Айыру ъ белгісі мен жіңішкелік ь белгісінің жазылу емлесі
1-жаттығу. Төменде берілген сөздерге дауысты дыбыстан басталған қосымшаларды жалғап, сөйлемдер құрастырып жазыңыздар.
Модуль, лагер, ведомость, табель, асфальт, адъюдант, циркуль, фонарь, съезд, альманах, туннель, автомобиль.
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына жіңішкелік белгісі қойылатын не қойылмайтындығына анықтап, емлеге сай мәтінді көшіріп жазыңыздар.
Биыл жазғы демалыста мені ата-анам лагер...ге жіберді. Балалар лагер...інде демалған маған өте ұнады. Бізге лагер..де балаларға арналған әртүрлі фил...мдер көрсетті. Маған «Балалық шағымның аспаны» фил...мі өте ұнады. Фил...м Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағы туралы екен. Фил...мде қазақ халқының мейірімді екендігі жайлы, бала тәрбиесіндегі үлкендердің іс-әрекетінің ықпалы үлкен екендігі туралы мәні зор мәселе қозғалған.
Қосарлы дауыссыздарға аяқталған кірме сөздердің жазылу емлесі
р/қ
|
Емле
|
Мысалдар
|
2
|
Тіліміздегі тт, сс, лл, мм қосарлы дауыссыздарына аяқталған кірме сөздер түбір тұлғасында еш өзгеріссіз жазылады.
|
киловатт, экпресс, металл, грамм
|
Бұл сөздерге қосымша жалғанғанда, сөз соңындағы қос дауыссыздың соңғы сыңары түсіп қалады
|
киловатын, экпреске, металды, грамдап
|
2
|
Кт, мб, мп, нг, нд, ск, фт дауыссыз дыбыстарымен аяқталатын кірме сөздер түбір қалпында өзгеріссіз жазылады
|
факт, ромб, штамп, митинг, фонд, Томск, шрифт
|
Бұл сөздерге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда түбірге ы немесе і дәнекерін тіркестіру арқылы жазылады
|
фактіге, ромбылар, штампының, митингіге, фондыға, Томскіден, шрифтісін.
|
3
|
Ст, сть, зд дыбыстарына аяқталған сөздер түбір күйінде келгенде еш өзгеріссіз жазылады
|
альпинист, трест, ведомость, повесть, подъезд, разъезд
|
Ал қосымша жалғанған жағдайда соңғы сыңарлары - т, ть, д әріптері түсіріліп жазылады
|
альпиниске, треске, ведомосқа, повеске, подъезге
|
4
|
Студент, пункт сөздеріндегі қосарлы дауыссыздар қосымша жалғанғанда түспейді, өзгеріссіз жазылады
|
студенттер, пунктте, студенті, пунктін
|
1-жаттығу. Төмендегі сөздерге қосымша жалғап жазыңыз және осы сөздерді қатыстыра отырып сөйлем құрастырыңыз.
Килограмм, кристалл, металл, рецепт, пункт, студент, конгресс, разъезд, повесть, ведомость, шрифт, Челябинск, митинг, округ, ромб, фонд, танк, пункт, студент, трест, журналист, ведомость.
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып көшіріп жазыңыздар.
Алтын – бағалы мета.... Платини де өте қымбат мета... дардың қатарына жатады. Елімізде әртүрлі мета...дар өндіріледі. Таза саф алтынның бір гра...ының өзі қымбат тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |