Р. Т. Наралиева



бет1/45
Дата20.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#191987
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Книга для слушателей-ор,2(1)(1)


Р.Т.НАРАЛИЕВА
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Фонетика
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің тыңдаушыларына
арналған оқу құралы

Алматы - 2017


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті


П і к і р ж а з ғ а н д а р:
филология ғылымдарының докторы, профессор Д.Әлкебаева,
филология ғылымдарының докторы, профессор А.Тымболова,
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент М.Б.Коккозова.

Наралиева Р.Т. «Қазақ тілі». ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің тыңдаушылар бөліміне арналған оқу құралы. – Алматы, 2017


Қазақ тілі оқу құралы ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің тыңдаушыларына арналған.


Тыңдаушыларға қазақ тілінің фонетика саласынан білім бере отырып, олардың сөздік қорын дамытуды және тіл мәдениетін арттырумен қатар, отансүйгіштікке баулуды, еліміздің жоғары оқу орындарына түсу үшін кешендік тест тапсыруға дайындауды мақсат етеді.

ISBN
УДК


ББК

\


Кіріспе

«Қазақ тілі» (фонетика) оқу құралы шетел азаматтарына арналған жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің дайындық бөлімінің тыңдаушыларына арналған. Оқу құралы шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне және талапкерлерге қазақ тілінің жалпы курсының фонетика саласынан білім бере отырып, олардың сөздік қорын дамытуды және тіл мәдениетін арттырумен бірге, еліміздің жоғары оқу орындарына түсу үшін кешендік тест тапсыруға дайындауды мақсат етеді. Тарихи Отанында ана тілінде білім алуға әлемнің әр тарапынан келген шетелдік қазақ жастарына қазақ тілінің фонетикасын меңгертуді мақсат етеді, сонымен қатар атамекені туралы негізгі мәліметтер жеке-жеке тақырыптармен беріледі. Грамматикалық тапсырмаларды бекіту үшін тақырыпқа сай тәрбиелік мәні зор, отаншылдыққа баулитын мәтіндер таңдалып, сұрыпталынып ұсынылған. Білім алушылардың лингвистикалық дүниетанымымен қатар мәдениеттанымын қалыптастыру болып табылады. Фонетика саласына арналып ұйымдастырылған тапсырмалар мен мәтіндер тілдің қарым-қатынас құралы және де ұлттық асыл мәдени мұра, қоғаммен бірге дамушы құбылыс екендігін түсіндіруге бағытталып, бейімделіп ұсынылған. Оқу құралында пәнаралық байланысқа да ерекше көңіл бөлінген, әртүрлі мазмұндағы мәтіндер мен тапсырмаларды беру арқылы, ана тіліміздің қоғамдық өмірдегі алатын орнының маңызды екендігін таныту арқылы, білім алушыны ана тілін сүюге және тілімізді әрқашанда құрметтеуге баулиды. Фонетика саласы бойынша басты білім дағдылары мен тілдік деңгейді меңгертуге бағытталады. Білім алушы



  • қазақ тілінің фонетикасы қазақ тілі дыбыстарын зерттейтін сала екенін білуі;

  • фонетикалық атауларды (терминдерді) ұғынуы және олардың мәнін ажырата алумен қатар, дұрыс қолдануды игеруі;

  • қазақ әріпнамасының (алфавитінің) құрамын, ретін білуі;

  • дыбыс пен әріптің өзіндік ерекшеліктері мен бірлігін, олардың арақатынасын және дыбыстардың фонемалық сипатын меңгеруі;

  • сөз құрамындағы дыбыстарға классификация жасай білуі: дауысты және дауыссыз дыбыстарды іштей жіктей және артикуляциясына қарай ажырата білуі;

  • сингармонизм заңын дұрыс меңгерту арқылы сөйлеу мәдениетін арттыруы;

  • сөздерді орфоэпеялық ережеге сай дұрыс айтуы;

  • сөздерді орфографиялық ережеге сай сауатты дұрыс жазуы;

  • тіл дыбыстарының сөз мағынасымен ара байланысын, қатынасын меңгеруі;

  • қазақ әріпнамасындағы төл дыбыстарымыз бен орыс тілі арқылы енген кірме дыбыстардың өзара қарым-қатынасын игеру;

  • буын түрлерін ажырата алуы;

  • сөздерді дұрыс тасымалдай алуы;

  • екпіннің қазақ тіліндегі ерекшеліктерін білуі;

  • қазақ тілінің тіл заңдылықтарын жалпыға бірдей орта білім беру деңгейі бойынша толық меңгеруі: ауызекі сөйлеу мен жазба тілде сөздерді жалпы халықтық әдеби қалыпқа сай дұрыс қолданып, тілдің орфоэпеялық пен орфографиялық қағидаттарын меңгеріп, қазақ тілі тіл мәдениетінің ұлттық сипатын, тілдік ерекшелігін танытатын үндестік заңдылықтарын меңгеріп, олардың коммуникативтік құзыреттілікпен байланысын білуі тиіс.

Бүгінгі тыңдаушы – ертеңгі талапкер, сондықтан да осы аталмыш оқу құралы оларды еліміздің жоғары оқу орындарына түсу үшін тапсыратын сынаққа – кешендік тестілеуге дайындауға арналған. Білім алушылардың назарын тіл дыбыстары мен олардың шартты таңбалары – әріптердің айырмасын салыстыра отырып түсіндіру арқылы дыбыстау мүшелерінің дыбыстарды жасау барысындағы атқаратын қызметтеріне көңіл аударту керек. Дыбыстардың жіктелуін меңгерту үшін дыбыстарды ң түрлерін талдап оқытуға арналған кестелер мен өткен материалдарды бекіту, пысықтау үшін әртүрлі жаттығу жұмыстары ұсынылады. Сызба кестелер білім алушының қажетті материалдарды тез ұстауына көмектеседі. Тыңдаушылардың жаңа материалды тиянақты меңгеруі үшін бұрынғы өткен тақырыптарды қайталатып, пысықтау мақсатында жаңа сабақ пен өткен сабақтың материалдарын өзара байланыстыра оқыту әдістемесі оқу барысында ұйымдастырылады. Тыңдаушылардың фонетика саласы бойынша алған білімін, сөздік қорын дамыту, әдеби тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру бағытында қазақ тілі сабағын қазақ әдебиетімен, ұлттық мәдениетімізбен, елтану пәндерімен байланыстыра ұйымдастыру мақсатында оқу материалдары сұрыпталынып ұсынылды. Білім алушылардың мүмкіндіктерін шығармашылық деңгейде дамытуға бағытталған алғышарттарды оқу-әдістемелік тұрғыдан дәйекті түйіндей алған. Ұсынылып отырған оқу құралын ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде білім алушыларды және талапкерлерді қазақ тілі пәнінің фонетика саласы бойынша тест сынағын тапсыруға әзірлеу мен қазақ тілін оқытудың бастапқы сатысында және үлгерімі төмен білім алушылармен жеке жұмыста пайдалануға болады. Оқу құралы шетелден келген қандастарымызға қазақ тілін үйретумен бірге, оларды тәуелсіз Қазақстанның, атамекенінің қазіргі саяси-экономикалық жағдайына бейімдеуді мақсат етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет