Р. Т. Наралиева


Ойлан, тап! Жұмбақ әңгіме



бет16/45
Дата20.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#191987
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
Байланысты:
Книга для слушателей-ор,2(1)(1)

Ойлан, тап!
Жұмбақ әңгіме

Ертеде екі жолаушы - қыз бен жігіт кең далада серуендеп келе жатса, алдарынан бір салт атты кездесе кетеді. Сонда әдемі жігіт пен сұлу қызға сүйсіне қараған салт атты былай депті:


Пай-пай, шіркін! Мына жігіттің астындағы атының жорғасын-ай, қасындағы сұлу жолдасын-ай!
Сол кезде қыз оған:
Ей, жолаушы, бұл жігіттің анасы - менің анамның енесі. Сонда біз бір-бірімізге кім боламыз? - депті де, екі жолаушы жүріп кетіпті. Ал жолаушы қыз жауабына ойланып тұрып қалыпты.


И дауысты дыбысының емлесі




1-жаттығу. Мәтіннен дауысты и дыбысы бар сөздерді 1-бағанға, дауыссыз й дыбысы бар сөздерді 2-бағанға жазыңыздар.


Итбалық

Итбалық – суда, құрғақта да өмір сүретін жануар. Алайда уақытының көбісін суда өткізеді. Себебі оның денесі суда тіршілік етуге бейімді. Аяқтары да ескек тәрізді. Ескек тәрізді аяқтары суда жүзуге икемді. Сонымен қатар итбалықтар су шаяны сияқты ұсақ жәндіктер мен балықтарды қореқ етеді. Итбалықтар бір мезгіл судан шығып, құрлықта жатып дем алады. әсіресе мұз үстінде жатқанды үйір-үйір болып жатады. Сәл ғана қорқыныш бұлты төнсе, олар жан сауғалап жаппай суға түсе бастайды. Су ішінде оларға төнетін қауіп жоқ десе болғандай. Итбалықтар елімізде Каспий көлінде тіршілік етеді. Итбалық – ақылды жануар. Себебі қыстыгүндері көл бетін қалың мұз жапқанда, олар мұзды ойып сыртқа шығады. Кейде қалыңдығы 2-3 метрге дейін жететін мұзды итбалық қалай тесіп шығады деген мәселе - талайларды толғандырған жайт. Бұл мәселені арнайы жасақталған топ зеттеп көрсе, итбалықтың құпия сыры мында екен: алғаш су қата бастаған күз кезінде-ақ итбалық өзі ойық жасайтын тұсты таңдап алып, әлсін-әлсін сол жерді келіп тұмсығымен бұрғылайды әрі өзінің демімен және дене қызуымен мұзды қатырмауға тырысады. Сол тұстағы ойыққа мұздың қатып қалмауын қадағалайды екен. Әр итбалық өзіне осындай бірнеше ойық жасайтын көрінеді. («Білім және еңбек» журналынан).





  1. Итбалық, мұхит, икемді сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыздар.

  2. И әрпінің емлесіне сипаттама беріңіздер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет