Елордаға бардың ба, елдігіңді көрдің бе?
Бәйтеректің түбіндегі қазақүй
Астана - «алтын үзік, ақ отаулар» мекені. Үкілі күмбездері сан керуенді күтіп тұрғандай. Қаладан кеңдік, салиқалылық, сырбаздық сезіледі. Әсіресе, Астананың ашық аспаны ұнады. Қиялым көкте жөңкіген асау бұлттарға еркелігі үшін «сыбағасын» беріп, көңілдің қазанына тоғытып алып, түрлі түсті текемет жасағым келді. Бірақ қаланың өзінің де жасауы жарасып-ақ тұр.
Орталықта жүрсеңіз, әр қадамыңызда кездесетін ұлттық сақина-білезіктер көздің жауын алады. «Тағып алыңыз» деп тұрғандай. Көз шағыласар ғимараттар маңы да қалы кілемдей құлпырады. Мұнда гүл де, жасыл шөп те қазақтың оюының шеңберінде өсіп-өнеді. Мұнда «Бәйтеректің» түбінен сіз қазақтың шаңырағын, қазақтың батырын, қазақтың аруын, қазақтың қазанатын кездестіресіз. Бұлар да - жасыл әлемді игерген шебер қолды астаналықтар туындатқан бейнелер.
Жанар Елдосқызы. «Ана тілі» газеті, 2010.
1. Мәтінді көшіріп жазыңыз және дауысты дыбыстарды бір бағанға, ал дауыссыз дыбыстарды екінші бағанға теріп жазыңыздар.
2. Қазақстан Республикасының құрылымына, геосаясаты мен геоэкономикалық мүмкіндіктеріне ғылыми тұжырымдар мен нақты деректерге сүйене отырып, төмендегі үлгідегі талаптар бойынша шолу жасаңыздар.
Үлгі:
Қазақстан Республикасының құрылымы........ .
...............................................................................
Жер көлемі...........................................................
...............................................................................
Мемлекеттік тілі..................................................
Әкімшілік-аумақтық бірліктері..........................
................................................................................
Халқы .................................................................
Этникалық топтар .............................................
Отбасының мөлшері .........................................
Өмір жасының ұзақтығы ..................................
Ұлттық жалпы өнім...........................................
Импорт................................................................
Экспорт...............................................................
Отбасының табысы (жан басына
шаққанда +%)….................................................
сауаттылық деңгейі ...........................................
Климаты………………………………………..
Флорасы мен фаунасы.......................................
..............................................................................
1. Қазақстан Республикасының шетелдермен саяси және мәдени байланыстары туралы әңгімелеңіздер. Баспасөз мәліметтерінен нақты дәлелдер келтіріңіздер.
2.“Қазақстан: кеше, бүгін және ертең”. Қазақстанның өткен тарихы мен болашағы туралы ойтолғау жазыңыздар.
3.“Елбасы - ел тұтқасы”. Осы тақырып аясында БАҚ құралдарында шолу жасап, қажетті материалдардан үзінді жазып келіңіз.
4. Мына жолдардың авторлары кімдер?
5. “Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз. Дәм-тұзды ақтай білген елміз” . ...
6. “Мен әуелі қазағымды жақсы көремін. Одан кейін Сібірді, одан кейін Россияны, одан бүкіл адамзатты жақсы көремін”. ...
7. Мен де қазақпын жаралған сүйек-еттен,
Менде де ар бар,
менде ой бар жан тебіренткен.
Халқымның қарапайым бір ұлымын,
Жанымды арым үшін құрбан еткен.
....
Достарыңызбен бөлісу: |