3-жаттығу. Ә әрпіне аяқталатын сөздерге қосымша жалғап жазыңыздар және олардың жазылу емлесін есте сақтаңыздар.
4-жаттығу. Сөйлемді толықтырып, көшіріп жазыңыздар.
Жеті жасқа толғанымда, .. мені ескі үйдің жұртына апарады. Әкем ... жерге аунатты. Атамекен дегеніміз - ата-бабамыздың .... Сенің атамекенің - сонау .... Біздің туысқандарымыз .... тұрады. Менің інім Болат Башқұртстанда ....
Қажетті сөздер: мені, ежелгі қонысы, әкем, туған, Көкшалғынның бойы, сол жақта.
Ойлан, тап!
Ағашта үшеу,
Талда екеу,
Шөпте нешеу? Ол не?
Әкеңде бар, анаңда жоқ,
Анаңда бар болса, әкеңде жоқ,
Әкпеңде бар болса, ағаңда жоқ,
Ағаңда бар болса, әкпеңде жоқ,
Ол не?
Айналдым сенен, Атамекен
Өлеңін жазған Ш.Сариев
Әнін жазған Ж.Тұяқбаев
Кең далам!
Толғанайын, толғайын,
Домбырам қолға алайын, жырлайын.
Қазағымның даласындай,
Көзімнің қарасындай,
Айналдым сені, Атамекен-ай!
Теңіздей тебірендім, тербедің,
Сапарда сағынышым сен менің,
Дүние сырларындай,
Мөлдіреп тұрғанындай,
Айналдым сені, Атамекен-ай!
Қайырмасы:
Бақыт тұнған күндер-ай!
Жұлдыз тамған түндер-ай!
Өзің куә өмірде,
Кімдер өтті,
Кімдер-ай!
Атамекен-ай!
Ғажап-ау!
Атамекен ғаламат,
Бір саған
Тағдырымыз аманат,
Қымбатты даламыздай,
Сымбатты анамыздай,
Айналдым сені, Атамекен-ай!
Арымдай, тірегімдей,
Жанымдай, жүрегімдей,
Айналдым сені, Атамекен-ай!
1-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз. Көп нүктенің тиісті әріпті қойып мәтінді көшіріп жазыңыздар.
Атамекенді танытар «Атамекен»
Астанада бас сұғып, баратын жер аз емес, ол...рдың ішінде ешбір қаламызда қайталанбайтын кереметтер де бар. Сол...рдың бірі - «Атамекен» тарихи-т...нымдық кешені. Саябақ Қазақстанның аумағының д...л көшірмесін жасаған. Оның ішіне бүкіл ірілі-ұсақ қалаларымыздың ғана емес, ондағы б...сты ғимараттарды, облыс көлеміндегі ескерткіштерді, өзен-көлді, тау-тасты жайғастырып қойған. Азғана уақыттың ішінде Маңғыстауда болып, ондағы көне мешіттерді, Каспий жағалауындағы аққуларды, Семейге сапар шегіп, Абай-Шәкәрім кесенесін, Түркістанға жетіп Ясcауи мавзолейін тамашалай аласыз. Астананың жеке картасы да саябақ ішінен орын тепкен.
Қаладағы т...ғы бір ерекше ойын-с...уық орны - «Дум...н» кешені. «Құдай қазаққа бар байлықты берген, тек мұхитқа шығар жол ғана жоқ» дейтін біраз аға-әпкелеріміз. Бүгінде Астанада мұхит болмаса да, ...лып
стихияны бақылайтын мүмкіндік бар. «Дум...нд...ғы» акула сынды жыртқыш б...лықта...р ересектердің өзін селт еткізсе, ұс...қ майшабақтарды көргенде сәбилер қолын созып, мәз-мейрам бол...ды.
Жанар Елдосқызы. «Ана тілі» газеті, 2010.
2-жаттығу. Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жасаңыздар! Осы сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырып жазыңыздар.
1. Яссауи, стихия сөздерінде неше дыбыс, неше әріп әріп бар?
2.Отан, туған ел туралы он шақты мақал-мәтел жаттап және олардың мазмұнына талдау жасап келіңіздер.
3. “Атамекен аясында” тақырыбына шағын мәтін құрастырыңыздар.
4. Кеңістік пен мекен ұғымына қатысты атауларды жазыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |