Мұханбекұлы Нұрсұлтан
Еңбек пен бақыт – егіз ұғым дегенді қалай түсінесіздер?
Еңбек туралы мақал-мәтел жазып келіңіздер.
Еріншектің ертеңі бітпес, жеңілтектің селтеңі бітпесдеген мақалғаталдау жасаңыздар.
«Тамағы тоқтық, көйлегі көктік аздырар адам баласын» деген асыл сөздің авторы кім?
Әлем аруы – ана
Адам бойындағы бар асыл қасиет Алланың нұрынан, ананың ақ сүтінен бойымызға дарыған. Ардақты аналарына жүрекжарды тілегін орындау, жүзеге асыру – әрбір ұл-қыздың ұлы арманы.
Ана – ардақты ат. Мұсылмандардың қасиетті «Құран» кітабында жер бетінде бірінші кімді сыйлауым керек деген адамзат сұрағына Ананы, екінші де, үшінші де сұрағына Ананы, Ананы деп жауап қайырған. Әр ана перзентінің өзіне деген құрметін, ыстық ықыласы, балалық махаббатын айрықша көрсетуін қалайды. Әрбір ана өз баласын теңдесі жоқ керемет жанға балайды, баласына кір жуытқысы келмейді. Бірақ кейде анасының ақ үмітін ақтамай, ана қабағына кірбің ұялатып жататын пенделер де кездеседі. Ана баласы қуанса – шаттанады, баласы қапаланса – қайғырады. Ананың балаға, баланың анаға деген терең сүйіспеншілігін бір-бірінен бөле қарай алмаймыз.
Халқымыз адам өміріндегі ананың қадір-қасиетін мына мақалға сыйдырып көрсеткен: әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы жасыл құрақ.
Ана деген ардақты атқа қандай шешелер лайық деп ойлайсыздар?
«Дүние аналармен көрікті ғой» тақырыбына эссе жазыңыздар.
Эсседе ардақты аналар туралы нақты деректер мен дәлелдерді пайдаланып, мысалдар келтіріп жазыңыздар.
Ұстаз – ұлағатты тұлға
Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағының кепілі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе әлемнің білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті отандық білім жүйесін қалыптастыру ісі болып табылады. Өз отанының даму үшін білімді де білікті маман даярлап, өз отанын сүйген патриот азамат тәрбиелеу үшін еңбек майданында аянбай тер төгіп жүрген ұстаздар қызметі орны ерекше. Себебі өркениеттің өзегі, кез келген елдің дамуының, саяси тұрақтылығының негізі – білім мен ғылым және саналы тәрбиенің түп тамырынан өріс алатындығына ешкімнің таласы жоқ. Еліміздің өркендеуі үшін ең қажеттісі – білімді де білікті отансүйгіш азамат болса, ал осындай тұлғалардың қалыптасуына қамтамасыз ететін білім ошақтары болса, ал білім ордасының жаны – ұстаз. Ұстаз деген – ардақты ат. Білім беру ісінде және тәрбие жұмысында шешуші де басты тұлға – ұстаз. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» деген нақыл сөзді дана халқымыз бекер айтпаған.
Әрбір білім алушы әлеуметтік топтың өкілі, ертең ол зиялы қауымның қатарын толықтыратын сауатты да саналы азамат, қайраткер тұлға. Ал елінің өркендеуіне өзіндік үлесін қосатын ұрпақ даярлау және ата-бабамыздың асыл дәстүрін, ізгі істерін жалғатыратын, елін, халқын сүйген адал жан, отаншыл патриот тәрбиелеу ісі – асыл да жоғары құзыреттілік ұстаздардың қолында. Оқушының жеке тұлғасын қалыптастырушы, саналы тәрбие, терең білім беруші, өнегелі істің бастаушысы, жарқын үлгісі, жас ұрпақтың арманын көкке самғатып, талабын алға ұмсындыратын, мақсатын жүзеге асырып, асыл мұратына жетуге жетелейтін жан, ол – Ұстаз. Сондықтанда ҰСТАЗ – әрқашанда құрметке лайық тұлға.
Мәтін бойынша жұмыс
Мәтіннің тақырыбын нақтылау
|
Тақырыпты негізгі бағыт бойынша нақтылау
|
Нақтыланған тақырыпты түрлендіру
|
Нақтыланған тақырыппен мазмұны бірдей не ұқсас басқа тақырып дайындау
|
Жоспар құру
|
Мәтінді мазмұнына қарай бөлімдерге бөлу
|
Достарыңызбен бөлісу: |