Р. Т. Наралиева


Дана ойдан шыққан асыл сөз



бет10/45
Дата20.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#191987
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Байланысты:
Книга для слушателей-ор,2(1)(1)

Дана ойдан шыққан асыл сөз


Отан үшін отқа түссең күймейсің.
Ер елі үшін туады, елі үшін өледі.
Өзге жерде сұлтан болғанша,
өз еліңде ұлтан бол.
Туған жерге туыңды тік.
Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
Ел іші - алтын бесік.
Жердің сәні - егін,
Ердің сәні - білім.
Ұлтарақтай болса да,
Ата қоныс жер - қымбат.
Ат төбеліндей болса да,
Туып-өскен ел - қымбат. (Халық даналығы)
* * * * *
1-жаттығу. Өлеңді жаттап алыңыздар.

Әр нәресте қашан есі кіргенше,


Жер қадірін, ел қадірін білгенше,
Алғашқы әнтек қылығына,
Өзі ұялып күлгенше,
Көтергенше балаң ойдың желкенін,
Қинаса да қиқар соқпақ қиыс жол
Өзін туған қасиетті өлкенің,
Ауасынан дем алуға тиісті ол.


2-жаттығу. Мәтіннен дауысты дыбыстарды түрлеріне қарай теріп, баған түрінде жазыңыздар.
Дем алып қана емес, туған жерінің бүкіл бітім-болмысын, сыр-суретін жаттауы, жүрек айнасынан өткізуі керек. Сонда ғана туған жерін сатпайтын, қандай қиын кезеңде де өз тағдырынан ел, жер тағдырын биік қоятын іргелі азаматқа айналады.
Міне, туған өлкенің адам өміріндегі ролі осы. Байтақ Отанға деген үлкен махаббат өзің өскен даланың өзен-көлін, қанатты-қанатсыз жәндіктерін аялаудан,өзің сан рет жалаңаяқ жүгірген жусанды қырды сағы- нудан қалыптасса, ал қатыгездік те өзіңді баулыған өлкенің әсем көліне шиша сынығын лақтырудан, ай мойын аққуларына тас атудан басталса керек.
Қашан да азамат тағдырының басты бөлшегін өзінің туған жері құрайды. Дала - біздің ұлы ұстазымыз. Дала перзенттерінің бай мінезімен, бой-бітімімен танысқысы келген жан алдымен мына қарапайым даланың сұлу көріністеріне назар аударсын. Өйткені, сұлулық - адам аралық қатынастардағы еншісі бөлінбеген ортақ байлығымыз.
Мұхтар Шаханов.
1. Жер қадірі, ел қадірі, әнтек қылық, бітім-болмысы, жүрек айнасы, жалаңаяқ жүгірген, ұлы ұстаз, дала перзенті сөз тіркестерін қатыстырып, тақырып бойынша сөйлем құраңыздар.
2. Отан, туған жер жайлы қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерді еске түсіріңіздер.
3. Перзент, қиқар, қиыс сөздеріне мәндес сөзерді жазыңыздар.
4. Қарапайым, тағдыр, қадір сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыз.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, Қазақстан табиғаты туралы шағын мәтін жазыңыздар.
6. Ә дыбысына фонетикалық талдау жасап, диаграмманы толтырыңыздар.





3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, мына сөздерді тоықтырып жазыңыздар.
1) Бұл жерге қатысты д...у. Ертегі кейіпкері - жалғыз көзді д...у.
2) Алты - жұп с...н. Мына көйлек заманауи с...н үлгісімен тігілген.
3) Балжан бүгін сабақтан бес ...лды. Марат досынан гөрі ...лді екен.
4) Жиналысқа ...з адам келді. Армысың, ...з Наурыз!
5) Қызым, қазанға етті мол с...л. Айжан, с...л кідірші.
6) Тоқтаршың, аяғыңды жылдам б...с. Олар бәйгеде қай аттың бірінші келетініне таласып, б...с тікті.
* * * * *
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа жүруге.
Бес нәрседен қашық бол,
Адам болам десеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет