Ел аузынан
Мәтінді мәнерлеп оқыңыздар.
Мәтіннен екпін түспейтін буындарды табыңыздар.
Аралас буынды сөздерге талдау жасаңыз.
Тіл - әлем есігін ашатын ғажайып кілт
Тіл дегеніміз – адамдардың қарым-қатынасында өте маңызды қызмет атқаратын қуатты құрал. Тіл дегеніміз түсіністіктің, тілдік қатысымның басты құралы. Әрине, тілдің негізгі құралы – сөз. Ал сөздің негізі ой-санада жатады. Сөз арқылы адамдар ойын сыртқа шығарады. Тілдің көмегімен адамдар достыққа, ынтамаққа, татулыққа, бірлікке, берекеге қол жеткізеді. Тіл – адамшылықтың, имандылықтың асыл қасиеті, қайнар көзі. Адамдармен қарым-қатынас өрістете түсу үшін өзге халықпен, басқа ұлт өкілдерімен тілдік қарым-қатынас жасау қажет. Адам тілі – өте қызық, ғажайып сырға толы құпиялы дүние. Жалпы жер бетінде жеті мыңдай тіл бар, дейді лингвист ғалымдар. Ал мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болу құрметіне 130 тіл ғана ие. Біздің қазақ тілі де – осындай құрметке ие болған санаулы тілдердің бірі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – Отанымыздағы да, жат жұртта жүрген қазақтардың ана тілі және Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін ана тілім деп санайтындары да аз емес. Өзге ұлт өкілі болса да, «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы болып отырған Асылы Осман ханым осы сөзіміздің жарқын дәлелі бола алады.
Адам қанша тілді жақсы білсе, сонша елді білемін деп айтуға құқы бар. Үш тіл білсең, өзгелерден үш есе, жеті тіл білсең, өзгелерден жеті есе биік тұрасың, дейді халық даналығы. Әлемде әртүрлі тілдер бар. Әртүрлі халықпен қарым-қатынас жасау үшін шет тілін үйрену керек. Тіл тек, тілдік қатысым ғана емес, білімнің де негізі, бастауы. Өнер алды - қызыл тіл, деп дана бабаларымыз текке айтпаған. Барлық жақсылық, игі істердің бәрі тілден басталады. Тіл – әлемнің, бар жаҺанның есігін ашатын сиқырлы құрал, ғажайып кілт. Сондықтан да парасатты да білімді боламын деген адам тіл үйрену керек.
Мәтінді мәнерлеп оқып, көшіріп жазыңыздар.
Екпін түспейтін буындарды астын сызып көрсетіңіздер.
2. Негізгі екпін дегеніміз не?
3. Көмекші екпін дегеніміз не?
4. Не себепті қазақ тілінде екпін тұрақты деп айтамыз?
* * * * *
Достарыңызбен бөлісу: |