2-жаттығу. Байиды, кейиді, ұйиды сөздерінің жазылу емлесін есіңізде сақтаңыздар, осы сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрап жазыңыздар.
Ойлан, тап!
Жұмбақ есеп
Бір әулетте екі әке, екі ұл, бір немере бар еді. Олардың бәрі бүгін театрға бармақшы болып жиналып жатыр. Ал билет - үшеу. Театрдағы қойылым өте қызықты болатын, сондықтан да театрға бәрінің де барғысы келіп тұр. Қанекей, сіз тапқырлық көрсетіп, бір ебін тауып, әкелі-балалы жандардың ешбірін ренжітпей бәрін де театрға кіргізіп жіберіңізші...
3-жаттығу. Мәтіндерден и әрпі бар сөздерді теріп жазыңыздар.
Жуан дауысты и дыбысы бар сөздерді бір бағанға, ал жіңішке и дыбыс бар сөздерді екінші бағанға бөліп жазыңыздар.
И әрпі қандай дыбыстардың таңбасы ретінде қолданып тұрғанын анықтаңыздар.
Акула
Алып акула - теңіздің ірі балықтарының бірі, оның ұзындығы 10 метрге, салмағы 4 тоннаға жуықтайды. Ол барлық мұхиттарда мекендейді. Алыптың көгілдір акуладан айырмасы - зиянсыздығында. Ол теңіз жәндәктерімен ғана қоректенді. Апандай аузында айбатты тістері де жоқ. Акула бауырының өзі бір тоннаға жақын тартады. Оның майлылығы сонша Гербрид аралы мен Шотландияда, Гренландияда бұл май жарық үшін пайдаланылады. Қазіргі уақытта акулаларды майы үшін аулайды.
(«Білім және еңбек» журналынан).
Сіз білесіз бе?
1. Әлемдегі ең үлкен «кітап» - Фива (Египет) храмының қабырғасына ойылып жазылған жылнама. Оның тас «беттерінің» ұзындығы - 40 метр. Ал қағазға басылған ең үлкен кітап салмағы 500 килограмдық, 8048 беттік Інжіл (АҚШ).
2. Әлемдегі ең кішкентай кітап - жапон миниатюрисі Асао Хосимо шығарған ұзындығы 1,5 милиметрлік кітап.
Я, ю әріптерінің емлесі
Ойлан, тап!
Құстар әлемінде
1-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқыңыздар, көшіріп жазыңыздар.
Бірқазан
Бірқазан - Қазақстанға ежелден ұя басқан құс. Ол соңғы жылдары тек Батыс Қазақстанның Қамыс-Салқар көлінде ғана кездесіп жүр. Балқаш көлі мен Іле өзені жағалауларында да бар.
Бірқазандар – аса сезімтал және жауларынан қорғана білетін батыл құс. Ол жер бетінде ауыр қозғалғанымен, суда жақсы жүзе біледі, бірақ сүңги алмайды. Ол - топтанып жүретін «колониялы» құстардың бірі. Оның үйірінде басқа құстар да араласып жүре береді. Бірқазандар біздің аймаққа ерте көктемде келеді. Келген бойда жұптасып, топтала бастайды. Ұяны мекиені адам аяғы бармайтын ескі, шірік қамыс араларына салады.
Мекиендер екіден алтыға дейін жұмыртқа табады.
(«Білім және еңбек» журналынан).
Бірқазан қайда мекен етеді?
Неге оларды «колониялы» құстар тобына жатқызады?
Сезімтал, мекиен, колония сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыздар.
Ұя, аяқ, колония сөздерін қатыстырып сөйлем құрап жазыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |