Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


Га ллиядағы Каталун даласындағы ұрыс



Pdf көрінісі
бет15/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr
vse formuly mat sauat 3, Досмагамбетова Аружан Бауыржановна 21.06.09, Документ (47), Биология 8сынып Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы ЗЖ презентация, Tonkoe iskusstvo pofigizma pdf, кери титрлеу
Га
ллиядағы Каталун даласындағы ұрыс.
 
451 ж. басында 
Атилла өз жорығын бастады. Еуропадағы үстемдік үшін күресе 
отырып, ол Галлиядағы Вестгот,Бургунт және Франк корольдік-
терінің бай жерлеріне де ие болуға ынтықты.Ғұндармен бірге 
олардың қол астындағы және олармен одақтас герман тайпала-
ры
: остготтар, герпидтер, скирлер, тюрингтер
және аландар жүрді. 


25 
Атилла әскері Рейннен өтіп Трирге қарай бағыт алды, ары 
қарай – екі қатармен – Галлияның солтүстік – шығысына бет 
алды. Төніп келген қауіп римдіктер мен олардың германдық 
одақтастарын тез арада біріктірді. Батыс рим империясы мен 
оының Галлиядағы және Германияның бір бөлігіндегі одақтас-
тарының біріккен әскерін ғұндарды жақсы білетін рим қолбса-
шысы 
Флавий Аэций
басқарған. 
451
 ж.сәуірде
Галлия қалалары: Мец, Шпейер, Реймс өрт 
арасында қалды. Париж тұрғындарын қорқыныш биледі. Бірақ 
ғұндар Парижге жетпеді. Сол жақтан олар Орлеанға шабуыл-
дады. Орлеан Луара өзеніндегі тас көпірлермен және биік қамал 
мұнараларымен жақсы қорғалған еді. Осы қаһарлы жаудың 
тегеурінене Орлеан қалай төтеп берді екен? Бұл сұрауға байла-
нысты деректер жөнді мәліметтер бермейді. Хронист Григорий 
Турский былай деп жазады: « Мец қаласынан кеткен соң, ғұн-
дардың көсемі Аттила басқа да көптеген галл қалаларын қират-
ты. Ол Орлеанды да қоршауға алып, қуатты тарандардың көме-
гімен оны да басып алмақшы болды. Ол кезде бұл қалада қа-
сиетті Анниан епископ боп тұрған еді, ол өте бір ақылды әрі әу-
лие адам еді, оның жасаған ғажайып іс-әрекеттері жөнінде біз 
жақсы білеміз. Қоршауда қалған халық өз епископынан енді не 
істейміз деп сұрағанда, ол жұрттың бәрі жерге жығылып, көз 
жасын төгіп жалбарынып, құдайдан көмек сұрауы тиіс, шын 
ниетпен жалбарынсақ құдай әрдайым көмекке келеді деп түсін-
дірді. Халық өз епископының айтқанын орындап, көз жастарын 
көл ғып төгіп, құдайға жалбарынды. Сыйынып болып, олар 
епископтың кеңесімен қамалдан үшінші рет қараған кезде, жер-
ден бір шөкім бұлттың көтерілгенін байқады. Олар епископқа 
бұл жөнінде айтқанда,ол « Бұл құдайдың көмегі» деп жауап бер-
ді. Бұл уақытта қамал тарандардың соққысымен құлаудың аз-ақ 
алдында тұрған еді. Алайда осы кезде қалаға өз әскерлерімен 
Аэций мен гот королі Теодор келіп жетті...»
Аттилаға Орлеанды алу қиынға соқты. Қаланы тез арада 
басып алу мүмкіндігіне күмәнданған Атилла қаланы алу әреке-
тін өзі тоқтатқан болар.
Аттила соғысуға жақсы жер іздейді. 20 маусымда Труа қа-
ласының маңында (Шампань) «
Каталун даласында
» үлкен 


26 
ұрыс болды....Екі жақ Каталун даласында кездесті. Бұл туралы 
Иордан былай деп жазды: «Бұл бір ең істі жер еді, ол күп болып 
ісініп, қыратқа айналып кеткендей еді. Екі жақ та сол қыратқа ие 
болуға асықты, өйткені жердің қолайлылығы соғысуға көп кө-
мегін тигізетін еді, сонымен бұл жердің оң жақ бетінде бүкіл 
өзінің одақтастарымен ғұндар,ал сол жақ бетінде – қосалқы от-
рядтарымен бірге римдіктер мен вестготтар тұрды. Рим жағында 
вестготтар, бургундар, франктер соғысты. 
Бұл шайқаста екі жағы алма кезек жеңіске жетіп отырды. 
Атилла шайқасқа өзі басшылық жасады. Бір сәт барлығы ара-
ласып кетті. Жан- жақтан аттанған ұрандар естіліп, қылыштар 
жарқ - жұрқ етті.[10,30-33бб.] Осы ұрыстан кейін батыс Рим им-
периясының ыдырауы күшейе түсті.
Бұл ұрыстың нәтижесі туралы екі түрлі пікір бар. Дерек-
терге сүйенсек, екі жағы тең түскен. Осы ұрыс барысында Рим 
жағында соғысқан вестгот патшасы Теодорид өлтіріледі. 452 ж. 
ғұн ханы 
Аттила (Еділ
) Италияға жорық жасайды, алайда бай 
сыйлықтар 
алғаннан кейін, кері қайтып, 453
жылы қайтыс болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет