Р. Т. Наралиева


Т асымал Мамандық – өмірлік серігің



бет32/45
Дата20.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#191987
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
Байланысты:
Книга для слушателей-ор,2(1)(1)

Т асымал


Мамандық – өмірлік серігің


1-жаттығу. Мәтіннен тасымалдауға келмейтін сөздерді теріп жазыңыздар.
...Балауса ұйқының құшағында жатқанымда көкжиек асып көтеріліп келе жатқан арайлы күннің нұрлы сәулесі қытықтап оятты.
Таңғы арай... Таңғы арайдың таңғы шапағы көк пен белді көріктендіріп, тіршілік атаулыны тәтті ұйқыдан оятып, барша табиғатты сұлу нұрға бөлеуде. Әрбір атқан арайлы таң - мұнарлап тұрған арман, болашаққа жол көрсетер нұрлы сәуле.
...Тереземнен сығалап тұрған күн шапағына еркелеп, орнымнан тұра бере, керегедегі күнтізбеге көзім түсті. Білімнің бесігінде тәрбиеленген аяулы мектебіммен қоштасар сәттің, өмір атты даңғыл жолға түсер күннің жақындап қалғандығы мені терең ойға жетеледі.
Иә, нұрлы білім таңғы арай секілді. Саған рауан шуағын төгіп, сені шын бақыттың құшағына бөлейді.
Өмір - даңғыл жол... Ендеше, сол жолды адам баласының барлығы дерлік дұрыс мамандықты игеріп, сауатты маман болудан бастамай ма? Маамандық - адам баласының өмірлік серігі. Адам баласы өмірде екі нәрседен қателеспеуі керек. Бірі - жар таңдау болса, енді бірі - мамандық таңдау. Мамандық - өмірлік мәңгі таусылмас азығың. Ол сенің жан дүниеңмен астасып жататын форма іспеттес десем де болады.
Олай болса, осы тұста біздер мамандықты дұрыс таңдай алудамыз ба? Ұзақ ойланатын сұрақ... Әрине, техника дамып, экономика саласы шарықтап тұрған, көк қағаздың құны артып тұрған заманда жастар қауымының көбі өз жолдарынан адасуда. Бүгінде біздер, ел болашағынан үміт күттірер жастар, ақша буымен бусанып, әдебиетіміз бен мәдениетімізді ұмытып кеткен жоқпыз ба?
Мектеп бітіруші түлектердің барлығы ҰБТ-да техникалық пәндерді таңдауда. Техниканы жетік меңгеріп, елімізді өркениетті ел қатарына қосуда аянбай қызмет етер болса, менің оларға еш қарсылығым болмасы анық. Алайда жеңіл өмірге бой алдырып, қаржылы мамандықтың иесі болып, қалталы болуды армандайтын жастар қауымы ертеңгі күні қандай маман иесі боларын ойлап көріңізші... өмір дегенің - өз дегенін істетпей қоймайтын қатал тағдыр емес пе?
Күні кеше мектеп бітірген құрбыма қарап отырып, ұзақ ойланам. Ол да әдебиетті жанындай жақсы көреді. Республикалық жарыстарданорын алғанына қарамастан, оқу грантын іздеп, физиканы таңдап, бүгінде сол мамандық бойынша дәріс алуда. Және де соған қарамастан, журналисттерге қызығып, журналист болудың түрлі жолын іздестіруде. Бұл оқиғадан сабақ алған мен өмірлік серігім - мамандығымды таңдауда жүрегіме ерік бердім. Халық - өркениетті халық болуы үшін ең алдымен, өз ділін, дінін ардақтап, тарихы мен әдебиетін терең ұғынуы шарт деген қағиданы ұстана отырып, жас буынды өркениетке бастар жолды көрсетер, халықты құнды да қызықты ақпарат-мәліметтермен таныстыратын сауатты журналист болғым келеді.
Я мұғалім, я дәрігер, я экономист бол, ең бастысы, өз мамандығыңның сауатты маманы болғайсың!
Құрметті достым, сен өмірлік серігің - мамандығыңды дұрыс таңдай білдің бе? Айжан Жамбылбаева. Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мектеп-интернаты. «Қазақ әдебиеті» газеті, 2010 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет