Жануарлар әлеміне саяхат
Құндыз
Республикамызда сирек кездесетін бағалы аңдардың бірі - құндыз. Ол қазір Жайық, үлкен және кіші Қобда, Тентекқара өзендерінде ғана кездеседі. Ерте кездерде құндыз Жайық, Ембі, Ырғыз, Есіл, Тобыл, Нұра және Ертіс өзендерінде көптеп тіршілік еткен. Оларды бағалы терісі, құнды саналған «құндыз қайыры» үшін бей-берекет аулап жойып жіберген. Құндыз терісінен ертеде өте сәнді бас киімдер, жаға, сырт киімдердің етек-жеңдеріне әшекейлік желектер жасалынған. Кейде құндыздың сала құлаш терісін киіздің керегесіне әсемдік ретінде керіп іліп қою салты да болған. Ертеде қазақ халқы құндыз терісінен қалыңдыққа тарту үшін де пайдаланған. Үлкен бәйге жарыстарында құндыз терісін тігу дәстүрі де болған. («Білім және еңбек» журналынан).
Мәтінді оқыңыз, қысқаша мазмұнын жазыңыздар.
Құндыз, киім, қалыңдық сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыздар.
Сөз тіркестерінен ілгерінді ықпалды тауып көрсетіңіздер.
Жануарлар мен жәндіктер әлемінде
Жәндіктер өте тез өсіп өнеді. Олар түрлі аурулардан, ауа райының әсерінен миллиондап қырылмаса, мүлде көбейіп кетер еді. Соның өзінде зиянкес жәндіктер дүние жүзінде өсетін астықтың бестен бір бөлігін құртады.
Шегіртке аяғына орналасқан есіту «аппаратымен» мыңдаған километр жерде болатын жер сілкінісін естиді. Маса сонша неге ызыңдайды? Маса бір секундта қанатын бес жүз рет қағады. Осы орасан жылдамдықтан жағымсыз ызың пайда болады екен. Ғалымдар жануарлар мен жәндіктердің алуан қасиеттерін зерттеп, оны жаңа техника жасауға қолданады. Ғылымның бұл саласын бионника деп атайды. Қазір ғылымда жәндіктердің бір миллионға жуық түрі белгілі болып отыр.
(«Қазақ күнтізбесінен»).
Ф , ц, ч, щ дауыссыз дыбыстарының емлесі
Іскери этикеттің ережелері
Алғашқы іскери кездесудің атрибуты екі жақ өкілдерінің визит карточкасын алмастыруы болып табылады. Іскери кездесулерге немесе іссапарларға барар алдында ең әуелі бірнеше визит карточкасын және жұмыс орныңыз туралы қысқаша ақпараты бар, көркем безендірілген буклетті алуды ұмытпаңыз. Әлемдік бизнесте визит карточкасын атқаратын рөлі зор. Сондықтан да визит карточкасын да бизнесте қалыптасқан этикетке сай ресімдегеніңіз лазым. Мысалы, Күншығыс елінде, Жапонияда, кез келген құжаттың, шағын визит карточкасының да маңызы зор. Визит карточкасы жапон бизнесмендері үшін кез келген құжаттың орнына қолдануға болатын ресми құжат болып табылады.
Визит карточкасын өз еліңіздің мемлекеттік тілімен қатар, халықаралық қатынаста әмбебап тілдік құрал болып табылатын ағылшын тілінде ресімдегеніңіз жөн. Қос тілде ресімделген визит карточкасы іскери қатынаста сіздің мүмкіндігіңізді кеңейте түседі. Азия елдерінде оны сізге әдепке сай иесі қос қолдап ұсынады, ал Батыста бұл жайтқа қатысты қалыптасқан тәртіп жоқ. Келіссөз жүргізу барысында, іскери кездесулерде визит карточкаларын олардың иелерінің аты-жөнін, лауазымын шатастырмас үшін алдыңызға қойып отырсаңыз да болады.
Визит карточкасы іскери адамдар үшін қазіргі заманғы ресми қарым-қатынастың негізгі әрі өзіндік мәні бар маңызды құрал болып саналады. Әдетте қалыптасқан этикет ережесіне сәйкес визит карточкасымен алмасу барысында лауазымы төмен тұлға бірінші болып ұсынады, ал шені бірдей адамдар арасында жасы кішісі алдымен ұсынады. Егер де жастары құралпы әрі лауазымы бірдей жандар арасында қайсысының бірінші болып ұсынғаны маңызды емес.
?!1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.
2. Визит карточкасы дегеніміз не?
3. Визит карточкасы адамдарға не үшін қажет?
2. Мәтіннен кірме сөздерді теріп жазыңыз.
3. В, ч әріптерінің жазылу емлесіне сипаттама беріңіз.
4. Ф, в, ц, ч әріптері қазіргі қазақ тілінде қандай сөздердің құрамында жазылады?
Достарыңызбен бөлісу: |