Р. Т. Наралиева



бет25/45
Дата20.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#191987
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
Байланысты:
Книга для слушателей-ор,2(1)(1)

Дұрыс па, бұрыс па?



Мысалдар



дұрыс

бұрыс

Қазақ тілінде 40 әріп, 2 таңба бар.









Қазақ тілінде 37 дауысты дыбыс бар.









Қазақ тілінде үндестік заңына бағынбайтын қосымщалар бар.







Қазіргі қазақ тілінің әріпнамасы кирилицаның негізінде жасалған.







Қазақ тілінде 7 үнді дауыссыз дыбыс бар.









Қазақ тілінде 8 ұяң дауыссыз дыбыс бар









Қазіргі қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар.









Қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар









Қазақ тілінде қ, ғ дауыссыз дыбыстары тек жуан дауысты дыбыстармен ғана тіркеседі.









Э – езулік дауысты дыбыс, ол қазақтың төл сөздерінде кездеседі.









Аман келді, есен келді сөздері дұрыс жазылмаған.







-тай, -жан қосымшалары үндестік заңына бағынбайды.







И, у дыбыстары монофтонгтердің қатарына жатады.







Я, ю әріптері тек кірме сөздерде жазылады.









Ь жіңішкелік белгісі тек кірме сөздердің құрамында кездеседі.







Ъ айыру белгісі қазақтың төл сөздерінің құрамында кездеседі







Г, д, б, в әріптері қазақтың төл сөздері аяқталмайды.









Оқжетпес” - әлемнің үздік курорты


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің айтулы мерекесі қарсаңында көркем Бурабайдағы “Оқжетпес” шипажайына ел мерейін өсірер қуанышты хабар жетті. Дүние жүзілік сумен және климатпен емдеу федерациясы бас ассамблеясының Еуропаның Андорра елінде өткен 59-шы сессиясы “Оқжетпеске” “Әлемнің 2006 жылғы үздік шипажайы” атағын берді.
ДСКФ-ның бас хатшысы Умберто Солимин мен федерация президенті профессор Н.А.Стороженко қол қойған “Алтын куәлікте”: “Жоғары халықаралық стандартқа сәйкестігі, сонымен қатар шипажайлық-курорттық емдеу кешенін ұйымдастырудағы жетістіктері мен белсенді ғылыми қызметі үшін ...” деген жүрек жылытар сөздер бар. Осынау аса беделді ұйым өз мүшелігіне жер шарының озық 62 мемлекетін қабылдаған. Дүние жүзіне танымал курорттар арасында топ жарған Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медициналық орталығына қарасты “Оқжетпес” шипажайы халқымыздың мерейін өсіруімен абыройға бөленді.
- Біздің шипажайымызда емдеу-сауықтыру саласының барлық талаптары қамтамасыз етілген, – дейді “Оқжетпес” АҚ президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері Әбілхакім Ақмұрзин. – Туристік кластердің қадамдары да көңіл аударарлықтай. Биылғы жыл басынан бері шипажай қызметін 10700 адам пайдаланса, оның 20 пайызы - шет ел азаматтары. Бұл ұжым қызметінің тартымдылығын және қол жетімділігін айғақтайды.
“Оқжетпес” шипажайының ұжымын осынау жоғары атағымен шын жүректен құттықтаймыз. (Бақберген Амалбек, “Егемен Қазақстан”, 2006).
1.Мәтінге жоспар құрыңыз.
2. Мәтінге және мәтіннің әр абзацына ат қойыңыз.
3. Оқжетпес, құрмет, шипажай сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыз.
4.Көркем әдебиеттерден бір-екі пейзаждық көріністі көшіріп жазыңыз.
5.Пейзаждағы көріктеу құралдарына көңіл аударыңыз, жасалу жолдарына талдау жасаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет