Р. Т. Наралиева



бет36/45
Дата20.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#191987
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
Байланысты:
Книга для слушателей-ор,2(1)(1)

Дыбыс үндестігі


1-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, одан үндестік заңына бағынбайтын қосымшалы сөздерді тауып астын сызыңдар.




Әшекей бұйымдар

Ертеден бері қазақ жерінде қыз-келіншектерді ажарландыра түсу үшін оларға арнап сан алуан түрлі әшәкей бұйымдар жасалған. Сондай әсем бұйымдардың бірі – жүзік. Оның үстіңгі бетіне небір асыл тастардан көз жасалынып, шеті өрнектермен безендірілген.


Сонымен бірге ерлер мен әйелдерге арнап соғылған сақиналар да болған. Бойжетіп келе жатқан қызға мұра ретінде өсиет сөз жазылған қымбат жүзіктер дайындалған. Аса қадірлі жүзіктерге Мұхаммедтің атын жазған. Қазақ қыздары мен әйелдеріне арналған көркемдік бұйымдардың бірі - сырға, сырғаны көбіне бойжеткен қыздар тағады. Сырғаның да небір әдемі түрлері бар. Оның түрлері айшықты, тұмарлы, салпылдақ, қоңыраулы, қозалы, оюлы, жапырақты, т.б. деп атайды.
Бойжеткендер шолпы таққан. Шолпыны кестелі жіпке қосып өрген. Сол тиындардың беттерінде «Бойыңды тік ұста», «Сылдырлатсаң тиынды, жоғалтарсың сыйыңды» деген сөздер бар. Шолпы таққан бойжеткендерге денеңді тік ұстасаң, тиындар сылдырламайды деп шарт қойған. Тиындар кісі алдынан өткенде сылдырласа, ол үлкен әдепсіздік деп есептелінген. Екіншіден, тиындарды сылдырлатпай, бойыңды тік ұстасаң, онда денең оқтай түзу болып өседі деген тәлімдік ойлар бар. Қыз балаға арналып жасалған әсем бұйымдардың тағы бірі – қоржын, қойынқалта. Қоржынды неше түрлі моншақ және алтын әріптермен зерлеп оқалаған. Кей кездері оның бетіне қысқаша құран сөздері жазылған.
Қазақтың арулары мен ерлеріне ортақ болған әсемдік дүниелердің бірі - ер-тұрман. Әсіресе, әйелдердің ер-тұрмандары көркем болған. Кейбір қадірлі батыр, биге арналған ер-тұрмандардың алдыңғы жағындағы беттерінде күміспен өрнектелген жазулар болған. Ол жазуларда «Сапарың оң болсын», «Алла сақтасын», «Алла күш-қуат берсін» деген сөздер бар.
Қазақ жасаған зергерлік бұйымдары біздің бабаларымыздың он саусағынан өнері тамған, жаны сұлу адамдар екенін дәлелдейді. Шеберлер жазған тәлімдік сөздер адам бойы мен ойының таза болуын және ұлтымыздың салт-дәстүрін сыйлауға үйретеді.
Тұрсын Әлсатов. «Парасат» журналынан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет