Р. Т. Хайруллина М34 Мәшһүр-Жүсіп мұрасы : әдістемелік-библиографиялық құрал / құраст. Р. Т. Хайруллина. Павлодар : Кереку, 2010. 79 б



бет5/5
Дата11.01.2017
өлшемі1,05 Mb.
#7345
1   2   3   4   5

B) Достық

С) Ғылымға үндеу

Д) Денсаулық

Е) Шүкіршілік жасап, әр нәрсеге қанағат қылу
62 Мәшһүр-Жүсіп Көпеев қай батыр туралы айтқан: Уақ-Сары-Баян қап бір сап, бір өзімен бір туысқан Ноянды он бестегі уыздай күнінде: - Менің ғашық болған қызымды неге алып қаштың?-деп, атып өлтіріп тастапты.

А) Жасыбай батыр

B) Баян батыр

С) Ер Науан

Д) Ер Наурызбай

Е) Ағыбай батыр
63 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің қай мақаласынан алынған жолдар: Дене – бір қараңғы үй, жан – ол үйді жарық қылып тұрған шырағдан сықылды. Біреудің жаны сығырайып зорға жанып тұрған шырағдан сықылды. Кейбіреудікі май шам сықылды, кейбіреудікі тас шам сықылды. Кейбіреудікі – керосин майының жарығы сықылды. Кейбіреудікі – онан да жарық: машинамен жағылатын электрі бар жарық сықылды.

А) Жұлдыздар туралы

В) Өнер дүниесі туралы

С) Үш нәрсе

Д) Ғылым-білім

Е) Тобықты шежіресі

64 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің сараңдық пен тойымсыздықты әшкерелеген туындысы

А) Адамдар тілін байлауға болмайтыны

В) Өнер дүниесі туралы

С) Сараңдықтың зияны туралы

Д) Айырбастың қалай құнсызданғаны туралы

Е) Қазақ мақалдары
65 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің қай өлеңінен алынған үзінді:

Ит дүние, неге сонша шолақ болдың,

Қонуға жақсыларға олақ болдың.

Көзіңе көрінгенді жалаңаштап,

Бәрін де жан біткеннің тонап болдың.

А) Иса Шорманұлы

B) Нәпсіңді атқа мінгізбе

С) Жаздың сөзі

Д) Кедейліктің арқаны

Е) Ит дүние
66 «Мәшһүр-Жүсіп жазбаларындағы ислам мәдениеті» оқу-әдістемелік құралының авторлары кім?

А) А.Қ.Тұрышев, М.Б.Аманжолова

B) Х.Жанарыс, Қ.Қ.Талқанбаева

С) Р.Т. Хайруллина, О.Л.Рамазанова

Д) Д.М.Тасымова, А.Р.Қаражігітова

Е) Н.Ш.Атымтаева, М.Е.Дарханқызы
67 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің қай дастанынан алынған үзінді:

Хан Кенеге берген бақ –

Қоқаннан ауған көп Дулат

Қара ағаштай ел келген.

Мәмбет ұғлы Байзақ,

Балқожа, Медет- ол келген:

«Жауың қайда, мен жолдас»,-

Хан Кенеге жел берген.

А) Сәйгелді, сона, бөгелек

В) Мұсылманның сипаты

С) Гүлшат-Шеризат

Д) Кенесары -Наурызбай

Е) Ораза туралы

68 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ақылға билету, жақсылық, ізгілік сияқты құлықтарға тәрбиелейтін еңбегінің аты

А) Адамдар тілін байлауға болмайтыны

В) Өнер дүниесі туралы

С) Сараңдықтың зияны туралы

Д) Құлық туралы

Е) Қазақ мақалдары
69 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің географиялық жағдайларды арқау еткен еңбегі

А) Қазақ тарихы және географиясы деректері

B) Қыз тәрбиесі туралы

С) Қазақ мақал-мәтелдері туралы

Д) Ғылым-білім (екінші әңгіме)

Е) Жыл мезгілдері туралы
70 Мәшһүр -Жүсіп Көпеевтің қай еңбегінен алынған: ...Сонда ризық екі түрлі. Бірі – заһарда адамның тіршілігіне күш-қуат беретұғын: асамақ, ішпек, ұқсамақ. Бұларға зәрүрі болған керек-жарақ нәрселер. Бірі – бүтін де, көңілінің де өз алдына ризығы бар. Жанның да өз алдына ризығы бар.

А) «Абылай аспаған сары бел» - аталған мәнісі

B) Нәпсі, рух туралы

С) Қазақ мақал-мәтелдері туралы

Д) Ризық туралы

Е) Абылайдың қырғыз, өзбекке жорығы
71 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің қай өлеңінен алынған үзінді:

Мөлтілдеп домаланған көзден, бұлақ,

Сөнерсің майсыз жанған екі шырақ.

Тықырын құрт-құмырсқа естіп шыдап,

Жатарсың, амал бар ма, екі құлақ!

А) Иса Шорманұлы

B) Мәшһүр Жүсіптің он екі мүшесіне амандасқаны

С) Жаздың сөзі

Д) Жылым – қой, тауық жылы мен үш жаста

Е) Шежіре өлең
72 Ынтымақ пен бірлікке үндейтін Мәшһүр-Жүсіптің қай өлеңінен алынған үзінді:

Пайданың ортасында өзі жатар,

Залалға мейлінше арзан бізді сатар.

Ынтымақ қылыңыздар, бас қосумен,

Мейлің қазақ, мейлің бол сарт пен татар.

А) Хал-ахуал

B) Сәлем хат

С) Үшінші ират (рет) сөз

Д) Қазақтың қылып жүрген жұмысы

Е) Қара өлең
73 Мәшһүр-Жүсіптің жылдың қай мезгіліне арнаған өлеңі:

Сәуірдің әрбір күні – дертке дәрмен,

Құдайым зарман етіп, етер пәрмен.

Бір малы шаруаның екеу болып,

Қыстаудан ел көшіп алуан-алуан.

А) Жаздың сөзі

B) Қыс

С) Жазғытұры

Д) Сәуір

Е) Көктем
74 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің «Төрт асыл туралы» еңбегінде арқау ететін төрт асылы не?

А) Жаратқан Алланы білу, ығтиқад қылу диліменен әрекеттену, Құдайға құлшылық, пайғамбар сүннетін орынға келтіру

В) Имандылық парыздарын түсіндіру, болашаққа бағыт-бағдар ұсыну, көп оқуға жөн сілтеу, үлкенді құрметтеуге үйрету

С) Жақсылыққа үндеу, адалдыққа жетелеу, дінге мойынсұнуға шақыру

Д) Сыпайылыққа, шыдамдылыққа, әділдікке, достыққа үндеу

Е) Пайдалы іске жақын болу, жаманнан жиренту, көпшіл болуға, туысқа жақын болуға тәрбиелеу


75 Мәшһүр-Жүсіп мына өлеңін кімнің атынан шығарған :

Өкінішім жоқ олардың қалғанына, өздерің әбден жеткен арманына.

Менің деп айтты ақиреттік дұғаммен тілеулес емеспін жалғанына.

Іздеп барған жұмыстан құр қалмастай менің дұғам оларға ақ алмастай,

Ішек-қарынын аршыдым тап-таза ғып қайтып келіп дүниеге былғанбастай.

А) Мұхамеджан

В) Әли

С) Ыбырай



Д) Ыдырыс

Е) Сүлеймен


76 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің «Тілек дұға, тілек бата» еңбегінің басты тақырыбы

А) Адамдарды ынсапқа үндеу

В) Адамгершілікке уағыздау

С) Табиғатты сүюге тәрбиелеу

Д) Теріс қасиеттерден аулақ болуға шақыру

Е) Аллаға құлшылық, ризашылық білдіру


77 Мына келтірілетін жолдар Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің қай еңбегінен алынған: «Тудың, өлдің. Өлдің, жоғалдың. Туудан құтылмаған өлімнен құтылмайды. Оны білсең, өлмес бұрын өлмекке басыңды байлап отыр, дүниенің жабдығынан еш біріне араласпай, күні бұрын қаш та отыр»

А) Бұл Мәшһүрдің бір адасқаны

В) Хазірет Әли кәрәмуллаһ уажһнің ғибаратлы әңгімесі

С) Дін ғылымын оқу мәні

Д) Хикаяттары

Е) Сүлеймен пайғамбардың бала күніндегі бір шеруі



78 «Мәшһүр-Жүсіптің Омар туралы дастанынан үзінді» шығармасының басты кейіпкері кім

А) Хазрет Осман

В) Омар

С) Мұстафа



Д) Әбу Бәкір

Е) Зәкәрия


78 Төменде келтірілетін жолдар Мәшһүр-Жүсіптің қай дастанынан алынған:

Бір диуана бар екен оған ғашық, маңына келе алмай жүрген жанып,

Жолданды оң боп шатты күш туған екен, екі бетін көз жасы жуған екен.

Диуананың ғашығын біліп патша, бұл шаһарға жолатпай қуған екен.

Ықтиярсыз диуана кеткен екен, бұл ортада біраз жыл өткен екен.

А) Гүлшат-Шеризат

В) Адам ата мен шайтан

С) Түн қараңғы

Д) Жалған туралы

Е) Әдһам диуана мен Ибраһим


79 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің өміріне қатысты мына келтірілетін жолдар қай шығармадан алынған: Әкеміз 1910 жылдары Үшата Қозған Жаманауыл тауының баурайы Тінейдің Ысқақ деген кісінің қызы Зейнеппен шаңырақ көтеріп, үй болады.

А) Бұл Мәшһүрдің бір адасқаны

В) Жұт

С) Сапар өлеңдері



Д) Өмірбаяндық дерек

Е) Хадис шәриф


80 Мәшһүр-атаның қайтыс болған жылы:

А) 1926


В) 1928

С) 1930


Д) 1931

Е) 1927
81 Мәшһүр атаның қолында бірге ғұмыр кешкен келіні

А) Зейнеп

В) Нұрилә

С) Үмітай

Д) Сабираш

Е) Күлкен
82 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің кімнің атынан шығарған өлеңінен үзінді:

Әкем Құтпан болғанда, ағам – Шонай,

Адамзатта мендей боп тумас құмай.

Көзім түскен қыздарды ап кетуші ем,

Тоқты мен лақтай тіпті оңай.

А) Иманжүсіп атынан шығарғаны

В) Әмен атынан шығарғаны

С) Күйеу Мағзұм мен Хұршым

Д) Мәдидің атынан

Е) Ғалы Күзембайұлы сөзі


83 Ежен хан Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің қай шығармасының кейіпкері:

А) Иса Шорманұлы

B) Нәпсіңді атқа мінгізбе

С) Тайкелтір би

Д) Жарты нан

Е) Шежіре өлең
84 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің билерді сынға алған өлеңі

А) Күйеу Мағзұм мен аруақтар

B) Мәшһүр-Жүсіптің Шабдар атпен айтысы

С) Мәшһүр-Жүсіп жауабы

Д) Надан би

Е) Сүлеймен мен Байғыз
85 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің тарихи құнды дерегі

А) Қазақ түбі

B) Ит дүние

С) Сәйгелді, сона, бөгелек

Д) Жігіт назы

Е) Ақ қағаз, қалам, сия келді бізге
86 Мына үзінді Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің қай еңбегінен алынған: Сарыарқада жары терең, суы аз өзендер сол замандағы ноғайлардың егін салу үшін қазған арығы екен. Шідерті деген өзеннің аяғында «Ақжар», «Сасай» деген жерлер ноғайлардың, кент салып, тақ құрған Бұхар, Қоқан ханларының арығы сықылды, орда жасатқан жері екен...

А) Сарыарқа тарихы

В) Өнер дүниесі туралы

С) Үш нәрсе

Д) Хаятбақшы

Е) Тобықты шежіресі
87 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ел арасынан жинаған ертегісі

А) Шыншыл мен суайт

В) Өнер дүниесі туралы

С) Үш нәрсе

Д) Хаятбақшы

Е) Тобықты шежіресі
88 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ел арасынан жинаған аңыз әңгімесі

А) Шыншыл мен суайт

В) Ер Төстік

С) Желкілдек

Д) Шаш туралы әңгіме

Е) Сарыбас мерген
89 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ел арасынан жинаған күлдіргі сөзі

А) Шаш туралы әңгіме

В) Сүлеймен мен құмырсқа

С) Желкілдек

Д) Түзеле алмау себебі

Е) Сарыбас мерген
90 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ел арасынан жинаған шешендік сөз өрнегі

А) Шаш туралы әңгіме

В) Сүлеймен мен құмырсқа

С) Қазыбектің алғаш көзге түсуі

Д) Түзеле алмау себебі

Е) Сарыбас мерген
91 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ел арасынан жинаған шешендік сөз өрнегі

А) Кемпір мен қарға

В) Сүлеймен мен құмырсқа

С) Байдалы шешен

Д) Түзеле алмау себебі

Е) Сарыбас мерген
92 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ел арасынан жинаған әңгімесі

А) Кемпір мен қарға

В) Сүлеймен мен құмырсқа

С) Байдалы шешен

Д) Қаһарлы Жанақ

Е) Сарыбас мерген
93 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ел арасынан жинаған әңгімесі

А) Кемпір мен қарға

В) Сүлеймен мен құмырсқа

С) Байдалы шешен

Д) Қаһарлы Жанақ

Е) Сарыбас мерген

94 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ел арасынан жинаған тентектер әңгімесі

А) Есен тентек

В) Шөже мен Кемпірбай айтысы

С) Байдалы шешен

Д) Ұлбике мен Күдері айтысы

Е) Шорман би
95 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ел арасынан жинаған қысқа қақтығыс үлгісі

А) Итемген

В) Көтеш пен Күмпейе сайысы

С) Тіл мен көз

Д) Кешкенбай

Е) Қондыбай
96 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ел арасынан жинаған қалыпты айтыс үлгісі

А) Итемген

В) Жанақ пен Түбек айтысы

С) Тіл мен көз

Д) Кешкенбай

Е) Қондыбай
97 Мына бір өнегелі жолдар Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының қай еңбегінен алынған: «Егелесіп тұрған екеуі – көк пен жер. Төбелесіп тұрған екеуі – күндіз бен түн. Бір-біріне дұшман екеуі - өлім мен тірлік. Ақыры мақтауға қалдыратын жұмыс – ашу келгендегі сабыр мен ақыл. Арты сөгіске қалдыратын жұмыс - орынсыз жердегі ашу».

А) Бұл Мәшһүрдің бір адасқаны

В) Хазірет Әли кәрәмуллаһ уажһнің ғибаратлы әңгімесі

С) Сапар өлеңдері

Д) Хикаяттары

Е) Сүлеймен пайғамбардың бала күніндегі бір шеруі


98 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ел арасынан жинаған ертегісі

А) Патша қызы және тазша

В) Өнер дүниесі туралы

С) Жәуке шешен

Д) Қыз таңдау

Е) Асан қайғы мен Ежен хан
99 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ел аузынан жинаған айтыс үлгісі

А) Ұмсын мен Заман қожа айтысы

В) Өнер дүниесі туралы

С) Жәуке шешен

Д) Қыз таңдау

Е) Асан қайғы мен Ежен хан
100 Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің қай ертегісінен алынған үзінді: Желкілдек атқа мініп, көзін жұмды. Ат аспанға ұшқандай алып ұшты. Желкілдек жаудың ортасына кіріп, етіне таяқ тигенде, көзін ашты. Өзі ортада жүрген соң, жаудың азын, көбін байқай алмады.

А) Шыншыл мен суайт

В) Өнер дүниесі туралы

С) Үш нәрсе

Д) Желкілдек

Е) Сарыбас мерген

Әдебиеттер

1 Аққошқаров Е. Халық арасына кең тараған байырғы өлшемдер. Қазақ тілі мен әдебиеті. – Алматы, 2000. – № 12. – Б. 22−23

2 Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері: Ғылыми-зерттеу еңбек. – Алматы : Өнер, 1987. –128 б.

3 Ата салтыңды аяла. (Қазақ салт-дәстүрлері туралы таным). Құрастырған Н. Ақбаев. – Алматы : Ана тілі, 1998. – 160 б.

4 Бабыр Захир ад – дин Мұхаммед. Бабырнама / Орыс тілінен аударған Б . Қожабеков. – Алматы : Жалын, 1990. – 320 б.

5 Байбатша Ә. Қазақ даласының ежелгі тарихы. – Алматы : Санат, 2001. – 192 б.

6 Жанпейісова С. Е. Қазақ тілінің рухани мәдениет лексикасы (қазақ ақын- жазушыларының шығармалары бойынша : канд. дисс. автореф. – Алматы, 1996. – 30 б.

7 Жанпеисов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. –Алматы : Наука, 1989. – 287 с.

8 Б.Жәлелұлы. Көне сөзде көп сыр бар // Ана тілі газеті. –2006. – № 52 . – 4 б.

9 Дәстүрдің озығы бар. – Алматы : Жалын, 1981. – 80 б.



10 Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы : Ана тілі, 1996. – 280 б.

11 Ж. Кейкін «Қазақы атаулар мен байламдар». – Алматы : Өлке, 2006. – 456 б.

12 Кенжеахметов С. Қазақ халқының салт – дәстүрлері. – Алматы : Алматыкітап ААҚ, 2004. – 284 б.

13 Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. Жиған-терген. 1-кітап. – Алматы : «Ана тілі» ЖШС. 2003. – 136 б.

14 Құралұлы А. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы. – Алматы : Сөздік-Словарь, 2001. – 127 б.

15 Қазақтар. Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. Vтом . Ата салт. – 2-ші басылым. – Алматы : Білік, 2003. – 174 б.

16 Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары біртұтастығы және ерекшелігі 1т. Құраст. С. Әжіғали. – Алматы : Арыс, 2005. – 328 б.

17 Қазақ ССР тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін.. – Алматы, 1983. − 2. Т. – 435 б.

18 Нұрмағамбетов Ә. Бес жүз бес сөз. – Алматы : Рауан, 1994.– 304 б.

19 Нұрмағамбетов Ә. Сөз сырына саяхат. – Алматы : Жалын, 1990. – 128 б.

20 Мыңжан Нығмет. Қазақтың қысқаша тарихы. – Алматы : Жалын, 1994 . – 400 б.

21 Сейілхан А. Қ. Қазақ тіліндегі этнографизмдердің лингвомәдениеттанымдық мәні : канд. дис. автореф. – Алматы, 2001 .

22 Тұрышев А. Қ. М-Ж. Көпеев шығармаларының этномәдени лексикасы : Монография. – Павлодар : ЭКО ҒӨФ, 2004 . − 465 б.

23 Тұрышев А. Қ. М. Жүсіп шығармалары лексикасының этномәдени негіздері : ф.ғ.д. ғылыми дәреж.алу үшін дайынд.дисс. – Алматы, 2005. − 343 б.

24 Тұрышев А. Қ. М. Ж. Көпеев шығармаларының тілінің кейбір мәселелері. – Павлодар : ЭКО ҒӨФ, 2002. – 220 б .

25 Шаңырақ үй-тұрмыс энциклопедиясы. – Алматы : Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, 1989. – 567 б.



Мазмұны
Алғы сөз........................................................................................3

  1. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы өмірі мен

шығармашылығы туралы еңбектердің

хронологиялық көрсеткіштері (2008 жыл)................................6

2 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы өмірі мен

шығармашылығы туралы еңбектердің

хронологиялық көрсеткіштері (2009 жыл)..............................26

3 М-Ж.Көпеевтің жарық көрген төл еңбектері..........................37



4 Маржан сөздің марқасқасы.......................................................38

5 Мәшһүр-Жүсіп Көпеев..............................................................44

Тест сұрақтары...........................................................................54

Әдебиеттер..................................................................................77






Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет