Р. Т. Наралиева


Фонетика Тіл дыбыстары және фонетика



бет2/45
Дата20.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#191987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Книга для слушателей-ор,2(1)(1)

Фонетика


Тіл дыбыстары және фонетика

Қазақ тілінде 38 дыбыс, 40 әріп, 2 таңба бар. Дыбыстарды айтамыз, естиміз. Ал әріптерді жазамыз, көреміз. Әріп дегеніміз - дыбыстарды белгілеу үшін пайдаланатын шартты таңба.


Әріптердің белгілі бір жүйемен тәртіппен тізілген жиынтығын әріпнама (алфавит) деп атаймыз.
Тіліміздегі дыбыстар дауысты және дауыссыздар болып жіктеледі.
Дауысты дыбыстар - 12, төл дауысты дыбыстар – 9, ал дауыссыз дыбыстар – 26. Э, ё. в, ф, ц, ч әріптері мен ь,ъ таңбалары тек кірме сөздерде ғана
жазылады. Дауысты дыбыстардың оны жалаң (монофтонгтер) дауыстылар, ал екеуі: у мен и қосарлы (дифтонгтер) дауыстылар болып табылады.



Д а у ы с т ы д ы б ы с т а р

тілдің қатысына қарай

еріннің қатысына қарай

жақтың қатысына қарай

жуан
а, о, ұ, ы (у,и)

жіңішке
ә, е, ө, ү, і, э, (и,у)

езулік
а, ә, е, и, ы, і, э

еріндік
о, ө, ұ, ү, у

ашық
а, ә, е, о, ө, э

қысаң
и, ы, і, ұ , ү, у




Д а у ы с с ы з д ы б ы с т а р
дауыс пен салдырдың қатысына қарай

қатаң

ұяң

үнді

п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч

б, в, г, ғ, д, з, ж, һ



л, м, н, ң, р, й, у

айтылу жолына қарай

шұғыл

ызың

діріл

б, п, к, г, қ, ғ, т, д, ч, м, н, ң

в, ф, с, ш, з, ж, х, һ, л , й , у



р



Менің Отаным - Қазақстан

Менің Отаным Азияның төріне орналасқан. Жері кең байтақ. Халқымның мінезі де жері секілді кеңпейіл, қонақжай. Қазақстан - табиғи ресурстарға да бай мемлекет. Елімнің болашағы зор.


Отан! Бұл сөз маған өте ыстық. Отан! Мағынасы терең, асыл сөз. Адамның Отаны біреу-ақ. Отансыз адам - тұлдыр жетім. Отан десем, көз алдыма кең жазық дала, тәкаппар таулар, көгілдір көлдер, мөлдір бұлақтар елестейді. Көліктері ағылған, адамдары ары-бері сабылған қалалар, адамдары таң атысымен еңбекке араласатын ауылдар еске түседі. Осы елді мекендерде 129 ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Әр ұлттың өз салты, дәстүрі, мәдениеті бар.
Егіні жайқалған кең алқапты әсем ән кезіп барады. Әртүрлі тілде айтылған, айтыла беретін сұлу жыр кең даламды шарлап жүр. Отанымды татулық пен ынтымақтын, ырыс пен берекенің ән мен жыры шарлап жүр. Кең даламның төсін шарлай бер, заңғар аспан астында шарықтай бер, әсем ән мен бейбітшілік жыры!


1-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.
Қазақстанда ... облыс бар. Қазақстанның климаты ... . Біздің Алматы облысы ... өңірінде орналасқан. Облыс орталығы - ... қаласы. Алматы қаласы Іле ... бөктеріне орналасқан. Алматы - ... қала. Алматыда әлемдегі ең биік ... мұзайдыны бар. Алматыда ... ғимараттар көп. Біздің университет қалашығы әл-Фараби даңғылы мен Тимирязев көшесінің ... орналасқан. Әл-Фараби шығыс халқының ... перзенті. Тимирязев - ғылым саласына көп еңбек сіңірген ... ғалым.
Астана қаласы Есіл өзенінің ... орналасқан. Елордамыз Есіл бойына ... жылы ауыстырылды. «Астананың» қала күніне арналған мерекелік нөмірінде «Астана мен Алматының ... 1260 км» және «Бартал-12» деген екі негізгі тақырыппен ... жарияланды. Бартал көне түркі ... «салтанатты, сәнді көш» деген ұғымды білдірген.
Биылғы жылы «Атамұра» ... қазақтың ұлттық дүниетанымын, салт-санасын, этностық дәстүрін, халқымыздың әдеп-ғұрпын, мәдениетін өскелең ұрпаққа таныстырып, насихаттайтын энциклопедиялық жинақ ... көрді. Жинақтың ... - белгілі қазақ қаламгері, мәдениеттанушы, этнограф Сейіт Кенжеахметұлы.


Отан

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,


Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: “Отан!” - деп сыбырлаған.
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен де биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
М.Шаханов.
!Өлеңді жаттап алыңыз.
* * * * *
Қазақстан біз сияқты аға ұрпақтың Отаны ғана емес, енді бізден тарап, тамырланып отырған балаларымыз бен немере, шөберелеріміздің де сүйікті Отаны. Мен өзім 1943 жылдан бері осы қасиетті жерде тұрамын. Осында тудым, осында өстім, осы жердің суын іштім, дәмін таттым, енді осында ұрпақ өсіріп отырмын. Ендеше, менің сүйегім қарашай болғанмен, жүрегім қазақ болған адаммын.
Әзіретәли Ибрагимұлы. “Егемен Қазақстан”, 2006.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет