Қр ст қазақстан республикасының мемлекеттік стандарты


ЕАЖ-нің қызметтерді тіркейтін техникалық құралдарымен түйісуіне қойылатын талаптар



бет4/4
Дата15.09.2017
өлшемі0,69 Mb.
#33789
1   2   3   4

ЕАЖ-нің қызметтерді тіркейтін техникалық құралдарымен түйісуіне қойылатын талаптар


      1. Қызметтерді тіркеудің техникалық құралдарымен ЕАЖ-нің түйісуі байланыс туралы деректерді беру коммутаторлық емес немесе коммутаторлық байланыс жолдарының көмегімен стандартты желілік хаттамалар мен ашық интерфейстерді қолдану арқылы жүзеге асады. Тура тізбекті байланыстарды пайдалану кезінде сенімділікті жоғарлату үшін оларды көбейту мәселелері қарастырылады.

      2. ЕАЖ-нің деректерді жіберу аппаратурасымен өзара әрекеті келесідегідей ұсыныстар бойынша жүзеге асырылуы керек: V.28, V.34, V.36, Х.21.

      3. Байланыс қызметін көрсету бойынша ЕАЖ-нің деректерін жіберу корпаративті және жергілікті желілер хаттамаларын пайдалана отырып жүргізіледі.

      4. ЕАЖ-нің деректерін жіберу есепшот орталығы жағынан есептеудің технологиясы қарастырған мерзімділікпен жүргізілу керек, бірақ айына бір реттен кем емес.

      5. Абонентке нақты уақыт масштабында (“on-line”) есепшотты талап ететін көрсетілген байланыс күтім туралы деректерді беруге болады.
  1. Функционалдық талаптар





  1. ЕАЖ-нде телекоммуникациялық операторлар орындайтын барлық функционалдық тапсырмалары төмендегі функциялар түрінде автоматтандырылу керек:

  1. Байланыс қызметін тіркеу және есепке алу функциясы, ол мыналарды ұйгарады:

  • растылық пен дұрыстықты міндетті түрде бақылау арқылы көрсетілген байланыс қызметінің номенклатура мен көлемі туралы алғашқы деректерді автоматты және автоматтандырылған түрде енгізілуі;

  • бақылаудан өтпей қалған көрсетілген байланыс қызметінің номенклатура мен көлемі туралы алғашқы деректерді оларды берген қызмет орындарына жіберу;

  • айланыс қызметінің номенклатура мен көлемі туралы енгізілген деректерді жинақтау;

  • есепке алу құжаттардың қалыптасуы;

  • көрсетілген байланыс қызметінің номенклатура мен көлемі туралы алғашқы деректерді мұрағаттауды қалыптастыру;

  • пайдаланушылар берген белгілері бойынша статикалық және аналитикалық құжаттарды әртүрлі пішінде (кесте, графика, диаграмма т.б.) қалыптастыру;

  • берілген байланыс қызметін көрсету көлемі мен номенклатура туралы алғашқы деректер мұрағатынан анықтамалар алу;

  1. Абонентті тіркеу мен есепке алу функциясы, ол мыналарды ұйгарады:

  • толық және бірмәнді идентификациялау, есептеуді дұрыс жүргізу, шоттарды нақты жеткізу және статистикалық деректерді жинау үшін барлық дербес реквизиттері көрсетілген жаңа абоненттерді тіркеу;

  • абонентке қатысты дербес реквизиттерге өзгерістер енгізу;

  • абоненттің реквизиттерінің өзгеруін есепке алу мен бақылау;

  • берілген белгілері бойынша абоненттерді деректер базасынан іздеу;

  • абонентпен жасалынған келісімдердің шарттары мен әрекет уақыттарының орындалуын бақылау;

  • абонент туралы анықтамалық және статистикалық ақпараттарды қалыптастыру;

  1. Байланыс қызметі бойынша тарифтеу мен төлемдерді есептеу, ол мынаны ұйғарады:

  • байланыс қызметін тарифтеуді жүргізу;

  • тарифтік жоспарға сәйкес абонентке көрсетілген байланыс қызметін есептеу;

  • абонентке берілетін жеке шоттарды қалыптастыру;

  • жинақтаушы жеке шоттарды (есептеу және төлем тарихы) жүргізу;

  • ағымдағы есептеу мерзімінде және одан тыс абоненттің қарсы уәжі қарастырылған кезде есептеудің жеке кезеңдерін қайта қарастыру мүмкіндігі;

  • негізгі және қосымша байланыс қызметі бойынша тағайындалған төлемдерді қайта есептеу мен түзету;

  • шот-фактураны қалыптастыру және сату кітабын жүргізу.

  1. Абоненттерге шоттарды қалыптастыру функциясы, ол мынаны ұйғарады:

  • Жеке және заңды тұлғалардың қолма-қол және қолма-қол емес төлемдері үшін шоттарды қалыптастыру;

1-ЕСКЕРТПЕ Шотты қалыптастыру кезінде байланыс қызметін көрсету бойынша нормативтік-құқықтық актілермен анықталған позициясы (мысалы, байланыс қызметін көрсету ережелері, байланыс қызметі үшін төлемдерді қабылдау ережелері т.б.) қарастырылуы керек.

2-ЕСКЕРТПЕ Қағаз шоттарды қалыптастыру кезіндегі төлемдерді қабылдау пункттері арқылы төлеу үшін бақылау кассалық аппараттардың бедері үшін орын қарастырылуы керек.



  • басып шығару құрылғыларында шоттарды шығару;

  • берілген шоттар бойынша жинақтық ведомосты қалыптастыру;

  • абоненттерге автоматты хабар беру жүйесі үшін деректер жиымын қалыптастыру;

  • кез келген абонент немесе абоненттер тобына үшін кез келген уақыт аралығы бойынша тағайындалған төлемнің ажыратуын қалыптастыру және басып шығару;

  • абонентке шоттың жеткендігін тіркеу және бақылау.

  1. Төлемді тіркеу және бақылау функциясы, ол мынаны ұйғарады:

  • абоненттің қолма-қол және қолма-қол емес төлем сомаларын тіркеу;

  • танылмаған төлемдердің есебін жүргізу;

  • төлем ведомостарын және реестрлерін қалыптастыру және басып шығару:

  • борышкерлердің тізімін және байланыс желісіне абоненттің қолжетімін уақытша тоқтату ведомостарын қалыптастыру.

  1. Байланыс қызметі мен абонент бойынша нормативтік-анықтамалық ақпараттардың жүргізу функциялары, ол мыналарды ұйғарады:

  • міндетті минимумді ескере отырып тарифтік жоспар нұсқасы үштен кем емес әр тарифтік жоспарда тарифтің градациялар саны төрттен кем емес тарифтік жоспарларды жүргізу;

  • көрсетілетін қызметтердің бағакөрсеткілерін жүргізу;

  • көмекші ақпараттық анықтамалар (қалалық, елдік кодтар және т.б) жүргізу;

  • талап қою мерзім уақытына сәйкес тарифтердің өзгеру тарихын сақтау.

  1. Көрсетілген байланыс қызметінің номенклатурасы мен көлемі, олардың төлемдері туралы сұрақтар бойынша ЕАЖ пайдаланушыларына ақпараттық-анықтамалық күтім функциясы, ол мыналарды ұйғарады:

  • абоненттің өзіне байланыс қызметін көрсеткен немесе шотты есептеу мезетінен бастап он екі ай ішінде көрсетілген байланыс қызметі мен жүргізілген төлемдер бойынша кез келген ақпараттарды алуы;

  • абонент байланыс қызметі бойынша алдын ала төлемді пайдаланған жағдайда ЕАЖ міндетті түрде абоненттің жеке шотындағы ақшалай қаражаттар базасының телефон байланысы қызметін көрсету туралы келісім-шартта айтылған белгілі деңгейден азайғандығы туралы ақпарат беруге міндетті;

  • телекоммуникациялық оператор қызметінің тізімдері мен ағымдағы тарифтер туралы ақпаратты алу;

  • байланыс ұйымын басқаруға қатысты негізделген және жедел шешімдер қабылдау үшін байланыс операторының абоненттің жеке шоттарының қаржылық жағдайы туралы деректер алуы.

  1. Қазақстан Республикасының статистика, қазынагерлік қызмет, байланыс және басқа мемлекеттік басқарушы органдардың және байланыс ұйымдарының пішіндеріне сәйкес құжаттарды қалыптастыру функциясы, ол төмендегідей ұйғарады:

  • негізгі және қосымша байланыс қызметін пайдаланудың қарқындылығы;

  • байланыс қызметін ұсынушы телекоммуникациялық операторлардың құрылымдық бөлімшелерінің кірістері;

  • байланыс операторларының желісінің ресурстарын пайдалану есебі, оның ішінде бағыттар, апта күндері, тәулік сағаттары және т.б. бойынша кестенің бөлінуі;

  • телекоммуникациялық операторлардың желілері мен абоненттері бойынша статистикалық және аналитикалық есептер;

  • телекоммуникациялық операторлардың құрылымдық бөлімдері бойынша көрсетілген байланыс қызметтерінің төлемдер жағдайы.

  1. Әкімшілеу функциясы мыналарды қамтиды:

  • жүйе деректері мен функцияларына қолжетімді бақылау;

  • көрсетілген байланыс қызметтері үшін есептеудің технологиялық үрдіс кезеңдерінің орындалуын бақылау;

  • деректерді мұрағаттау;

  • апатты жағдайдан кейін деректерді қайта қалпына келтіру.

  1. Абонентке байланыс қызметін көрсету бойынша әріптес-операторларының өзара есеп айыруды жүргізуді ақпараттық қолдау функциясына төмендегілер кіреді:

  • әріптес-операторларының қатысуы кезінде көрсетілген байланыс қызметтері туралы деректерді жинау және алдын ала өңдеу;

  • ішкі және сыртқы тарифтерді ескере отырып байланыс қызметін тарифтеу;

  • өзара есеп айыруға қажет статистикалық және басқа да деректерді қалыптастыру және телекоммуникациялық оператордың басқа құрылымдық бөлімдеріне беру;

  • әріптеспен өзара есеп айыру жүргізуді есепке алу мен бақылау.

  1. Телекоммуникациялық оператор желісінің коммутаторлық жабдықтарын басқару функциясы қызмет пен абонент номерін бұғаттау мен белсендірудің келесі тәсілдерін қамтиды:

  • қызметшілердің қатысуынсыз автоматты;

  • ЕАЖ-нің қызметшісі арқылы ішінара автоматты;

  • ЕАЖ-нің тізімі бойынша коммутациялық жабдықтарды күтетін телекоммуникациялық оператордың қызметшісі арқылы қолмен.

  1. Функционалды тапсырмаларды орындау үшін алғашқы деректер мен нәтижелердің толықтығы, растылығы және қарама-қайшылықсыздығы қамтамасыз етілуі, әрбір функция бойынша уақыт регламенті (мерзімдік және уақыттың орындалуы) сақталуы керек. 
  1. Қамтама түрлеріне қойылатын талаптар

  1. Аппараттық қамтамаға қойылатын талаптар





      1. ЕАЖ-нің аппараттық қамтамасы «Функционалдық талаптар» атты 5 бөлімде көрсетілген функцияларды үздіксіз және тәулік бойы орындалуын міндетті түрде қамтамасыз етуі керек.

      2. ЕАЖ-нің аппаратық қамтамасы жүйенің өңделетін ақпараттың көлемі, абоненттердің саны, байланыс қызметтерінің түрі мен функциясы көбейгені немесе азайғанына қарай техникалық құралдардың құрамын олардың пайдаланушылық техникалық сипаттарын жақсарту үшін өзгерту және алмастыру мүмкіндігіне ие болу керек.

      3. ЕАЖ-нің аппараттық қамтамасына деректерді резервке жіберу мен қайта қалпына келтіру құралдары кіруі керек.

      4. ЕАЖ-нің аппараттық қамтамасы сертификаттау мезетінде қолданыстағы мемлекеттік және халықаралық стандарттар мен ұсыныстарының талаптарына сәйкес болуы керек.
  1.  Программалық қамтамаға қойылатын талаптар





  1. ЕАЖ-нің программалық қамтамасы арнайы программалық қамтама (АБҚ) мен базалық программалық қамтама (ББҚ) жиынтығы болып қарастырылады.

  2. Программалық қамтаманы пайдалану компьютерлік программалар мен деректер базасына авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау салалары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес жүргізіледі.

  3. БПҚ құрамына операциялық жүйе, деректер базасын басқару жүйесі, программалау жүйесі кіруі керек.

  4. ЕАЖ-нің серверлік және клиенттік бөліктері үшін операцилық жүйе ретінде лицензияланған операционды жүйелер қолданылу керек. Операциялық жүйенің опциялық параметрлерінің дәл мәндері (жергіліктендіру, қызмет дестелері және т.б.) және лицензиялық метрикалары ЕАЖ-ні жасаудың техникалық тапсырмасын әзірлеу кезінде анықталуы керек.

  5. Қашықтағы пайдаланушылардың ақпаратқа қолжетімін қамтамасыз ету үшін ерекшелінген немесе коммутацияланған арналары бойынша деректердің алмасуын деректер базасының серверлеріне тікелей қолжетімді пайдаланып жүзеге асыруға мүмкіндік беретін програмалық серверді қолдану керек.

  6. Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) ретінде басқа өндірушілердің деректер базасымен жеңіл біріге алатын, әкімшілік етудің, коммуникацияның, диагностиканың, ақпарат көлемінің көбеюіне байланысты өсіретін және кеңейтетін күшті құралдары бар, сонымен бірге сенімді қауіпсіздік жүйесі мен деректерді бұзылудан және рұқсатсыз қолжетімдерден қорғауы бар лицензияланған объектілі-бағытталған ДББЖ қолданылу керек.

  7. Қолданылатын программалау жүйесі ДББЖ-мен жұмыс істеуге және Веб-қосымшаларды құруға мүмкіндік беруі тиіс.

  8. АБҚ өз кезігінде ЕАЖ барлық жоспарланған функцияларын орындау үшін құрылған сәулет негізінде жасалыну керек және бөлек деректердің жоқтығы ЕАЖ-ң сол деректерді жүзеге асырылғанда пайдаланбайтын функциялардың орындалуына әсер етпейтіндей жұмыс істеу керек.

  9. АБҚЕ жобалау үшін үш деңгейлі сәулетны алу керек:

пайдаланушылық интерфейсі – пайдаланушының жұмысы үшін барлық мүмкіндіктерді, пайдаланушыларға қосымшалармен жұмыс істеуге, деректерді енгізуге және сұратым нәтижелерін қарауға мүмкіндік беретін графикалық интерфейспен қамтамасыз етеді, сонымен бірге тұтынушылар алған деректерді форматтау мен олардың амалдарын басқаруды қамтиды;

бизнес-логика – іскерлік есептерді моделдейді, деректерді өңдеу ережесін анықтайды, пайдаланушылар мен деректер арасында «көпір» құрады;



деректер базасының сервері – деректерді сақтау, мұрағаттау және резервтік көшірме жасауды жүзеге асырады, пайдаланушылардың құқығы мен артықшылығын тексеру негізінде деректерге авторландырылған қолжетімді қамтамасыз етеді, амалдарды хаттамалайды, транзакциялау бойынша журнал жүргізеді, жергілікті желіге біріккен дербес компьютерлерде жұмыс істейтін клиенттік қосымшадан серверге берілетін деректерді пайдаланушының сұратымдарымен таңдауды және өңдеуді орындайды.

  1. Үш деңгейлі сәулетте ірі функционалдық мүмкіндіктер оқшауландырылады, сондықтан өз кезегінде деректерден жекеленген көрсетілім өңдеу ережелері мен бизнес-логикаға тәуелді емес.

  2. Үш деңгейлі сәулет жобалауда алдын ала үлкен талдауларды қажет етеді, бірақ ұзақ пайдаланғанда сүйемелдеу құнын ауқымды төмендетеді және функционалдық икемділігін жоғарлатады.

  3. Бірінші деңгейдің (пайдаланушы интерфейссінің) есептері клиенттік программалар – Веб-браузермен орындайды. Қазір бірнеше браузерлер бар (Firefox, Opera, Microsoft Internet Explorer және басқалар).

  4. Екінші деңгейдің (бизнес-логиканың) есептері арналған технологиялық жиынтықтар мен Веб-серверлер орындайды. Қазіргі уақытта мұндай көптеген технологиялар бар (ASP, CSP, JSP, PHP және басқалар).

  5. Үшінші деңгейдің міндеттерін (деректер базасының сервері) деректерді сақтау мен өңдеу үшін қолданылатын ДББЖ атқарады.

  6. АБҚ модулдік құрылуы және егжей-текжейлі құжаттамалануы керек, құрамында дамыған көмексөз жүйені, жедел жәрдемді және ЕАЖ-нің негізгі функцияларын жүзеге асыру үшін функционалдық-технологиялық қағидалар бойынша ерекшелінген қажетті және жеткілікті АЖО жинақтарын қамтуы қажет.
  1. Ақпарттық қамтамаға қойылатын талаптар





      1. ЕАЖ-нің ақпараттық қамтамасында әрбір абонентке дербес ақпарат, байланыс қызметі туралы ақпарат, нормативтік-анықтамалық ақпараттар, анықтамалар, жіктегіштер, кодтау кестелері, ЕАЖ құжат айналымына қатысатын кіріс және шығыс құжаттарының түрлері мен пішіндері, сонымен қатар байланыс желісі туралы деректерге қатысты айнымалы ақпараттың ДБ болу керек.

      2. Әр абонент үшін дербес ақпарат келесілерден тұрады:

  1. жеке шоттар кем дегенде екі бірегей идентификациялық (жекеленген немесе жиынтықты) белгісінен тұруы керек;

  2. байланыс қызметін көрсету бойынша келісім-шарттың (келісім-шарттардың) тіркелу деректері: бірегей нөмірі (нөмірлері), әрекеттің басталуы мен аяқталу уақыты, күтімді тоқтату шарттары, тарифтік жоспар;

  3. абонентке тағайындалған абоненттік нөмірлер және(немесе) бірегей идентификациялау кодтар тізімі;

  4. SIM-карта нөмірлері, егер бар болса;

  5. пайдаланушы жабдықтарының түрі, егер бар болса;

  6. абонент туралы деректер :

  1. жеке тұлғалар үшін:

  • жеке идентификациялық нөмір;

  • аты, жөні, тегі;

  • туған күні;

  • туған жері;

  • тұратын жері;

  • тұлғаны куәлендіру құжатының реквизиттері;

  • жеке идентификациялық нөмір;

  1. заңды тұлғалар үшін:

  • жеке идентификациялық нөмірі;

  • толық атауы;

  • қысқартылған атауы, егер бар болса;

  • мемлекеттік тіркеу орны;

  • нақты орналасқан орны;

  1. абоненттің қаларалық және халықаралық телефон байланысының қызметтеріне қолжетіміне келісетінін көрсетін белгі;

  2. байланыс қызметтерін көрсету туралы келісім-шартты бекіткенде абонент анықтаған қаларалық және халықаралық телефондық байланыс желілерінің операторларын таңдау тәсілдерін көрсететін белгі;

  3. абонент анықтаған қаларалық және халықаралық телефондық байланысын алу үшін (телекоммуникациялық операторды алдын ала таңдаған жағдайда) қаларалық және халықаралық телефондық байланыс операторының идентификациялық белгісі;

  4. тарифтік жоспарды таңдау белгісі;

  5. салықтарды есептеу үшін (қажет болғанда) деректер;

  6. абоненттің (көрсетілетін байланыс қызметтерін есептеу бөлек болғанда) бірегей нөмірлері немесе жеке шот нөмірлері;

  7. абонентке шоттарды жеткізу үшін қажетті деректер.

      1. ж), з), и) тармақтарының талаптары қаларалық және халықаралық телефондық байланыс қызметтерін есептеуді автоматтандыру қарастырылған ЕАЖ үшін таратылады.

      2. Байланыс қызметтері туралы ақпарат төмендегілерден тұрады:

  1. байланыс қызметінің коды;

  2. шақырылатын елді-мекендер коды;

  3. шақырылатын абоненттің телефон нөмірлері;

  4. байланыс қызметінің қосылуының ұзақтығы;

  5. байланысты жедел қосу дәрежесі;

  6. тапсырыс қабылданған күні мен уақыты;

  7. байланыс қызметіне тапсырыс берген абонент туралы жеке деректер (мысалы, аты, жөні, тегі);

  8. тапсырысты қабылдаған байланыс операторы қызметшісінің идентификациялық номері;

  9. тапсырыс номері;

  10. хабарлау, ескерту, транзит және анықтамалар туралы белгілер.

      1. ЕАЖ-нің ақпараттық қамтамасы келесі негізгі талаптарды қанағаттандыруы қажет:

  1. барлық автоматтандырылған функциялардың (есептердің) орындалуы үшін қажетті және жеткілікті болуы;

  2. өзара әрекеттесетін ішкі жүйелермен ақпараттық үйлесімділікті қамтамасыз ету;

  3. ақпараттық деректер базасы машиналық тасушыда деректердің нормаланған жиымы түрінде ұйымдастырылған болуы керек;

  4. құжаттардың пішіндерінде қолданылатын терминдер мен қысқартулар осы пәндік салада жалпы қабылданған болуы қажет;

  5. ақпараттық жиымдарда деректердің бақылануы мен жаңаруына, сонымен қатар әртүрлі деректер базасында бір атаулы ақпараттың бірдейлігінің бақылануына қажетті шаралар қарастырылу керек.

      1. Деректер базасы, НАА файлдары, анықтамалар, жіктегіштер мен олардың реквизиттер құрамы ЕАЖ-нің ТТ-нда келтірілген болуы тиіс.

      2. Абоненттермен шағымдар бойынша жүргізілетін жұмысқа байланысты ақпарат талап қою мерзімінінің соңына дейін сақталуға тиіс.
  1. Лингвистикалық қамтамаға қойылатын талаптар





      1. Лингвистикалық қамтама пайдаланушыларға ЕАЖ-нің құрамына кіретін программалық компоненттермен қатынас жасауына мүмкіндік береді.

      2. Лингвистикалық қамтамаға мына тілдер кіреді: пайдаланушылардың арасында өзара әрекеттесу тілі; пайдаланушы мен техникалық құралдардың арасында өзара әрекетесу тілі; ЕАЖ-нде деректерді сақтау тілі жатады.

      3. Лингвистикалық қамтама қазақ және орыс тілдерінде дамытылған диалогтар мен жедел көмектер жүйесін қамтуы қажет.
  1. Ұйымдастыру қамтамасына қойылатын талаптар


 

  1. ЕАЖ-нде оның аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу үшін арнайы дайындықты қажет етпейтін, бірақ олармен жұмыс істеу дағдылары болғанды қалайтын, операциялық жүйелердің шектеулерін ескере отырып деректерді бейнеленудің бірліктігін қамтамасыз ететін және техникалық құралдардың қажеттіктерін толық қанағаттандыратын пайдаланушылық интерфейс ұйымдастырылуы керек.

  2. ЕАЖ-нің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін ЕАЖ техникалық күтім телекоммуникациялық оператордың немесе аутсорсингке қою туралы жеке келісім шартына сәйкес сыртқы кәсіпорынның қызмешілерімен жүргізілуі тиіс.

  3. ЕАЖ-не техникалық күтім көрсететін қызметшілір төмендегідей міндеттерді атқаруы керек:

  1. жабдықтар мен сыртқы құрылғыларды қарау және тексеру жүргізу арқылы аппараттық қамтаманың жұмыс қабілеттілігін сүйемелдеу, профилактикалық және ағымдық жөндеулерді жасау, қосалқы бөлшектер мен материалдарға сұраныстарды рәсімдеу және оларды уақытылы алу;

  2. программалық қамтама мен деректер базасын сүйемелдеу және күту;

  3. деректер базасын әкімшілеу (талаптар есепке алу, мұрағаттау, резервтік көшіру, қайта қалпына келтіру, жанжалдарды шешу, жүйенің әртүрлі деңгейлері арасындағы деректердің қолжетімдігін, қарама- қайшылықсыздығын, сәйкестілігін қамтамасыз ету);

  4. жабдықтардың істен шығуы, жаңартулар дұрыс жасалмауы және рұқсатсыз қолжетім кезінде деректерді бұзылаудан сақтауды қамтамасыз ету;

  5. деректер базасын дамыту кезінде деректердің икемділігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету және әрекеттерді үйлестіру;

  6. деректер мен программалардың дұрыстығын ақаулар мен бас тартудан кейін қайта қалпына келтіру және растау.

  1. ЕАЖ-ге техникалық күтімші қызмешілер төмендегідей қызметтерді атқаруы керек:

  1. пайдаланушыларды оқыту;

  2. туындаған кез келген сұрақтар бойынша пайдаланушыға консультация беру;

  3. пайдаланушылардың жұмысының сапасын бақылау бойынша ұсыныстар дайындау;

  4. ЕАЖ-нің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырушылық-әдістемелік кешендерді жүргізуге ұсыныстар дайындау.

  1. ЕАЖ-нде ЕАЖ техникалық күтімге жауап беретін қызметшілерді ақпараттандыру мына жағдайларда қарастырылуы керек:

  1. ЕАЖ функцияларын рұқсатсыз пайдалануды анықтау;

  2. ЕАЖ деректер базасында сақталған ақпаратты рұқсатсыз өзгертуді енгізуді, өшіруді, көшіруді немесе жіберуді анықтау.
  1. Метрологиялық қамтамаға қойылатын талаптар


 

      1. ЕАЖ есептеу жүргізген кезде байланыс қызметін көрсетуді бастау уақыты, тарифтік бірліктердің сандары, күтім көлемі мен өлшеу құралдар көмегімен алынған байланыс ұзақтығы туралы алғашқы ақпаратты пайдалану керек.

      2. Қолданылатын өлшеу құралдары ҚР СТ 2.21 сәйкес түрін бекіту немесе ҚР СТ 2.4 сәйкес метрологиялық аттестациядан өту және Қазақстан Республикасында өлшеудің бірегейлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйесінің реестріне ену мақсатында сынақтан өтуі тиіс, сынақтан өтетін жабдықтар ҚР СТ 2.75 сәйкес аттестациялануы қажет.

      3. ЕАЖ-нің құрамына байланыс қызметінің барлық жүзеге асырылған түрлерінің әртүрлі кіріс деректерінде тарификацияның дұрыстығы мен құн есептеудің растылығын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін бақылау мысалдары кіруі керек.

      4. ЕАЖ-нде есептеудің растылығы есепту мерзімінде кіріс (есепке алу) деректерінің растылығында ұсынылған шоттардың жалпы көлемінен 99,99% кем болмауы керек.

      5. Абоненттерге ақпараттық-анықтамалық күтім кезінде ЕАЖ-нің ДБ типтік сұратымға реакция уақыты 5 секундтан кем, ал телекоммуникациялық орератордың құрылымдық бөлімшелеріне 15 секундтан артық болмауы тиіс.

      6. ЕАЖ-нің деректер базасынан 3–жіктелім белгілері бойынша таңдалған абонент ақпаратын қалыптастыруға жұмсалған уақыт 60 секундтан аспауы керек.

      7. Көрсетілген уақыттан асып кеткен жағдайда ЕАЖ-нде орындалған сұратымның ағымдағы көлемі және (немесе) оны аяқтауға қалған уақыты туралы динамикалық индикациялау мүмкіндігі қарастырылу керек.

      8. Шегірілген уақыт режімінде тарификация мен байланыс қызметін басқаруды орындайтын ЕАЖ-нің дайындық коэффициентті 98,40% кем болмауы керек, мұнда бір күнтізбелік айда оның бос тұруының қосынды уақыты 12 сағаттан аспауы тиіс.

      9. Нақты уақыт режімінде тарификация мен байланыс желісіне және/немесе байланыс қызметіне қолжетімді басқаруды ақпараттық қолдауды орындайтын ЕАЖ модулінің дайындығының жиынтық коэффициенті 99,95% кем болмауы керек.
  1.  ЕАЖ-нің сенімділігіне қойылатын талаптар

7.1 ЕАЖ-нің сенімділігі қолданылатын аппараттық және программалық құралдардың жұмыс істеу сенімділігімен анықталуы қажет және төмендегілермен қамтылады:



  1. сенімділігі халықаралық стандарттарға сай және жеткізуші өкілдерінің келісімімен кепілденетін үйлесімді сертификатталынған аппараттық құралдар мен базалық лицензиялық программалық қамтаманы таңдаулығы;

  2. арнайы программалық қамтама құру мен верификациялаудың замануи технологияларын қолданулығы;

  3. ақауланған программалық және аппараттық құралдардың функционалдық элементтерін жедел алмастырулығы;

  4. сыртқы құрылғылардың (қатқыл дискілер, бейнекарталар, модемдер және т.б.) ішкі конфигурациясы бойынша бірізділігі.

7.2 Бастарту болып аппараттық құралдарға жөндеу мен реттеу жұмыстарын немесе программалық құралдарға түзетулерді жүргізбейінше функционалдық элементтер мен оларды құраушылардың істен шыққан жағдайында ЕАЖ-нің келешекте дұрыс жұмыс істемеуіне әкелетін аппараттық және программалық құралдардың жұмыс қабілеттілігінің бұзылуы есептеледі.

7.3 Жаңылысу болып программалық құралдарды қайта жүктеуді қажет ететін аппараттық және программалық құралдардың функционалдық элемент жұмысының ішінара бұзылуы саналады. Жаңылысу 10 минуттан артық болғанда, ол бастарту деп қарастырылады.

7.4 ГОСТ 21552 және ГОСТ 27201 талаптарына сәйкес ЕАЖ-нің аппараттық-программалық құралдарының келесі сенімділік көрсеткіштері болуы керек:


  1. ЕАЖ-нің деректерді сақтау құралдарының бастартуға орташа атқарымы 10 000 сағаттан кем болмауы керек;

  2. ЕАЖ-нің жұмыс қабілеттілігін қайтадан қалпына келтірудің орташа уақыты 15 минуттан артық емес болуы керек.

7.5 Жүйедегі ақпараттың сақталу сенімділігі ДБ ұйымдастырудың аппараттық-программалық әдістерін, ДБ-на қатынасу журналының жүргізілуін және орнатылған регламентке сәйкес орындалатын резервтеу мен архивтеудің стандартты құралдарын қолданумен, сонымен қатар кепілді электрқорек жүйелерін пайланумен қамтамасыз етілуі қажет. Сенімділік параметрлері бақылаулы ішкі пайдаланумен тексеріледі.
  1. ЕАЖ-нің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

8.1 ЕАЖ-нің қауіпсіздігі өндіруші-жеткізуші кепілдейтін қолданыстағы аппараттық және программалық құралдармен анықталады.

8.2 ЕАЖ-нің аппараттық құралдарын орналастыру сұлбасын жасағанда, оны ғимаратқа байланыстырғанда техникалық құралдарды құрастыру, баптау, пайдалану, күту және жөндеу кезінде олардың пайдалану құжаттамасы мен қауіпсіздік техникасы бойынша нормативтік құжаттамада анықталған қауіпсіздік талаптарын орындау қажет

8.3 Аппараттық құралдарды құрастыру ЕАЖ қызметшісінің ток өткізетін бөліктерге сүйкенуін болдырмау керек.

8.4 Қорғаныстық жерлендіру клеммасы мен әрбір сүйкенуге болатын ток өткізбейтін, кернеулі болып қалатын метал бөлік арасындағы өтімді кедергі 0,1 Ом-нан жоғары болмауы керек.

8.5 Жалпы ЕАЖ-нің аппараттық құралдары мыналарға жауап беруі тиіс:



  1. электр қауіпсіздігіне қойылатын талаптар ГОСТ 2,007,0, ГОСТ 25861 бойынша;

  2. механикалық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар ГОСТ Р 50377, ГОСТ 2795488 бойынша;

  3. өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар ГОСТ 12.1,004, ГОСТР 50377 бойынша;

  4. дыбыстық қысым деңгейіне қойылатын талаптар ГОСТ 12.1,003, ГОСТ 21552 бойынша;

  5. электромагниттік үйлесімділігіне қойылатын талаптар ГОСТР 50628 бойынша;

  6. қолданылатын материалдар мен басқару органдарына қойылатын талаптар ГОСТ 12.2,003, ГОСТ 25861 бойынша.

8.6 ЕАЖ программалары мен деректер тұтастығын бұзатын зиянды программалар мен компьютерлік вирустардан қорғау үшін оның клиенттік және серверлік бөліктерінде лицензиялық антивирустық программаларды орнату қажет.
  1. Пайдалану, техникалық күтім мен қолдауға қойылатын талаптар





  1. ЕАЖ-н пайдалану оның аппараттық және программалық құралдарына техникалық күтім түрі, периоды мен регламенті көрсетілген ЕАЖ-нің пайдалану құжаттамасының талаптарына сай болуы керек.

  2. ЕАЖ-нің негізгі аппараттық құралдары ГОСТ 12.1,005 талаптарына жауап беретін ғимаратта орналастырылуы қажет, осыған сай есептеу техникасының қалыпты жұмыс істеуі үшін бұл ғимараттарда келесі шарттар орындалуы керек:

  1. қоршаған ауаның температурасы 15° С тан 25° Се дейін;

  2. қоршаған ауаның салыстырмалы ылғалдығы 45% тен 75% дейін;

  3. атмосфералық қысым 84 кПа тан 107 кПа дейін (680 мм. сн. бғ. - 800 мм. сн. бғ.);

  4. бөлшектер өлшемі 3 мкм-ден артық болмаған жағдайында ғимарат ауасының тозаңдылығы 1 мг/м3-ден көп емес;

  5. сыртқыі электрлік өріс кернеулігі 0,3 В/м көп болмауы керек;

  6. сыптқы магниттік өрістің кернеулігі 5,0 А/м көп болмауы керек;

  7. амплитудасы 0,1 мм-ден көп емес жағдайында дірілдің жиілігі 25 Гц көп болмауы керек.

  1. Ғимарат ауасында жемірілуді қоздыратын белсенді заттар болмауы керек.

  2. Жедел және күтуші қызметшілер үнемі болатын ғимаратта температураны, салыстырмалы ылғалдылықты және атмосфералық қысымды бақылау қамтамасыз етілуі қажет.

  3. ГОСТ 13109 талаптарына сәйкес 220 В ± 5% (220 В ± 10%) кернеудің 50 Гц ± 0,2 Гц (50 Гц ± 0,4 Гц) жиіліктің, 8 % дейін (12% дейін) синусоидалдық емес коэффицентің нормалды (шекті) мәндері. Сондықтан ЕАЖ-нің аппараттық құралдары үздіксіз электроқорек көзіне қосылуы керек және шығысында кернеуі 220 В, жиілігі 50 Гц болатын, ауытқуы кернеу ±5% дан ±10% дейін, жиілік ±0,2 Гц тен ±0,4 Гц дейін болуы мүмкін.

  4. Электр тогы тізбекетері арасындағы, сонымен қатар корпус пен тізбек арасында өлшенген ЕАЖ-нің аппараттық құралдарын оқшаулаудың электрлік кедергісі қалыпты климаттық жағдайларда ГОСТ 21552 сәйкес 500 В кернеуд сынағында 20 МОм-нан кем болмауы керек.

  5. Токжетекші тізбектер арасындағы, сонымен қатар токжетекші тізбектер мен тұрқы арасындағы оқшаулаудың электрлік беріктілігі ГОСТ 21552 сәйкес қалыпты климаттық жағдайларда пайдаланғанда ықпал жасаған сынақ кернеулері 500 В кем емес жұмыс кернеуі 100 В дейін әлсіз токты тізбектер үшін және 1500 В кем емес электрқорегінің тізбектері үшін оқшаулауда тесік пен үстірт жабынның болмауын қамтамасыз ету керек.

  6. ЕАЖ-нің аппараттық құралдары қосу сымдарында 10 мкс артық емес уақытқа пайда болған 2 кВ дейін бөгде кернеуде электромагниттік ықпалдарға төзімді болуы керек.

  7. ЕАЖ-нің аппараттық құралдары кепіл мерзімі бойы қосымша құралдар және жабдықтармен (ҚҚЖ) қамтамасыз етілуі қажет. ЕАЖ-нің қызмет жасау мерзімі бойы ҚҚЖ комплектісі күтім келісім-шартына сәйкес толықтырылып, қажетті деңгейде қолдау табуы керек. Қажетті ҚҚЖ комплекті құрамы ЕАЖ-ні өндірістік пайдалануға берілгенге дейін анықталуы қажет.

  8. Техникалық күтімге арналған құралдарды пайдалану көрсетілген байланыс қызметтері туралы ақпаратты жинау, тарифтеу мен есептеу, төлемдерді қабылдау мен тіркеу, байланыс желісіне және (немесе) байланыс қызметіне қолжетімді басқаруды ақпаратты қолдау функцияларының уақыт параметрлеріне өзінің әсерін тигізбеуі керек.

  9. ЕАЖ-нің техникалық күтім регламенті ЕАЖ-нің техникалық және ілеспе құжаттамаларында жызылуы керек. Жұмыс регламентінің міндетті элементтері ЕАЖ-нің қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін ақпараттық ресурстарын мерзімді резервтік көшірмесін жасау болып табылады.

  10. ЕАЖ-ні пайдаланғанда жалпы жүйе мен дербес компьютерлер үшін деректер мен программалық қамтаманың тұтастығына жауап беретін нақты лауазымды адамдарды анықтап қою қажет. Оларға келесі міндеттер жүктеледі:

  1. бөгде (яғни қызмет бабында қолдануға арналмаған) программалық қамтаманың саны мен санатына бақылау жүргізу;

  2. ативирустық программаларды қолдана отырып компьютерлік вирустарға қарсы ұдайы профилактикалық жұмыстарды жүргізу.

  1. Барлық ішкі жүйелер жайылып, берілгеннен кейін пайдаланудың бастапқы кезеңдерінде оптималды өнімділікке жетуді жеңілдету үшін ЕАЖ-ні қолдау жұмыстары жүргізілуі қажет. ЕАЖ-ні пайдаланудың бірінші кезеңі үшін кепілді қолдау ұзақтығы 12 айдан кем болмау керек. Жеткізуші кепілді мерзім ішінде қателерді түзетеді немесе кепілді күтім мерзімінде арнайы программалық қамтамадағы жаңылыс проблемаларының жұмыс шешімін табады.

  2. Жеткішінің кепілдемесі келесі салдардан туындаған АЕЖ-нің ақауларына тарамайды:

  1. бейберекет немесе дұрыс емес сақтауда, күтімде және пайдалануда болғанда;

  2. жабдықтарды тағайындалуына сәйкес емес қолдану;

  3. телекоммуникациялық оператор қызметшілерінің құрастыру және пайдалануға беруде қателігі немесе жеткіліксіздігі;

  1. телекоммуникациялық оператордың құрастыру, жинақтау және жіберу немесе арнайы программалық қамтама кодына өзгертулерді енгізуге байланысты жеткізуші нұсқауларын дұрыс орындамау.
  1. Эргономикалық және техникалық эстетикаға қойылатын талаптар





  1. Пайдаланушы ЕАЖ-мен техникалық және программалық құралдармен жабдықталған өзінің автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) арқылы өзара әрекет жасайды.

  2. Техникалық құралдардың минималды жиыны түрлі-түсті монитор, функционалды пернетақта, басып шығаратын құрылғы және байланыс құралымен анықталады.

  3. Ақпараттың монитор экранындағы бейнеленуі әрбір іс-әрекет кезеңі үшін технологиялық үрдіс пен жабдықтың ағымдағы жағдайының толық сипатын, мұрағатты деректерін нақты жағдайда қабылдауға ыңғайлы түрінде алуды қамтамасыз ету қажет.

  4. Экрандағы суреттер үзінділеріндегі ақпарат тым қаныққан, не түстер гаммасы әртүрлі болмау керек.

  5. Ескерту және апат алды сигналдары жылпылықтау мен монитор экранындағы айнымалылардың сандық мәндерінің түсі өзгеруімен, сонымен қатар дыбыс сигналдарымен сүймелденуі қажет.

  6. Функционалды пернетақта мемлекеттік тілде жазылған пернетақталардың элементін бір рет түрту арқылы ақпарат фрагменттерін таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.

  7. Қызметшінің жұмыс орнын жарықтандыру деңгейі еңбектің шарты мен сипатына сәйкес болуы керек. Жарық пен шағылысу әрекетінің көрсетпеу әсерінен қорғау қарастырылу қажет.

  8. ЕАЖ-нің техникалық құралдарын жинақтау олардың арасындағы құрылымдық байланыстар жағынан да, оларды пайдалану мен күту ыңғайлылығы жағынан да тиімді болуы қажет.

  9. Бағдарламалық құралдар үшін пайдаланушыға ЕАЖ-нің ақпараттық және функционалдық кеңістігінде оңай, әрі еркін жұмыс жасауға мүмкіндік беретін ыңғайлы және интуитвті түсінікті интерфейс болуы керек.

  10. АЖО-н ұйымдастыру және техникалық құралдарын өзара орналастыру ГОСТ 25-1217 сәйкес эргономикалық талаптарын қанағаттандыруы керек.
  1. Ақпараттық қауіпсіздік пен ақпаратты қорғауға қойылатын талаптар


 

  1. ЕАЖ-нің ақпараттық қауіпсіздігі телекоммуникациялық оператордың ақпараттық қауіпсіздіктің жалпы саясаты мен ЕАЖ-не қолжетімды шектеудің әкімшілік әдістеріне сәйкес ақпаратты қорғаудың ұйымдастырушылық, аппараттық-программалық құралдарын қолдануы арқылы қамтамасыз етіледі.

  2. Ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру үшін тікелей ақпараттың өзін де және оның мазмұнын да қорғау орнату қажет.

  3. Ақпаратты қорғау бөгде тұлғалардың ЕАЖ-не, магнитті тасушыларға, қатты көшірмелерді беру құрылғыларына, кабельді жүйелерге санкциясыз қолжетімды болдырмайтын, сонымен қатар функциялар мен деректерді пайдаланудың белгілі бір құқықтары анықталған статустық қолжетімды ұйымдастыратын телекоммуникациялық оператормен қамтамасыз етіледі.

  4. Әрбір пайдаланушының ақпаратты енгізу және жаңарту бойынша құқықтары жекеленген болуы керек.

  5. Әрбір пайдаланушының жүйеге қолжетімін ұйымдастыру үшін жеке идентификациялық қолжетім коды және пайдаланушыны идентификациялау мен аутентификациялау процедураларының орындалуы, сонымен қатар келесі функциялар жүзеге асуы қажет:

  1. ЕАЖ-нің ресурстарына (ақпараттық, аппараттық, программалық) бөгде тұлғалардың (тіркелмеген пайдаланушылар) қолжетімін шектеу;

  2. тіркелген пайдаланушылардың ЕАЖ-нің ресурстарына қолжетімінің дербестелінген құқықтарын анықтау;

  3. тіркелген пайдаланушылардың ақпаратты енгізу, түзету және қараудадың дербестелінген құқықтарын;

  4. тіркелген пайдаланушылардың функционалдық міндеттеріне сәйкес әртүрлі АЖО-мен жұмыс істеу құқықтарын бөлу;

  5. тіркелген пайдаланушылардың ақпаратқа және АЖО-мен жұмыс жасауға қолжетім құқықтарын өзгерту;

  6. тіркелген пайдаланушыларды жою (яғни белсенділігін өшіру);

  7. тіркелген пайдаланушыға берілетін ақпаратты және АОЖ-мен жұмыс жасау құқығын сүзу;

  8. жалған пайдаланушының деректермен желілік алмасу кезінде жалған деректерді таңу мақсатында кіріп кетуін болдырмау;

  1. Ақпаратты қорғау бойынша ұйымдастыру шараларының негізігілері:

  1. лицензиялық программалық құралдар мен сертификатталынған техникалық құралдарды қолдану;

  2. пайдалану алдында ЕАЖ мен оның бөліктерінің дайындығын жан-жақты арнайы тексеру;

  3. белгіленген тәртіппен бекітілген пайдалану құжаттамаларын қолдану;

  4. әкімшілеу (қорғалатын ресурстарға қолжетім құқықтарын анықтау, тіркеу журналындарындағы ақпаратты өңдеу, қорғау жүйесін орнату және алу);

  5. аппараттық және программалық құралдардың сақталымдығы мен жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

  6. автоматтандыру құралдарының кешендерін пайдалану құқығы туралы сертификатты растап, жұмыскерді дайындау;

  7. қорғау жүйесінің бүтіндігі мен жұмыс қабілеттілігін бақылау;

  8. ЕАЖ-ні және оның фрагменттерін пайдалану ережелерін бұзу бойынша жауапкершілікті орнату;

  9. келесі субъектілер мен үрдістер тіркелуі қаралған тіркеу журналдарын жүргізу:

    • ЕАЖ-ні пайдалану мен техникалық күтімге жауап беретін қызметшілер;

    • құжаттарды беру;

    • қорғалатын ақпаратты өңдеу үрдісін жіберу мен аяқтау;

    • программалық құралдардың қорғалған ақпараттық ресурстарға қолжетімі;

    • барлық параметрлері, күні, уақытымен (секундқа дейінгі дәлдікпен) жіберген команданы және байланыс жабдықтарына команда жіберуді бастаушысының идентификаторын көрсетіп байланыс құралдарына жіберуші команданы

  1. Қорғанудың негізгі программалық шаралары санкциясыз қолжетімнен сақтайтын құралдарды, әртүрлі деңгейдегі қолжетім артықшылығын орнату мүмкіндігін және деректер базасымен орындалатын барлық амалдарды бақылауға мүмкіндік беретін сенімді жүйелік программаларын қолдану болып табылады.

  2. Ақпаратты қорғаудың барлық, соның ішінде криптографиялық, құралдары сәйкес мемлекеттік сертификаттарға ие болуы керек және ақпаратты санкциясыз қолжетімнен қорғау бойынша ұйымдастыру шешімдер кешенінде қолданылуы қажет.
  1. Апатта ақпараттың сақталымдығына қойылатын талаптар





  1. Апат кезінде деректерді жойылудан сақтау үшін жүйе әкімшісі ақпараттық ресурстардың, операциялық жүйе мен деректер базасының қалыпты жұмысын қаматамасыз ететін ақпараты бар дисктік аумақтарын резервті көшірмелерін жасау үрдістерін үнемі жасап отыруы міндетті.

  2. Бұл үшін аппараттық және программалық құралдар апат кезінде ақпараттың жойылуын болдырмайтындай, ал олай болған жағдайда оны тез арада жедел қалпына келетіндей етіп жасалынуы қажет:

  1. жүйенің негізгі элементтері, бірінші кезекте дискілік жинақтауыштары, қосақталуы керек;

  2. ЕАЖ құрамына кіретін маңызды деген барлық деректер базаларын сақтау мен қайта қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылуы керек;

  3. деректер базасының резервті көшірулері әкімшімен жүзеге асырылады.

  1. Пайдалану үрдісінде жүйе жаңылуының барлық жағдайлары (программалық қамтаманың, техникалық құралдардың, арналарды телекоммуникациялау жүйелерінің) және бұларды жою үшін қызметшілер қабылдаған шаралары белгілі бір журналда қол қою арқылы хаттамалануы және сонан соң жүйені баптау қызметінде сарапталынуы қажет.

  2. ЕАЖ-нің резервтік көшіру программалық-аппараттық кешен ретінде келесі қасиеттері болуы керек:

  1. резервтік көшірудің әртүрлі режімін қамтамасыз ету;

  2. берілген сценарийлер бойынша апаттан кейін желінің серверін жылдам қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

  3. басқару мен мониторинг құралдарының дамыған түрлерін иелену.

  1. Резервтік көшіру бойынша жұмыс жүргізу регламенті:

    1. деректер базасының толық көшірмесін жасау – кем дегенде аптасына бір рет;

    2. деректер базасының дифференциалды (кумулятивті) резервті көшірмесін кем дегенде тәулігіне бір рет (сервер минималды белсенді уақытта) жасау;

    3. деректер базасының алдыңғы пункт нұсқауы ретінде инкременталды резервті көшірмесін кем дегенде тәулігіне бір рет (сервер минималды белсенді уақытта) жасау.

  2. Электрқорегіндегі жаңылысу кезінде ақпараттың сақталымдығын қамтамасыз ету үшін ЕАЖ-нің аппараттық құралдары электр тогына үздіксіз қамту көздері арқылы белсенді жұмыс стансалары (серверлер) ток көзінсіз 15 минут (30 минут) жұмыс істейтіндей жалғануы қажет, бұл жұмысты дұрыс аяқтауға және ақпаратты сақтау үрдісін орындауға жеткілікті.
  1. Диагностикаға қойылатын талаптар


 

      1. ЕАЖ-нің диагностикасы жеткізуші ұсынатын программалық және аппараттық құралдар арқылы жүргізілуі қажет. Бұл құралдар ЕАЖ-нің аппараттық және программалық қамтамалардың жұмыс істеуін тексеретін, диагностиканы және ақауларды жергіліктендіру тесттерін қамту керек.

      2. ЕАЖ-нің программалық және аппараттық қамтамасының диагностикасы онда сақталынатын ақпарат тұтастығы мен дұрыстығын бұзбау қажет.

      3. ЕАЖ-нің программалық және аппараттық қамтамасының диагностикасы ЕАЖ қызметінде ақаулардың себебі мен түрін және орнын жергіліктендіруге мүмкіндік беретін тексеру және диагностикалық хабарламалар нәтижелерін шығаруды қамтамасыз ету керек.
  1. Сырттан әсер ететін факторлардың орнықтылығына қойылатын талаптар





  1. ЕАЖ-нің аппараттық құралдары ГОСТ 27201 және төменгі климаттық жағдайларға сәйкес сенімділігі мен нақтылығы бойынша берілген талаптарда жүйенің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін сериялы шығаратын жабдықтарға негізделуі қажет:

  1. ЕАЖ-ні пайдалану шарттарының қалыпты климаттық жағдайлары (тұрақты режим):

    • қоршаған ортаның температурасы  20 º С ± 5 º С ;

    • салыстырмалы ылғалдылық 60% ± 15 %;

    • атмосфералық қысым 630 мм. сн. бғ - 800 мм. сн. бғ.

  2. қоршаған ортадағы шекті рұқсат етілген шамасы:               

    • ауа температурасы 5º С тен 40 º С дейін;

    • салыстырмалы ауа ылғалдығы 25 º С дейін;

    • атмосфералық қысым 630 мм.сн.бғ - 800 мм.сн.бғ.

ЕСКЕРТПЕ Шекті рұқсат шамаларында әсер етудің минималды және максималды уақыты 48 сағаттан аспауы қажет, ал осындай жағдайларда жалпы жүйенің жұмыс ұзақтығы жүйенің қызмет ету мерзімінен 1%-тен артық болмауы керек.
  1. Патенттік тазалыққа қойылатын талаптар





      1. ЕАЖ сертификaтталынған техникалық құралдарында лицензиялық программалық құралдар ортасында жұмыс жасауы керек.

      2. ЕАЖ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында бекітілген тәртіпке сәйкес тіркелуі және сертификатталынуы қажет.
  1. Бақылау мен қабылдау тәртібі





  1. ЕАЖ-ні бақылау мен қабылдау тәртібі верификация, аттестация, бағалау, кезеңдер бойынша жұмысты қабылдау мен мәселелерді шешуден тұратын сынақ үрдістерін ұйымдастырудан тұрады. Сынақ нәтижелері бойынша Хаттамалар мен Актілер дайындалуы қажет.

  2. ЕАЖ сынағы ҚР СТ 1089 талаптарына сәйкес жеткізуші жасаған сынақ бағдарламасы мен әдістемесі бойынша жүргізілуі қажет.

  3. Сынақ программасы мен әдістемесінде ЕАЖ-нде жүзеге асырылған барлық функциялары үшін нақты кірістік және шығыстық деректер сипатталған тестілер (бақылау мысалдары) келтірілуі қажет.

  4. Верификация үрдісі құрылған ЕАЖ толығымен техникалық тапсырма талаптарын немесе шарттарын қанағаттандыратындығына негізделеді. Тиімділікті арттыру үшін верификация ЕАЖ-ні құру мен пайдалану үрдістерімен неғұрлым ерте бірігуі қажет.

  5. Верификация ЕАЖ-ні талдауды, бағалауды, тестілеуді қамтуы және тәуелсіздіктің әртүрлі дәрежесінде жүргізілуі мүмкін. Дәреже верификацияны құрушының өзі жасағаннан бастап, құрушы мен тапсырушыдан тәуелсіз ұйым жасағанға дейін түрленуі мүмкін

  6. Верификациялар үрдісі кезінде келесі шарттар тексерілуі керек:

  1. ЕАЖ-не қойылатын талаптар мен пайдаланушы қажеттіліктерін есепке алудың қарама қайшылықсыз болуы;

  2. жеткізушінің берілген талаптарды орындау мүмкіндігі;

  3. жобалық сипаттамаларда кіріс және шығыс деректерінің, оқиғалар тізбектілігінің, логикасының, интерфейсттердің және т.б. дұрыстығы;

  4. программалық кодтың жобалық сипаттамалар мен талаптарға сәйкестігі;

  5. программалық кодтың тестіленуі мен дұрыстығы және оның қабылданған кодтау стандартына сәйкестігі;

  6. ЕАЖ компоненттерінің бір жүйеге бірігу дұрыстығы;

  7. құжаттың адекваттылығы, толықтығы мен қарама қайшылықсыздығы.

  1. Аттестация үрдісі белгіленген талаптар мен құрылған ЕАЖ-нің сәйкестілігін қарастыру қажет. Аттестация ЕАЖ-нің сипаттамаларға, техникалық тапсырмада көрсетілген талаптар мен құжаттарға сәйкестігіне, сонымен қатар оны пайдаланушыға қауіпсіз және сенімділігіне кепіл беруі керек. Аттестацияны барлық мүмкін болатын жағдайларда тестілеу және тәуелсіз мамандарды қолдану қажет.

  2. Бағалау үрдісі жұмыс жағдайын анықтау үшін тағайындалады. Егер жұмыстың орындалуы кезінде жағымсыз мәннің шығу шарасыздығы және/немесе жұмысты орындаудың қажетсіздігі анықталса, онда жеткізушіге телекоммуникациялық оператор жазбаша түрде хабарлама береді. Бұл хабарламаны алған жеткізуші жұмыстың орындалуын тоқтатуға міндетті. Мұндай жағдайда екі жақ жұмысты жалғастырудың қажеттілігін 10 күн шамасында шешуі тиіс.

  3. Мәселені шешу үрдісі құру, пайдалану, қолдау және т.б. үрдістер кезінде анықталған мәселенің шығу көзі мен себебінен тәуелсіз сараптама, мәселені шешу жұмыстарын қарастыру қажет. Әрбір анықталған мәселе идентификациялануы, сипатталуы, сарапталуы және шешілуі тиіс.

  4. ЕАЖ-ні бағалау және қабылдау телекоммуникациялық операторлардың бұйрығымен бекітілген Комиссия арқылы жүзеге асады. Комиссия шығарған шешімінің нәтижесінде орындалған жұмыс бойынша акт толтырылады. Орындалған жұмыстар бойынша актіні алған күннен бастап 7 күннің ішінде телекоммуникациялық оператор атқарылған жұмыстар бойынша актілерді жеткізушіге бағыттау немесе орындалған жұмыстарды қабылдаудан бас тартуы керек. Негізделген бас тарту жағдайында екіжақты қажетті түзетулер тізімі бар Акт құрылады, қайтадан қарастыру күнін белгілейді.

  5. Барлық хаттамалар мен актілер екіжақты, жеткізуші мен телекоммуникациялық оператордың арасында мақұлдануы қажет.
  1. Жинақтылығына қойылатын талаптар





  1. ЕАЖ-нің аппараттық және программалық жинақтылығы ЕАЖ-ні құрудың техникалық тапсырмасы мен телекоммуникациялық оператордың техникалық шарттары негізінде жасалынуы қажет.

  2. ЕАЖ осы стандарттың талаптарына сәйкес құжаттамамен жинақталуы керек.
  1. Құжаттауға қойылатын талаптар





  1. ЕАЖ-не құжаттамада міндетті түрде ЕАЖ-нің статусы осы стандарттың 3.2 п. талаптарына сәйкес көрсетілген болуы керек.

  2. Құжаттама ҚР СТ 1087, ҚР СТ 1089, ҚР СТ 1090, ҚР СТ 1091 мемлекеттік стандарттардың талабына сәйкес жасалуы тиіс.

  3. ЕАЖ-нің құжаттамасына келесі элементтер жатады:

  1. сөздік;

  2. жұмыстың логикалық сұлбасы;

  3. деректер базасының құрылымы мен деректердің сұлбасы;

  4. ақпаратты қорғау схемасы;

  5. аппараттық қамтамаға қойылатын талаптар сипаттамасы;

  6. программалық қамтамаға қойылатын талаптар сипаттамасы.

  1. Құжаттамының құрамына келесідей құжаттар кіруі керек:

  1. ЕАЖ-н орнату, баптау мен күтім нұсқаулары;

  2. ЕАЖ-нің сынақ бағдарламасы мен әдістемесі;

  3. ЕАЖ-нің әкімшісіне арналған нұсқаулар;

  4. ЕАЖ-нің пайдаланушысына арналған нұсқаулар.

  1. Құжаттама қағаз бен электронды сақтаушыда қазақ және орыс тілінде ұсынылған болуы тиіс.
  1. Таңбалауға және буып түюге қойылатын талаптар





      1. ЕАЖ құрамына кіретін техникалық құралдар кешенін, программалық қамтама тасушысын, қосалқы құралдар мен аспаптар, құрылымдық бөліктер жинақтамасы мен құжаттамаларды таңбалау ГОСТ 21552, ГОСТ 12969, ГОСТ 12971 сәйкес жасалынуы және жасаушының ТШ-ына сәйкес болуы керек.

      2. Жүйенің құрама бөлігін таңбалау ТШ мен осы бөліктердің конструкторлық құжаттама талаптарына сәйкес болуы керек.

      3. Транспорттық таңбалау ГОСТ 14192, конструкторлық құжаттама талаптарына сәйкес болуы және негізгі, қосымша, ақпараттық және түрлендіру белгілерін қамту керек.

      4. Негізгі, қосымша және ақпараттық жазулар ГОСТ 14192 стандарттың 1 бөлімдегі талаптарына сәйкес орындалады.

      5. ЕАЖ-нің құрама бөліктерінің қаптамасы 1-4; 7; 8; 11; 16-19 түрлендіру белгілерін қамтуы керек.

      6. Техникалық және программалық құралдар, жүйе құжаттамасының қаптамасы конструкторлық құжаттама ГОСТ 21552 талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.

      7. ЕАЖ-нің ақпаратты электрондық тасушысындағы программалық қамтамасының жеткізілімі стандартты қаптамада жүзеге асырылуы тиіс.
  1. Тасымалдауға және сақтауға қойылатын талаптар





      1. ЕАЖ-нің аппараттық құралдарын, ақпарат тасушыларын және программалық қамтамаларын тасу мен сақтау ГОСТ 21552 талаптарына сәйкес автомобиль, темір жол және авиация транспортымен кез келген қашықтықта жүргізіледі.

      2. Телекоммуникациялық операторлардың келісімімен жүйенің аппараттық құралдарын тұтынушы тарасында тасымалдауға рұқсат етіледі.

      3. ЕАЖ құрамына кіретін бұйымдар жылытылатын бөлмелерде ауаның температурасы 5º С тан 35º С дейін, салыстырмалы ылғалдығы 85 %-тен кем емес болғанда сақталуы керек.

      4. ЕАЖ бұйымдары сақталынатын бөлмелер мен көлік құралдарында қышқылдар мен сілтілер және басқа да химиялық белсенді заттардың булары болмауы керек. Қапталмаған бұйымдар ЕАЖ-ні пайдалану үшін белгіленген шарттарда сақталуы керек.

      5. Осы бөлім талаптарын орындағанда ЕАЖ бұйымдарын сақтау мерзімі (қайта консервацияны өткізбей) 9 айды құрайды.

Библиография


Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11-қаңтардағы № 214 "Ақпараттандыру туралы" заңы.

2 Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5-шілдедегі № 567-II "Байланыс туралы" заңы.

3 Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9-қарашадағы 603-II "Бұқаралық ақпат құралдары туралы" заңы.

4 Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9-қарашадағы 603-II "Техникалық реттеу туралы" заңы.



5 Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11-шілдедегі № 151-1 "Қазақстан Республикасының тілдері туралы" заңы.

УДК 001.4:621.397.13:006.354 МКС 01,040,33
Кілттік сөздер: абонент, абоненттік база, абоненттік терминал, есептеудің автоматтандырылған жүйесі, автоматтандырылған жұмыс орны, аппараттық жабдықтама, базалық программалық жабдықтама, базалық станция, биллинг, биллингтік жүйе, идентификациалық код, интерфейс, жазба, биллинг жүйесін пайдаланушы, телекоммуникациялық желі, деректер базасын басқару жүйесі, тариф, тарифтік жоспар, телекоммуникациялық оператор, трафик, байланыс қызметі, есепке алу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет