3-жаттығу. Талдықорған сөзінің құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, сөздер тізбегін жазыңыздар.
Ұ, ү дауысты дыбыстарының емлесі
Орман – ұлттық байлығымыз
1-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, мазмұнын өз сөздеріңізбен жазыңыздар.
Жасыл орман – жан саясы
Ғалымдар даладаға бір текше метр ауада 25 грамм шаң болатындығын есептеп шығарды. Ал орманда ешқандай шаң болмайды. Орман ...лкен фильтрлі алып шаң тартқыш, ауа тазартқыш сияқты. Бір ғана мысал. Жыл сайын бір гектар жердегі қарағай отыз алты, емен - елу алты, жылтыр с...р қабықты қатты ағаш (бук) алпыс ...ш тонна шаң ұстайды екен. Орманды жердегі бір текше метр ауада төрт ж...з тоқсан бактерия болады екен. Ғалымдар б...л цифрдың ...лкен қалаларда отыз алты мыңға дейін жететіндігін есептеп шығарды. Қалалар мен елді мекендерде жасыл желек неғ...рлым көп болса, соғ...рлым ауа таза болады. Жасыл орман - адам баласының жан саясы. («Қазақ әдебиеті» газетінен).
!1. Көп нүктенің орнына ұ,ү әріптерінің қажеттісін қойып жазыңыз.
2. Мына сөйлемдердегі сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз. Қалалар мен елді мекендерде жасыл желек неғ...рлым көп болса, соғ...рлым ауа таза болады. Жасыл орман - адам баласының жан саясы.
2-жаттығу. Құрамында ұ немесе ү әріптері бар сөздерді көшіріп жазыңыздар.
Саябақтар шеруі
«Саябақтар шеруінің» тарихы
«Саябақтар шеруін» тойлау дәстүрі ХІХ ғасырдың 40-жылдарында бастау алған. Жерді қорғауға байланысты алғашқы акция 1840 жылы өткізілген. Дж.Стерлинг Мортон өзінің жанұясымен Небраск (АҚШ) штатына келгенде, олар шексіз даладан енді құрылыс материалдарына кететін жалғыз ағаштарды ғана көреді. Бұл көрініс отбасы мүшелеріне ұнамай, ерлі-зайыптылар алаң ағаш отырғызуды қолға алады. С.Мортон 1872 жылы Небраска аймағының хатшысы болып қызмет атқарып жүргенде, қала халқын жаппай көгалдандыруға шығарып, ағаш еккізу керектігі туралы өзінің ұсынысын айтады. Ұсынысты басшылық қолдап бір күнде миллиондаған ағаштар отырғызылады.
1882 жылы Небраскада 22 сәуірді «Ағаш» (Терек) күні деп жарияланады.
1970 жылдан бастап бұл күн «Жер Күні» деген жаңа атауға ие болды. 1990 жылдан бері АҚШ-та жер мен күннің құрметіне ұлттық саябақтар салына бастады. Қазіргі уақытта бұл мерекені қолдаушылар қатары жетерлік. Бірақ жыл өткен сайын аты өзгеріп, «Саябақтар шеруі» дегенге тоқталды. 1995 жылдың 21-23 сәуірінде Американың ұлттық саябақтары мен табиғатты қорғау ассоциясы алтыншы рет Саябақтар шеруін өткізді. Америкада 1995 жылы Саябақтар шеруіне 9000 қаладан миллионнан астам халық қатысып, есте қаларлық экологиялық күн жасайды. Шеру тек ағаш егумен шектелмейді, бұл жерде кино фестивальдер, пресс-конференциялар, экскурсиялар және басқа да шаралар өткізіледі. Еріктілер тарапынан 2,25 миллион доллар жиналып, саябақтарға қаржылай қолдау көрсетіледі. Осындай шараларға қатынасу американдықтар үшін мәртебелі іс болып табылады. 1997 жылы Саябақтар шеруі бұрынғы КСРО территориясын түгел қамтыды. Акция күндері ақпараттандыру жұмыстары, дөңгелек үстелдер, экологиялық сабақтар, семинарлар, көрме ұйымдастыру, экологиялық соқпақтарды абаттандыру, экологиялық десанттар, т.б. шаралар өткізілді. Жыл сайын осы уақытта шығармашылық байқаулар жарияланады, мұнда тек балалар емес үлкендер де ат салысады. Ең кішкентайлары - 3-4 жастағы балалар бақшасының тәрбиеленушілері. Қатынасушылардың үздік жұмыстарын экологиялық бағыттағы көрмелерге, автобустар мен трамвайларды безендіруге қолданатын еді.
«Саябақтар шеруінің» мақсаты
«Саябақтар шеруінің» мақсаты:
Қоғамды, үкіметті, ақпарат құралдарын және бизнесті, ерекше қорғалатын аймақтарды қорғау және шын мәнінде оған көмек көрсетуге, проблемларды көруге шақыру, тарту;
Ерекше қорғалатын аймақтар туралы қоғамда оң көзқарас қалыптастыру;
Оларды қолдау жолдарын қарастыру;
Елімізде экологтялық мәдениеттің деңгейін көтеру;
Әрбір адамды қорықтарды ашуға, өзінің іс-әрекеті арқылы соның дамуына үлес қосуға тарту;
Еліміздегі табиғатты қорғауға бағытталған қайырымдылық шараларын ұйымдастыру.
Облыстық экологиялық - биологиялық орталық «Саябақтар шеруінің» координаторы болып табылады. («Гүлстан» журналынан).
1. Саябақтар шеруі дегеніміз не?
2.Ұ, ү әріптері соңғы буында жазылады ма?
3.Ұ, ү әріптері буын талғайды ма?
4.Ұ, ү әріптерімен сөздер аяқталады ма?
5. Сөздің басқы буындарында еріндік ұ, ү дыбыстары келсе, одан кейінгі буындарда келген қандай езулік дыбыстар өзгеріске ұшырап айтылады?
6. Еріндік дауыстылардан кейін келсе, езулік е, ы, і дыбыстары айтылғанда өзгеріске ұшырайды, ал жазылғанда ше?
7. Мәтінге жоспар құрыңыз.
8. Мәтіннің мазмұнын қысқаша конспектілеп алыңыз.
9. Мәтіннің жалпы мазмұнын ашатын басты сөйлемді тауып көрсетіңіз.
10. Қазақ тілінде о, ө, ұ , ү дыбыстарына сөздер аяқталады ма?
Достарыңызбен бөлісу: |