Р. Т. Наралиева


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы



бет6/45
Дата20.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#191987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Книга для слушателей-ор,2(1)(1)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

1992 жылғы 4 маусым еліміз үшін естен кетпес тарихи күн болды, себебі бұл күні Республика Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандарын: Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасын бекітті.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының сипаты – «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы» Жарлықтың 7-бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының түрлі-түсті бейнесі екі түрлі: алтын және көгілдір-көк түсті», – деп жазылған.
Жарлықтың 8-бабында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасынын қайда орналастыруға және оның қандай қолданыста болатындығы нақты саралап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы керемет әсем, мәні мен мазмұны терең туынды. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота-Аман Уәлиханов. Мемлекеттік елтаңбада шаңырақ пен жұлдыз және пырақ бейнелері мағыналы құрылым, көркем үйлестік тапқан.
Бұл туралы Мемлекеттік елтаңба авторларының бірі Ж.Мәлібекұлы былай дейді: «... Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген сөз бар. Осы үш сөз негізге алынды. «Алты қанат ақ орда үй шайқалды» деп келетін аңыз-жырларды жасымыздан жаттап өскендігіміздің арқасы шығар, елтаңба нышандарын өткен тарихымыздан іздеп, оны бүгінгі күнмен байланыстыру керек болды. Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі, рухы толық танылып тұруы тиіс. Оның пәлсапалық мән-мазмұны айқын ашылмаса болмайды.
...Елтаңбадағы шаңырақты, яғни біздің бейбітшіл Отанымызды қорғау қажет болды. Яғни босағаны берік етуді ойладым. Бұл үшін жеті буыннан тұратын мүйіз таңдалды. Жеті буын бір жағы қазақтың «жеті атасын білмеген - жетімдіктің белгісі» дегенін аңғарту. Жалпы, қазақ мүйізді қастерлеген. Оған қатысты түрлі ырым-нанымдары аз емес. Пырақтың қанаты бір қарағанда бидайдың бауланған сәтін еске салады.
Әу баста елтаңбаның қақ ортасында жарты ай мен шағын-шағын үш жұлдыз бар еді. Талқыға салған кезде сегіз бұрышты, жеті бұрышты, бес бұрышты жұлдыздар ұсынылды. Ақыры бес бұрышты жұлдызға тоқтады ғой. Елтаңбаның конкурсқа жіберілген нұсқасынан ілікпей қалғаны жарты ай мен шағын үш жұлдыз ғана. Қалғанының бәрі талқыдан өтті...». («Егемен Қазақстан», 16 желтоқсан 1992ж,).
Мемлекеттік елтаңбадағы жұлдыз – халқымыздың қасиет тұтқан киелі аспан әлемінің бір құрамдас бөлігі. Түн күмбезінің қараңғылықта жол сілтер шоқтай жанған шамшырақтары. Халқымыздың ұлттық дүниетанымы бойынша, әр адамның өз жұлдызы болады. Түнде жұлдыз аққанын көрген жан, «жұлдызым жоғары», деп айтуы тиіс, себебі жұлдыздың ағуы сол жұлдыз иесінің жарық дүниемен қоштасуын білдіреді, деп ырымдайды. Әрбір тіршілік иесінің өмірде жұлдызыды сәттері, яғни жұлдызы жанған кездері болады, сол бақытты шақты дер кезінде бағалай білу керек, уысыңнан шығарып алмауға тырысу керек, сонда адамның бақыты баянды болады. Халқымызда жолы болғыш жандарды - «жұлдызы оңынан туғандар», – деп айтып жатады. Ардақты азаматы алыс сапарға аттанарда, – айың тусын оңыңнан, жұлдызың тусын соңыңнан» деп, ақ тілеумен шығарып салады. Мемлекеттік елтаңбаның қақ ортасына қазақы киіз үйдің шаңырағы мен уығы бейнелеген. Шаңырақ – қызметі жағынан қазақы үйдің бар құрамын біріктіріп ұстап тұратын төбешік, басты бөлшек. Қазақы үйдің шаңырақтан басқа бөліктері жаңаланып өнделе береді. Ал шаңырақ атадан - балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп берілетін қасиетті де киелі мұра. Қара шаңырақтың киелі қасиеті отбасының бірлігін сақтайды, үйдің құт-берекесін кіргізеді..шаңырақтың қазақ халқының дүниетанымында ұғымдық мән» зор, тұрмыс-тіршілігімізде алатын орны өте маңызды. Қазақ елінің өсіп-өну ұйытқысын, ұлттық болмысын, дәстүрлік тәлімін, бірлігі мен берекесін, тұрмыс-тіршілігін бейнелеп, даралап, жүйелі түрде көрмететін Мемлекеттік нышанымыздың (рәмізіміздің) басты бөлігі.

1. Мемлекеттік елтаңбамыздың авторлары кімдер?


2. Мемлекеттік елтаңбадағы шаңырақ қандай ұғымды білдіреді?
3. Мемлекеттік нышандар нені білдіреді?
4. Қазақстан Республикасының гимнінің (әнұранының) сөзін, музыкасын кімдер жазды?
5. Қазақстан Республикасының алғашқы гимнінің (әнұранының) сөзін, музыкасын кімдер жазды және ол қашан өзгертілді?
6. Мемлекеттік нышанның мәні мен маңыздылығы туралы өз ойларыңызды айтыңыздар. Олардың қажеттілігі неде?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет