3-жаттығу. Көп нүктенің орына ы және і әріптерінің тиістісін қойып, мәтіндерді толықтырып көшіріңіздер
Адам және күн
Күн адам ағзас...на зор әсер етед.... Күн сәулес...н дұр...с қаб...лдаған жағдайда адамн...ң көң...л-күй... көтер...л...п, зат алмасу... жақсарад.... Түрл... ауруларға қарс...л...ғ... арт...п, ағзан... ш...н...қт...рад.... Қан құрам...н...ң дұр...сталу...на әсер етед.... Ұйқ...н... жақсартад.... Тәбетт... артт...рады. Жалп... денсаул...қт... түзейд.... Тер...де «Д» витамин...н құрайд.... Б...рақ күнге ұзақ қ...зд...р...нуға болмайд.... Ультрақ...з...л сәулелер...н мөлшерден тыс қаб...лдау денсаул...ққа зиянд.... Бас айнал...п лоқсу, құлақ шулап, дененің дел-сал бол...п ауру... - күн қағуд...ң белг...с.... Қатт... күн қаққан жағдайда адам өл...п кету... де мүмк...н. Ондай кезде ауруд... тез салқ...н жерге көш...р...п, ки...м...н шеш...п, денеге су...қ компресс, маңдай...на мұз басу керек. Дереу дәр...гер шақ...р...п, ауруханаға жөнелткен жөн. («Қазақ күнтізбесінен»).
?!1. Ы, і әріптері буын талғайды ма?
2. Қандай жағдайларда түбірдегі ы, і әріптері түсіп қалады, ал қай сөздерде сақталып жазылады?
4-жаттығу. Құрамындағы дауыстылары тек ы немесе і әріптерінен тұратын сөздер қатарын жазыңыздар. Мысалы, ырысты, білімді, т.б.
5-жаттығу. Төменде берілген сөздерді қатыстыра отырып сөйлемдер құраңыз және олардың жазылу емлесін есте сақтаңыздар.
Ірі, іріткі, іс, ісік, ісек, ілу, ілгіш, іреу, ірімшік, іркілдеу, ілесу, ілмек, ілгек, ілгері, іриді, іріген, ішірткі, іш, ішімдік, ілтипат, із, ізет, іркіт.
Реңк, реніш, ресімдеу, рәсім, ренжіту, рең, рәсуа, рет; лебіз, леген, лепес, лүпіл, лек, лезде.
Денсаулық - шексіз бақыт
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«денсаулық - терең бақыт» деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де.
Денің сауда жетерсің арманыңа,
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа.
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің
Бар қызық, рахатын. Жарығын да.
Денсаулық -шексіз бақыт, халқым менің,
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа.
Қолда барда біл оның қасиетін,
Күтіп, баптап аяла әр уақытта.
Гүлбира Махамбетқызы.
Достарыңызбен бөлісу: |