Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет55/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Соңғы крест жорықтары
.
Жалпы крест жорықтары сегіз 
рет жасалды. Соның соңғы төртеуі әлсіз болып, жалпы 


85 
Еуропалық мағынада болған жоқ. 
Бесінші жорық
1217-1221 
жж. 
қамтыды. Жорық Палестина, Египет жерінде жүргізілді. 
Алтыншы жорықты 1228-1229жж
. ІІФридрих Штауфен ұйым-
дастырды. Ол саясат арқылы Иерусалимді қайтарып алғаны-
мен, 
1244
ж.түріктер қайтадан тартып алып, еуропалықтар 
Иерусалимнен түпкілікті айрылды.
Жетінші жорықты
1248-1254
жж. француз королі ІХ 
Людовик ұйымдастырды. Кресшілер Дамиет қаласын алып, 
Каир қаласын алмақшы болды. Алайда, Әмір Бейбарыс бас-
қарған мәмлүктер қаланы аман алып қалып, ІХ Людовикті және 
басқа да кресшілерді тұтқынға түсіреді. Кресшілер мол ақша тө-
легеннен кейін ғана 1250 жылы босатылады. ІХ Людовик тек 
1254 жылы Акрадан Францияға қайтады. 
ІХ Людовик 
1269-1270
жж. тағы да 
сегізінші крест
жо-
рығын ұйымдастырды. Бұл жорық Африкадағы Тунис қаласын 
қоршаумен басталады, бірақ қоршау кезінде француздар әскері-
нің арасында жұқпалы ауру таралып, король қайтыс болады. Бұл 
Еуропаның жасаған соңғы крест жорығы еді. Кресшілердің қол 
астында болған жерлер біртіндеп түріктердің қол астына өте 
бастады. 
1268
ж. Антиохия, 
1289ж.
Триполи, 
1291
ж. Акра. 
Крест жорықтары деп сонымен қатар Еуропаның өзінде 
пұтқа табынушыларға және күпірлерге қарсы жасалған жорық-
тарды да айтады. Ал, 1444 ж.еуропалықтар түріктерге қарсы 
жаңа крест жорығын ұйымдастырды. Варна түбінде кресшілер 
тас талқан болып жеңілді. 
Соныменен крест жорықтары әскери жорық ретінде сәтсіз 
аяқталды. Крест жорықтарының нәтижесінде, еуропалықтар 
шығыс өндірісі және ауылшаруашылығы техникасын үйренді. 
Мата, металл өндіруді, бояу, парфюмерияны, дәрі-дәрмек жа-
сауды, күріш, қарақұмық, шапыран өсіруді үйренді. Өздерінің 
денелерін күтуді, тамақ алдында және болған соң қол жууды үй-
ренді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет