Р. Т. Наралиева


Қазақстан Республикасының нышандары



бет5/45
Дата20.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#191987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Книга для слушателей-ор,2(1)(1)

Қазақстан Республикасының нышандары


Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы

Еліміздің мемлекеттік рәміздердің болмысын, мәнін жетік білу, рәміздерді қастерлеу - Қазақстан Республикасның әрбір азаматының қасиетті парызы.


Мемлекеттік туымыздың түсі – табиғаттағы кең таралған жеті түстің бірі – көк түс. Көк түс – зеңгір аспанның ауа менсудың түсі. Алғашқы геральдистердің бірі Ансельм жасаған кесте бойынша көк түс – адалдық пен тазалықтың белгісі. Мемлекеттік туымыз тек қана бір түсті – көк. Бірыңғай түс мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді. Тудағы күн бейнес і– геральдика заңы бойынша береке мен байлықтың белгісі. Ашық аспан астында жарқыраған күн – еліміздің бейбіт өмірді сүйгіштілігінің белгісі. Туымыздағы күн астында шарықтаған қыран бейнесі - азаттық пен бостандықтың, еркіндіктің белгісі. Ұлттық өрнек – қазақ халқының мәдениетін, өнерін, поэтикалық және көркемдік танымын көрсететін айшық. Мемлекеттік туымыздың түсі, көлемі, оның өзіне тән белгілері атазаңымыз – конституцияда бекітіліп, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы» Жарлықтың 4-бабында былай деп сипатталған: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Туды сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының қатынасы – «1:2».
Мемлекеттік ту – мемлекетке тән ресми белгілердің бірі. Мемлекеттік ту – Қазақстан Республикасы Президенті Резиденциясының, ҚР Парламентінің, ҚР Үкіметінің, ҚР Министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де атқарушы ұйымдарының, жалпы мемлекеттік мекемелермен қатар жергілікті атқарушы ұйымдардың ғимараттарында, сонымен қатар шетелдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық және сауда өкілдіктерінің, консульдық мекемелердің ғимараттарында ұдайы тігулі тұратын және тағы да басқа ресми жерлер мен ресми жиындарда, әскери ант беру кезінде, кемелерде ұдайы орнатылатын мемлекеттік рәміз. Жарлықтың 5-бабында Мемлекеттік ту ұдайы тігілетін немесе орнатылатын орындар мен жиындар нақты көрсетіле келе және былай делінген: «...Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының өзге де реттерде міндетті түрде тігулі немесе орнатылу көзделуі мүмкін». Мемлекеттік тудың барлық белгілері бар жалаушалар да болады. Жалаушалар келіссөз кезінде үстелге қойылады, ресми қонақтарды қарсы алу және шығарып салу салтанатында машиналарға қадалынады.
Мемлекеттік туымыздың авторы – Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков.
?! 1.Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан алды?
2. Еліміздің Мемлекеттік нышандары қай кезде қабылданды?
3.Мемлекеттік туымыздың авторы кім?
4. Мемлекеттік тудағы күн мен қыран және ұлттық өрнектің бейнелер нені білдіреді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет