Мұханбекұлы Нұрсұлтан
Мәтінді мәнерлеп оқыңыздар, мазмұнын айтыңыздар.
Еліміздің жарқын болашағының кепілі – білімді де білікті де жас мамандар деген тақырыпта дебат ұйымдастырыңыздар.
Еңбектің наны тәтті
Еңбек – адамның бақытты өмір сүруінің негізгі кепілі десек, бұл артық айтқандық емес. Себебі, адамға ең қажетті заттардың бәрі еңбек арқылы келеді. Еңбек арқылы біз өзіміз аңсаған арманымызға қол жеткізе аламыз. Еңбек етуге баланы ата-ана кішкентай кезінен баулу керек. Кішкентай баланың әлі жететін, қолынан келетін ұсақ-түйек шаруаларды оған сеніп тапсыруға болады. Өз қолымен бірдеңені істеуі, үлкендерге септігін тигіздім деп ойлауы, бала бойындағы өз күшіне деген сенімділікті бекітеді. Титейінен еңбектеніп үйренген бала, өзгелердің де еңбегін сыйлай біледі. Өзі қандай үлкен лауазымды қызметкер болса да, еңбекке, қарапайым еңбек адамына деген құрметін жоғалтпайды. Лауазымды қызмет атқару немесе басшы болуды еңбек емес деп ойлайтын жандар да кездесіп қалады. Жоқ, бұл да – еңбек. Еңбек іштей ой еңбегі, қол еңбегі, ауыр жұмыс, жеңіл жұмыс, таза жұмыс, лас жұмыс деп жіктеледі. Ой еңбегіне әртүрлі саладағы шығармашылық жұмыстарды жатқызамыз. Лас жұмыс деген экологиялық тұрғыдан қарастырып, ауыр өндіріс пен қоршаған зиянды әсері бар жұмыс орындарындағы еңбекті айтамыз. Ауыр жұмыс деп адамның физикалық күшін, әлеуетін қажет ететін жұмыс түрін санаймыз. Еңбектің салмағына қарай ісің де өнбек. Еңбегің табысты болса, өмірің бақытты болмақ. зің ұнататын салада өзің қалаған мамандық бойынша еңбек ету үшін адамға қуаныш сыйлайды. Өз ісін сүйген еңбек адамы ғана үлкен жетістікке қол жеткізе алады, арманның асқақ шыңын бағындыра алады. Өз еңбегіңмен тапқан табыстың салмағы да өзің үшін маңызды. Өз еңбегіңмен тапқан ақшаға нан сатып алу, өзіңе қажетті зат алу, өз жақындарыңа сыйлық сатып алып сыйлау, бұл – үлкен жетістік. Ал үлкен жетістік адамға үлкен қуаныш сыйлайды. Қуаныш адамға бақыт әкеледі. Түптеп келгенде, еңбек, тек еңбек қана адамға баянды бақыт сыйлай алады. Себебі, еңбек, еңбекпен тапқан табысың адамға ырыс әкеліп, өміріне құт-береке енгізіп, ертеңгі күнге деген сенімін нығайтады. Ал бақыт дегеніміз – ертеңгі күніңізге, болашағыңыздың жарқындығына деген нық сенім емес пе?!
Достарыңызбен бөлісу: |