Үндестік заңының негізгі белгілері
|
Мысалдар
|
1
|
Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған үстелетін қосымша да жуан болады.
|
Ата-мыз-ға, ана-лар-дан, кітап-тар
|
2
|
Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған үстелетін қосымша да жіңішке болады.
|
Ес-те-лік, кел-етін, сөй-ле-ген, мұғалім-дер, еңбек-ші-лер, ән-ші
|
3
|
Түбір сөздің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, оған жалғанатын қосымшалар үнді немесе ұяң басталады.
|
Ана-ма, көше-лер-де, ай-лар-дан, жыл-дық, шам-дар, ұн-нан
|
4
|
Түбір сөздің соңғы дыбысы ұяң болса, оған жалғанатын қосымшалар да ұяң басталады.
|
Қыз-дар-дан, жаз-да, күз-дік, мұқтаж-дық, жез-ден, қаз-дар
|
5
|
Түбір сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, оған үстелетін қосымшалар да тек қатаңнан басталады.
|
Тас-тар, орындық-та, кірпіш-тен, хат-қа,
қыс-қы, бас-тық
|
Алтай аясында
Ал десең, аясына алады Алтай,
Көргенде көңілге күй салады Алтай.
Сұлудай торғын киген бұлт жамылып,
Арқаға әлденеше қарады Алтай.
Алтайдың ең үстінде Ақтау биік,
Бойына бұлт жете алмай тартқан күйік.
Аңдары бұғы, марал ойын салып,
Секірген қиясында өршіл киік.
Алтайдың алқабында аю, қабылан,
Оңтүстік даласында орғып құлан.
Елігі, ешкісі мен есебі жоқ,
Жайылып сайын шөлде сайрандаған.
Секілді ақ бас атан ала басы,
Бұлт жайлап, бұлттан өзге қона алмаған.
Ақша қарда күмістей ай шағылып,
Жібектей бұлттан басқа оранбаған.
(Иса Байзақов)
?! 1. Өлеңді жаттап алыңыз.
2. Фонетика не зерттейді?
3. Үндестік заңы дегеніміз не?
4. Буын үндестігіне мысалдар келтіріңіздер.
5. Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
6. Күйік, киік, аясына, қиясына, Алтай, бұлт сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыз.
7. Қазақ тілінде қандай буындарға екпін түспейді?
Буын үндестігі
Бірақ қазақ тілінде осы үндестік заңына бағынбайтын біраз қосымшалар да бар. Олар түбірдің соңғы буының жуан, жіңішкелігіне қарамастан жалғана береді. Мысалы,
-хана: кітап-хана, ауру- хана, дәрі-хана;
-паз: әсем- паз, білім-паз, өнер-паз;
-кер/гер: талап-кер, жұмыскер, еңбеккер, арда-гер;
-қор: еңбек-қор, мирас-қор;
-ікі, -дікі/тікі: он-ыкі, мен-ікі, қыз-дікі, мектеп-тікі;
-мен/менен, бен/бенен, пен/пенен: бала-мен, қыз-бен, кітап-пенен;
-кеш: арба-кеш, пайда-кеш;
-гөй: ақыл-гөй, дана-гөй;
-күнем: пайда-күнем, мас-күнем;
-қой: сән-қой, әуесқой;
-во,-ев: Әмір-ов, Құлба-ев;
-тай: еркетай, сәулетай;
-жан: әкежан, атажан, әкпежан;
-еке: аға-еке, ата-еке; -сымақ: кісісымақ, үлкенсымақ.
Достарыңызбен бөлісу: |