қолының 
бір таңбасы тәрізді. Әсіресе ол бұған айтылмаған төл сөзді 
(адам ойын) беруде жиірек барады.
Диалог, монологтерді құруға келгенде, қаламгер шеберлігі 
мен қолтаңбасына қатысты және бір ерекшелігін атауға бола-
ды. Кейіпкерлерді әрқилы сөйлете білу – көркем әдебиеттің 
бір шарты, көркемдікті құрайтын шарты. Кейіпкер сөзі – об-
разды ашатын, шығарманы шындыққа жанастыратын құрал. 
Осыны О.Бөкеев өте жақсы сезінеді. Ол кейіпкерлерін «өз 
тілдерінде» сөйлетеді (не месе ойлантады). Бұған жазушының 
«Қасқа құлында» төрт кейіпкердің монолог-ойын төрт түрлі 
етіп ұсынғаны әдемі мысал бола алады. Қаршыға атты жас 
жігіттің, «көненің көзі», тіпті көненің өзі – Сарқынды шалдың, 
«бір ұлы – ойда, бір ұлы – қырда» Бөкеш әкенің қасқа құлынын 
жоқтаушы бас кейіпкердің монологтеріне зер салып көрелік.
Қаршығаның ойы (бір беттен астам текст) біздің 
заманымыздағы жас адамның әдеттегі тілімен, келте-келте 
сөйлемдермен беріледі (52-53), ұзақ ойын « Соғыстан кейінгі 
жылдар қандай ауыр еді» деп бастаған Бөкеш әке де өз заман-
дастарынша қарапайым сөздермен ойлайды, онда жасанды 
тілмарсу жоқ, мақалдатып-мәтелдетпейді де. Бас кейіпкердің 
ой-монологі оның көрген түсі ретінде беріледі. Түс болған 
соң, мұнда аллегория бар. Бұл түс-монологте 
аппақ
сөзі об-
раз жасайды: 
аппақ селеулі дала, аппақ қозы, аппақ сақалды 
шал, аппақ домбыра, аппақ бие –
қысқасы, жас жігіттің түсінде 
көрген дүниесінің бәрі аппақ, бұл – арманның, ізгіліктің сим-
волы. Төртінші кейіпкер – Сарқындының ойы мүлде өзгеше 
материалмен берілген. Екі бетке жетер-жетпес бұл ой-текст 
– тұнып тұрған фразеоло гизмдер, мақал-мәтелдер мен көне 
образдар: 
қырық жылғы қырғында... қой үстіне бозторғай 
жұмыртқалаған ырысын... шын жыласа соқыр көзден жас 
шығар болар... қаралы күй тартып зарласам... ақ бөкендей 


159
жосылған, жер қайыстырған жылқы... қойдай өріп, жылқыдай 
жусайтын момақан елін... сөйткен адамдар қағанаты қарық, 
ханға сәлем бермек емес... «құлыны өлген құлыққа тай телісе 
– зорлық-ты, ботасы өлген інгенге нар телісе – зорлық-ты, 
ақсұңқар қонар тұғырға қарға қонса – зорлық-ты» деген емес 
пе бұрынғылар... таңбасыз жатқан тайымды... көзім – көр, 
көңілім – жер... қақпанға түскен арландай... басымдағы ба-
зарым... қалыңға соққан қырандай... жетесіз ұрпақты жел-
кеме мінгізіп, санаменен сарғайып, қайғы жұтып қартайып 
жатқаным... алты сан алаш... өлі арыстаннан тірі тышқан 
артық,... жарыған. жалаң аяқтар... құйрығын теріске салар 
жат... ақ балтамен қара тасты қақ жарған сұрапыл күш... 
Құдай жолы... 
т.т.
Мұнда Шыңғыс хан тұқымы, Қытайға қашқан, Сібірден 
қашқан, «заманы озып, дәурені тозған» Сарқынды шал осы-
лайша зар илейді, өкінеді, қайтпаған кегін жоқтайды. Оның 
теңеулері де өткен заман суретінен, кекке шабар кездегі қару-
жарағы да «исфахан қылыш, кіреуке, көз сауыт, қозы жаурын 
оқ» болып келеді. Сарқындының өзі – «қақпанға түскен арлан», 
жиені Қаршығалар – «жетесіз ұрпақ, жары ған жалаң аяқтар, 
жетілген жетімдер».
Дәл осы мазмұндас ойды Қаршыға да ойлайды, нағашы 
атасының осынау ішқұстасы барын ол да тап басады, бірақ 
мұның ойын берген тұста автор жоғарыдағыдай образдардың 
бірде-бірін ұсынбайды.
Қысқасы, көркем сөз теориясын жақсы білетін жазушы 
сол білімді іске асырды ма әлде суреткерлік интуициясының 
күштілігінен бе – әйтеуір, бұл тұста үлкен шеберлік байқатқан. 
Жалпы Оралхан – автор-кейіпкер болып сөйлеуге келгенде 
ізденетін және таба алатын жазушы.
Қаламгер өрнегін салып тұрған тағы бір амал-әрекетке 
тоқталсақ. Ол – жазушы тілінің сөз байлығы жайында.
Соңғы 20-30 жылда көркем әдебиет дүниесінде қалам тар-
тып келе жатқандардың бірқатарында, соның ішінде біз тілін 
әңгіме етіп отырған Оралхан Бөкеевте де, қазақ тілінің сөз 
мұрасын сарқа пайдалану тенденциясы айқын сезіледі. Осы 
ниетпен сирек сөздерді, мағынасы күңгірт тартып, ұмыт бола 
бастаған көне сөздерді, қолданылар аймағы тар жергілікті 


160
сөздерді және жазушы өзі ұсынар жасанды сөздерді еркін және 
молынан кәдеге асырып жатқан әрекет-бағыт байқалады.
Әрине, сирек, көне, жаңа, жергілікті болған соң, мұндай 
сөздердің көпшілігі қалың жұртшылыққа бірдей түсінікті бол-
май, көбінесе бейтаныс, тіпті әдеби тілге жат болып көрінетіні 
сөзсіз. Осындай көпшілік оқырманға бейтаныс немесе шала 
таныс сөздер қатарынан табылатын бір алуан элементтер 
О.Бөкеев тілінде де бар. Олар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет