Р. Т. Наралиева


Абай. Е дауысты дыбысының емлесі



бет11/45
Дата20.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#191987
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
Байланысты:
Книга для слушателей-ор,2(1)(1)

Абай.
Е дауысты дыбысының емлесі
1-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқыңыздар. Мәтіннен е,э әріптері бар сөздерді көшіріп жазыңыздар.


Қазақстан: кеше, бүгін, ертең

Сахара дала. Сайын дала. Әлемнің бар сұлулығын бойына жиған кең дала. Қыста - қыстауға, көктемде - көктеуге, жазда - жайлауға, күзде - күздеуге көшіп-қонған көшпенділер мекені болған бұл дала. Талай сырдың куәсі болған, талай-талай шапқыншылық пен қиянкескі күресті басынан өткізген, небір зұлматтан аман қалған, қазақ халқының ғасырлар бойғы арманын, ата-бабалар асыл мұрасын ұрпағына аманат етіп жеткізген қайран дала!


Өзінің ұзақ ғұмырында не көрмеді бұл дала? Алыстан көздің жауын алып айна көлдері жалтырайды. Туған жердің төсіне аунап қайт деп, туған жерінің таза ауасын жұтып қайт, атамекеніңе барып аунап-қунап қайт деп, атамекеніңнен бойына қуат алып, күш-қайрат жиып қайт деп, асқар-асқар белдері қол бұлғап шақырады жат жерде жүрген ұрпағын. Әлдеқайдан бозторғайдың шырылы естілді. Жыланға арбалып қалды ма екен? Белуарына түскен ақсақалын дала самалы желпілдеткен қария жасаураған көзін қайта-қайта сүртеді. Ұшы-қиыры көрінбейтін кең сахарада бейуақта кезіп келе жатқан бұл жиһанкез - кім екен? Келер ұрпақ қамын жеген, ел-жұртына жерұйығын іздеген Асан қайғы атамыз ба, бізге, бүгінгі буынға, сайын даланың сиқырлы сазын - асыл мұрасын табыстайын деп келе жатқан әлде көшпенділер әуені мен өнерінің таусылмас қайнар көзі - Қорқыт атамыз ба екен? Адамзаттың алыбы - Тұранның ұлы ұлдары - әл-Фараби мен Шоқанды, Абылай мен Бұқарды, Төле менен Қазыбек, Әйтекені, Райымбек пен Қабанбайды, Абай менен Жамбылды, көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы сынды қайсар рухты ұрпақтарына өмір сыйлаған ұлы өлке. Қасиетті топырағына сай халқын кең пейілді, парасатты етіп жаратқан, туған жерін қаһармандықпен қорғап қалған күрестің нәтижесінде Отан-Ана болып отырған атамекен - бұл қазақ елім. Кеше ғана сары уыздың мейіріне қанбаған қатпа қозыдай болған қазағым ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізді. Өркениеті мен экономикасы дамыған, айбарлы Астанадай елордасы бар іргелі ел болдық. Елбасының көрегенділігі және парасатты саясаты мен елімізді мекен еткен ұлттардың татулығы жарасқан ынтымақтастығының арқасында еліміздің күннен-күнге әлеуеті артып, экономикасы гүлденген мемлекетке айналды.
Кез келген елдің елдігін, біртұтастығын танытатын қасиетті бес ұғым бар. Олар - тілі, ділі, діні, тарихы, атамекені. Қиын-қыстау кезеңде найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, даналық парасаттылықпен сақтап, бізге жеткізген ата-баба аманатын кір шалдырмай келер ұрпаққа табыстау - біздің , бүгінгі ұрпақтың, қасиетті парызы.

1. Көкжиек, бейуақ, қасиет, елорда сөздерінің құрамына дыбыстық талдау жасаңыздар.


2. Көктем, күздеу, көшпенді, көрінбейтін, көреген сөздерін айтылуы бойынша жазыңыздар.
3. Сары уыздың мейіріне қанбаған қатпа қозыдай сөз тіркесінің мәніне назар аударыңыздар.
4. Е әрпінің емлесін сипаттап айтып беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет