Мұханбекқызы Айнұр
Мәтінді мәнерлеп оқыңыздар, мазмұнын айтыңыздар.
Өзгеге қуаныш сыйлау – өзіңе бақыт сыйлау деген ұғымды қалай түсінесіздер?
Фонетика саласы бойынша тест тапсырмалары
Дұрыс жауапты көрсетіңіз.
1.Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай ... болып бөлінеді.
А) қатаң және ұяң
В) ашық және қысаң
С) еріндік және езулік
D) жуан және жіңішке
Е) үнді және діріл, шұғыл
2. Дұрыс нұсқасын тауып, толықтырыңыз.
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ... болып бөлінеді.
А) қатаң және ұяң, жіңішке
В) ашық және қысаң
С) ұяң және жуан, үнді
D) қатаң және ұяң, үнді
Е) жуан және жіңішке
3. Дұрыс жауапты көрсетіңіз.
Ашық дауыстылар мыналар:
А) а, ә, о, ұ, э
В) о, ө, ұ, ү, ы, і
С) а, ә е, о, ө
D) т, қ, п , ф, с
Е) а, ә, б, ы, ұ, ү
4. Дұрыс жауапты көрсетіңіз.
Кірме әріптер мыналар:
А) я, ю, ё, э, щ
В) ф, ц, э, в, ч
С) в, ф, п, ч, с, щ
D) я, ю, э, ё, щ, һ
Е) һ, х, ә, ч, щ, я, ы
5. Дұрыс жауапты көрсетіңіз.
Қысаң дауыстылар мыналар:
А) ы, і, у, ұ,ү
В) и, у, ө, ү, і.ы
С) е, э, и, ы, і, и
D) а, е, ә, о, ө, ұ
Е) ы, і, а, е, ұ, ө
6. Дұрыс нұсқасын тауып, сөйлемді аяқтаңыз.
О, ө әріптері ....
А) буын талғамайды.
В) буын талғайды.
С) кірме сөздерде буын талғамайды.
D) біріккен сөздерде де буын талғамайды.
Е) кірме сөздердің соңында жазылмайды.
7. Дұрыс нұсқасын тауып, сөйлемді аяқтаңыз.
Еріндік дауыстыларды айтқанда, ....
А) ерін сүйірленіп, ілгері қарай созылады.
В) езу тартылып, ерін кейін жиырылады.
С) өкпеден ауа еркін шықпайды.
D) тілдің ұшы сәл ілгері қарай созылады.
Е) ауа кедергі ұшырап шығады.
8. Дұрыс нұсқасын тауып, толықтырыңыз.
Әріпнама дегеніміз – ....
А) белгілі бір нәрсенінің шартты таңбасы.
В) әріптерді оқимыз, көреміз.
С) әріптердің рет-ретімен тізілген жиынтығы.
D) дыбыстарды айтамыз, естиміз.
Е) жазуда тіл дыбыстарын белгілеу үшін қолданылатын таңба
9. Дұрыс жауапты көрсетіңіз.
Әріпнамалық ретпен жазылған сөздердің қатарын табыңыз.
А) айдар, қалам, сақ, ноқат, тау
В) астық, әлем, базар, қазақ, жау
С) өрік, рахат, ворма, ыдыс, іс
D) әсем, бейнелі, көрікті, желді
Е) сұлу, шындык, тарақ, хабар
10. Дұрыс жауапты көрсетіңіз.
Бас әріппен жазылатын сөздердің қатарын көрсетіңіз.
А) адамның , өсімдіктің атаулары
В) жануарлардың атаулары
С) жер-су аттары
D) жалпы есімдер, жалқы есімдер
Е) газеттегі мақалалар
11. Жұмысшы сөзінің орфоэпеялық қалыпқа (нормаға) сай жазылған нұсқасын көрсетіңіз.
А) жұмышшы
В) жұмұсшы
С) жұмұшшұ
D) жұмұшшы
Е) жұмұшсұ
12. Қария сөзінің дұрыс айтылуын көрсетіңіз.
А) қариа
В) қарийа
С) қариаиа
D) кәрие
Е) қарие
13. Орфографиялық қалыпқа (нормаға) сай жазылған сөзді табыңыз.
А) байыйды
В) байиды
С) баииды
D) байіды
Е) байыйды
14. Қатесіз жазылған сөзді көрсетіңіз.
А) кейуана
В) кеюана
С) кеюуана
D) кейюана
Е) кеиуана
15. Толықтырыңыз.
Дауыстылар .... ашық, қысаң болып бөлінеді.
А) тілдің қатысына қарай
В) үн мен салдырдың қатысына қарай
С) жақтың қатысына қарай
D) еріннің қатысына қарай
Е) ерін мен езудің қатысына қарай
16. Толықтырыңыз.
Дауыссыздар ..., ұяң болады.
А) дауыс салдырдан басым болса
В) дауыстан салдыр басым болса
С) тек салдырдың қатысынан болса
D) ауа өкпеден еркін шықса
Е) тек қана салдырдан тұрса
17. Толықтырыңыз.
Ә әрпі ....
А) буын талғамайды
В) сөздің соңғы буынында мүлдем жазылмайды.
С) кейбір сөздердің соңғы буынында жазылады.
D) сөздің басқы буынында ғана жазылмайды.
Е) сөздердің кез келген буынында жазылады
18 Толықтырыңыз.
Сөздің басқы буынында еріндік дауыстылар тұрса, келесі буындардағы езулік дауыстылар (е,ы,і) ....
А) естіледі де, жазылады да.
В) естілмейді де, жазылмайды да.
С) естілгенмен, бірақ жазылмайды.
D) естілмейді, бірақ жазылады.
Е) ешқандай әсері болмайды.
19. Қазақ тілінде қ, ғ дауыссыздары тек ....
А) жіңішке дауыстылармен тіркеседі.
В) жуан дауыстылармен тіркеспейді.
С) жуан дауыстылармен тіркеседі.
D) ашық дауысталармен тіркеседі.
Е) тек қатаң дауысыздармен тіркеседі.
20. Ұ, ү әріптері сөздердің соңғы буынында .....
А) сирек те болса да жазылады.
В) мүлдем жазылмайды.
С) көбінесе кездеседі, жиі жазылады.
D) дыбыстары айтылады, жазылмайды.
Е) сөздер аяқталады әрі жазылады
21. Тиісті қосымшаны жалғаңыз. Клуб...
А) -ға
В) -ге
С) -қа
D) -ке
Е) -тер
22. Тиісті қосымшаны жалғаңыз. Петроград...
А) -тан
В) -тен
С) -дан
D) -ден
Е) -нан
23. Тиісті қосымшаны жалғаңыз. Геолог...
А) -қа
В) -ке
С) -ге
D) -ға
Е) -да
24. Тиісті қосымшаны жалғаңыз. Авиамодель...
А) -тің
В) -дің
С) -дың
D) -тың
Е) -ның
25. Тиісті қосымшаны жалғаңыз. Цех...
А) -ха
В) -қа
С) -ке
D) -ға
Е) -ге
26. Тиісті қосымшаны жалғаңыз. Рецепт...
А) -іні
В) -ті
С) -ты
D) -ыны
Е) -тың
27. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз. Күмән...
А) -ді
В) -ды
С) -ты
D) -ті
Е) -лы
28. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз. Галстук...
А) -ты
В) -ды
С) -ді
D) -ті
Е) -дың
29. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз. Гардероб...
А) -бен
В) -мен
С) -пен
D) -бенен
Е) -менен
30. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз. Микроб...
А) -тің
В) -дің
С) -дың
D) -тың
Е) -ның
31. Қатесіз жазылған сөзді көрсетіңіз.
А) центнерді
В) центнеріді
С) центнерды
D) центнерті
Е) центнерыны
32. Қатесіз жазылған сөзді көрсетіңіз.
А) ілестірып
В) ілестырып
С) лестіріп
D) ілестіріп
Е) ылестіріп
33. Қатесіз жазылған сөзді көрсетіңіз.
А) трестке
В) треске
С) трестіге
D) трестқа
Е) трестте
34. Қатесіз жазылған сөзді көрсетіңіз.
А) пункттен
С) пунктіден
С) пунктен
D) пунктынан
Е) пунктінан
35. Қатесіз жазылған сөзді көрсетіңіз.
А) адъютант
В) адиутант
С) адютант
D) адьютант
Е) адиютант
36. Қатесіз жазылған сөзді көрсетіңіз.
А) киловатта
В) киловата
С) киловаттта
D) киловатте
Е) киловаттен
37. Қатесіз жазылған сөзді көрсетіңіз.
А) жатығудан
В) жаттығуден
С) жаттығудан
D) жаттығутан
Е) жаттығуыдан
38. Қатесіз жазылған сөзді көрсетіңіз.
А) сиездің
В) сьездің
С) сиезіның
D) съездің
Е) съездден
39. Қатесіз жазылған сөзді көрсетіңіз.
А) граммотасы
В) граммы
С) килограммы
D) грамматикасы
Е) граматикалық
40. Қатесіз жазылған сөзді көрсетіңіз.
А) тунельде
В) туннелде
С) туннельда
D) туннельде
Е) туннельінен
41. Мына сөзде қанша дыбыс, неше әріп бар? Аялы
А) 5,5
В) 5,6
С) 5,4
D) 6,5
Е) 4,4
42. Мына сөзде қанша дыбыс, неше әріп бар? Күзету
А) 6,7
В) 6,6
С) 6,5
D) 5,6
Е) 7,6
43. Мына сөзде қанша дыбыс, неше әріп бар? Жұмыртқа
А) 8,8
В) 9,8
С) 8,9
D) 8,7
Е) 9, 8
44. Мына сөзде қанша дыбыс, неше әріп бар? Тақия
А) 5,5
В) 5,6
С) 5,4
D) 5,7
Е) 6,5
45. Мына сөзде қанша дыбыс, неше әріп бар? Байиды
А) 6,6
В) 6,7
С) 7,7
D) 6,8
Е) 7,6
46. Мына сөзде қанша дыбыс, неше әріп бар? Риза
А) 4,4
В) 4,5
С) 4,6
D) 4,7
Е) 5,4
47.Қатесіз жазылған сөзді табыңыз.
А) іине
В) иікем
С) киік
D) кіим
Е) киелы
48. Қатесіз жазылған сөзді табыңыз.
А) сыйяқты
В) сыйқым
С) сыйымды
D) сыйдаңдап
Е) сыйрақтары
49. Қатесіз жазылған сөзді табыңыз.
А) кею
В) кейіиді
С) кейуақ
D) кейібірі
Е) кейюана
50. Қатесіз жазылған сөзді табыңыз.
А) іриді
В) іириді
С) иіриді
D) ырыиді
Е) ірыйды
51. Қатесіз жазылған сөзді табыңыз.
А) сүиек
В) сійрек
С) иін
D) ыйық
Е) инелык
52. Қатесіз жазылған сөзді табыңыз.
А) құйын
В) құимақ
С) қыйналыс
D) хаюанша
Е) қадырсыз
53. Кірме әріптердің қатарын көрсетіңіз
А) э, я, ю, Һ
В) ч, ш, щ, ц
С) э, ц, ч, ё
D) ё, э, х, й
Е) х, ц, в, ф
54. Кірме сөздерде ғана кездесетін әріптерді көрсетіңіз.
А) в, ф, э, ц
В) ч, щ, я, э
С) я, ю, ф, в
D) ё, э, ф, ю
Е) ф, щ, х, Һ
55. Кірме сөздерде ғана сөз аяғында кездесетін әріптерді көрсетіңіз.
А) г, к, в, ф
В) ғ, г, д, о
С) г, д, в, о
D) о, ә, в, п
Е) ё, о, я, ю
56. Көп нүктенің орнына х, қ әріптерінің тиістісін қойыңыз.
Ра...ат, та...та, ...ош иіс
А) қ, х, қ
В) қ, х, х
С) х, қ, х
D) х, қ, қ
Е) х, х, қ
57. Көп нүктенің орнына х, қ әріптерінің тиістісін қойыңыз.
Са...на, са...ара, мұ...ит
А) х, х, х
В) қ, х, х,
С) х, қ, х
D) х, х, қ
Е) қ, қ, қ
58. Көп нүктенің орнына ф, п, б әріптерінің тиістісін қойыңыз.
Шка..., шта..., шауы...
А) п, ф, б
В) ф, б, п
С) б, ф, п
D) ф, п, б
Е) п, б, п
59. Көп нүктенің орнына ц, ч әріптерінің тиістісін ретіне қарай қойыңыз.
...емент, у...илище, авиа...ия
А) ц, ч, ч
В) ц, ч, ц
С) ч, ц, с
D) ц, ц, ч
Е) щ, ч, ц
60. Көп нүктенің орнына лл, л және мм, м әріптерінің тиістісін қойыңыз.
Мета..., мета...ды, гра...дап, килогра... .
А) лл, л, м, мм
В) мм, м, л, лл
С) л, лл, мм, м
D) л, лл, мм, мм
Е) лл, л, мм, м
61. Мейлінше дұрыс жауапты көрсетіңіз.
А дыбысы -... .
А) жуан, езулік, ашық дауысты дыбыс
В) дауысты, ашық, жуан дыбыс
С) ашық, жуан, езулік дыбыс
D) жуан, езулік дауысты дыбыс
62. Мейлінше дұрыс жауапты көрсетіңіз.
Дауыссыз б, д дыбыстары қазақтың төл сөздерінде ... .
А) сөздің басында ғана қолданылады, ал кірме сөздерде аяғында да кездесе береді.
В) сөздің басында, ортасында, соңғы буынында қолданылады, бірақ сөз аяқталмайды, ал кірме сөздерде сөз аяқтала береді.
С) сөздің басында, ортасында ғана қолданылады, ал кірме сөздерде аяғында да кездесе береді.
D) сөздің басында да, соңғы буынында да қолданылады, бірақ сөз аяқталмайды, ал кірме сөздерде аяғында да кездесе береді.
Е) сөздің кез келген буынында кездеседіғ буын талғамайды.
63. Мейлінше дұрыс жауапты көрсетіңіз.
Р дыбысы - ... .
А) үнді, діріл дауыссыз дыбыс
В) үнді дауыссыз дыбыс
С) дауыссыз дыбыс
D) діріл, үнді дауыссыз
Е) көмей, шұғыл дауыссыз.
64. Мейлінше дұрыс жауапты көрсетіңіз.
И әрпі -
А) жалаң и дыбысының да, қосарлы ый дыбысының да таңбасы.
В) жалаң и дыбысының да, қосарлы ый, ій дыбысының да таңбасы.
С) жалаң и дыбысының таңбасы.
D) қосарлы ый, ій дыбысының таңбасы.
Е) дауыссыз и дыбысының таңбасы.
65. Мейлінше дұрыс жауапты көрсетіңіз.
У әрпі -
А) жалаң у дыбысының да, қосарлы ұу дыбысының да таңбасы
В) жалаң у дыбысының да, қосарлы үу, ұу дыбысының да таңбасы
С) жалаң дыбысының да, қосарлы ұу дыбысының да таңбасы
D) қосарлы үу, ұу дыбысының таңбасы
66. Мейлінше дұрыс жауапты көрсетіңіз.
И әрпінің емлесі:
А) кірме (бригада, кино) сөздерде жалаң и дыбысын таңбалайды.
В) сөз құрамында я,ю әріптерінен бұрын ы,і әрпі келсе, олар жазылмай, и әрпі жазылады, кірме (бригада, кино) сөздерде жалаң и дыбысын таңбалайды.
С) сирек, тасиды сөздерінде қосарлы дыбыстарды таңбалайды.
D) кірме (бригада, кино) сөздерде жалаң и дыбысын, ал сирек, тасиды сөздерінде қосарлы дыбыстарды таңбалайды, сөз құрамында я,ю әріптерінен бұрын ы,і әрпі жазылмай, и әрпі жазылады.
Е) и әрпінің алдында ы әрпі әрқашан сақталып жазылады да, ал і дыбысы айтылғанмен і әрпі жазылмайды.
67. Мейлінше дұрыс жауабын көрсетіңіз.
Тура, сауыт сөздеріндегі у дыбысы - ........
А) дауысты, дауыссыз дыбыстар
В) жуан, қысаң дауысты және үнді дауыссыз дыбыстар
С) жуан, қысаң, еріндік дауысты және үнді, ерін дауыссыз дыбыстар
D) жуан, қысаң, еріндік дауысты және ерін дауыссыз дыбыстар
68. Мейлінше дұрыс жауапты көрсетіңіз. Институт сөзіндегі
и және у дыбыстары - .......
А) жалаң дауыстылар
В) жалаң, жуан, қысаң дауыстылар
С) жуан, қысаң дауыстылар
D) қосарлы дауысты дыбыстар
Е) езулік, қысаң, жіңішке дауыстылар
69. Мейлінше дұрыс жауапты көрсетіңіз. Қазақ тілінде екпін ... болады.
А) тұрақты
В) сөздің соңғы буынына түседі де тұрақты
С) негізгі және көмекші екпін болып бөлінеді де сөздің соңғы буынына түседі де тұрақты
D) сөздің соңғы буынына түспейді де, негізгі және көмекші екпін
Е) негізгі екпін сөздің соңғы буынына түседі, ал негізгі екпіннің орны жылжымалы
70. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз.
А) та-уық
В) қу-ат
С) о-йын
D) ки-імі
Е) ал-аса
71. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.
Лаура кітап... алды.
А) -ты
В) -ды
С) -ны
D) -ті
Е) -ны
72. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.
Анаңды құрмет....
А) -та
В) -те
С) -де
D) -да
Е) -ке
73. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.
Айжан газет... жазылды.
А) -ге
В) -қа
С) -ға
D) -ке
Е) -не
74. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.
Оқушы мұғалім... сұрады.
А) -нен
В) -нан
С) -дан
D) -ден
Е) -тан
75. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.
Науқас емхана.. барды.
А) -қа
В) -ге
С) -ға
D) -ке
Е) -на
76. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.
Ардагер... клубына барды.
А) -лар
В) -лер
С) -дер
D) -дар
Е) -тар
77. Орфографиялық қалыпқа (нормаға) сай жазылған сөзді табыңыз.
А) құс жолы
В) құс солы
С) құш жолы
D) құж жолы
Е) құш шолы
78.Дұрыс жазылған жауапты табыңыз.
А) сембі
В) сенбі
С) семпі
D) сенпі
Е) сеңбі
79. Орфографиялық қалыпқа (нормаға) сай жазылған сөзді табыңыз.
А) ардакер
В) ардагар
С) ардақар
D) ардагер
Е) ардағер
80. Дұрыс жазылған жауапты табыыз.
А) аспасжы
В) аспасшы
С) аспазшы
D) аспазжы
Е) аспашшы
81. Орфографиялық қалыпқа (нормаға) сай жазылған сөзді табыңыз.
А) көшбасшы
В) көшбассы
С) көшбащы
D) көшбашсы
Е) көшбашшы
82. Дұрыс жазылған жауапты таңдаңыз.
А) тігұшақ
В) тікұшақ
С) тығұшақ
D) тықұшақ
Е) тікүшақ
83. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.
Мынау - ұлттық кітап...
А) -ша
В) -қа
С) -қан
D) -хана
Е) -қор
84. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.
Өнер.. бала.
А) -паз
В) -қой
С) -кер
D) –қор
Е) -ші
85. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.
Ол ықылас... тыңдады.
А) -пан
В) -бен
С) -пен
D) -тен
Е) -бен
86. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.
Бала автобус... келді.
А) -пан
В) -пен
С) -бан
D) -бен
Е) -мен
87. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.
Айжан - сән... қыз.
А) -қой
В) -кер
С) -ғой
D) -гөй
Е) -қор
88. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.
Ардагер зейнет....
А) -кер
В) -ғар
С) -гер
D) -қор
Е) -паз
?!Дұрыс жауабын табыңыз.
89. Отанға байланысты айтылған сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) жазғы қоныс
В) кіндік қаны тамған жер
С) ескі қоныс
D) бұл жер - менің ата-бабам қалған мұрам
Е) жер телімі
90. Отан үшін отқа түссең - күймейсің. Бұл сөйлем қай топқа жатады?
А) шешендік сөздер
В) тұрақты тіркес
С) атаулы сөйлем
D) нақыл сөз
Е) еркін тіркес
91. Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік күнін көрсетіңіз.
А) 16 желтоқсан 1992
В) 25 қазан 1991
С) 16 желтоқсан 1991
D) 7 мамыр 1991
Е) 17 желтоқсан 1991
92. Ашық дауыстыдан басталып, қысаң дауыстыға аяқталған сөзді көрсетіңіз.
А) отанымызға
В) отанымыздан
С) отанымызды
D) отан
Е) отанымызда
93. Э дыбысы - қандай дыбыс? Мейлінше дұрыс жауабын табыңыз.
А) жіңішке дауысты дыбыс
В) ашық, езулік, жіңішке дауысты дыбыс
С) буын талғайтын жіңішке дауысты дыбыс
D) ашық, езулік, жіңішке, кірме дауысты дыбыс
Е) ашық, езулік, кірме дауысты дыбыс
94. Ризашылық сөзінде неше дыбыс бар?
А) 9 дыбыс
В) 10 дыбыс
С) 11 дыбыс
D) 12 дыбыс
Е) 8 дыбыс
95. Айтылуы бойынша жазылған сөзді көрсетіңіз.
А) көктемгі
В) көктөмгі
С) көктүмгү
D) көктемгү
Е) көктөмгү
96. Орфографиялық нормаға сай жазылған сөзді белгілеңіз.
А) кеюана
В) кейуана
С) кейюана
D) кеуана
Е) кеюуана
97. Кірме әріптердің қатарын көрсетіңіз.
А) я, ю, э, ё
В) я, ю, Һ, ц, ч
С) э, ё
D) б, в, ф, ч
Е) э, я, ю
98. Толықтырыңыз. Қазақ тілінде ... дыбыс бар.
А) 37
В) 38
С) 42
D) 40
Е) 33
99. Толықтырыңыз. Қазақ тілінде ... әріп бар.
А) 36
В) 37
С) 38
D) 42
Е) 40
100. Толықтырыңыз. Қазақ тілінде ... дауысты дыбыс бар.
А) 15
В) 37
С) 38
D) 12
Е) 26
Достарыңызбен бөлісу: |