І. Дауысты дыбыстар ұлысына саяхат. Әріп дегеніміз не? Әріптер мен дыбыстардың айырмашылығы неде?
Жауап: ....
Ал енді дыбыстар әлеміне кірдік. Енді саяхатымызды екі ұлысқа сипаттама беруден бастайық.
Не үшін дауысты дыбыстар ұлысы екі уәлаятқа бөлінеді?
Жуан дауысты дыбыстарды атаңыз.
Жіңішке дауысты дыбыстарды айтыңыз.
Жуан-жіңішке дауысты дыбыстардың жұбынан тұратын сөздерді айтып машықтанайық (жаттығайық).
Ақ - әк, тоқ - төк, ұн - үн, ыс - іс, иек - ек,
Сан - сән, соз - сөз, құн - күн, тыс - тіс, ирек - ерек,
Бас - бәс, қор - көр, құз - күз, сыз - сіз, иіс - ес,
Сал - сәл, қол - көл, бұр - бүр, қыр - кір, икем - екем.
ІІ. Дауыссыз дыбыстар ұлысына саяхат.
1) Дауыссыз дыбыстар ұлысы не үшін үш уәлаятқа бөлінеді?
2) Үнді дауыссыз дыбыстарды атаңыз.
3) Ұяң дауыссыз дыбыстарды атаңыз.
4) Қатаң дауыссыз дыбыстарды атаңыз.
5) Қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстардың жұбына басталатын сөздерді айтайық.
Қалам - ғалам, күл - гүл, топ - доп, жал - шал, зат - сат,
Қашық - ғашық, кір - гір, тау - дау, жол - шол, зор - сор,
Қайық - ғайып, киім - гимн, тос - дос, жабу - шабу, заң - сан.
ІІІ. Дауысты дыбыстар уәлаятына серуен.
! Тыңдаушылар, қазір мен интербелсенді тақтаның бетіне дауысты дыбыстардан басталған бірнеше сөз жазуы шығады. Бірге дауыстап төрт рет, тағы да жеке-жеке бір рет оқып шығайық. Сөздерді мұқият естеріңізде сақтаңыздар. Содан соң жазу тақтадан өшкен соң, сол сөздерді сіздер дәптерлеріңізге жазасыздар.
2-тапсырма. Жақшаны ашып, тиісті дауысты дыбыстардың жұбын қойып, мәтінді көшіріп жазыңыздар.
Ан(а,ә) тілі б(а,ә)рінен де биік - ханн(а,ә)н да, қарад(а,ә)н да.
С(а,ә)яс(а,ә)тшыл(а,ә)р келеді, кетеді,
ал ан(а,ә) тілі - м(а,ә)ңгілік. Осыны есте ұст(а,ә)йық.
Марат Қабанбай.
ІҮ. Дауыссыз дыбыстар уәлаятына серуен.
Достарыңызбен бөлісу: |