Р. Т. Наралиева


-жаттығу. Мәтінді оқыңыз және мағынасына қарай бірнеше бөліктерге бөліңіз. Ойды қағазға түсірудің төрт тәсілі



бет37/45
Дата20.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#191987
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
Байланысты:
Книга для слушателей-ор,2(1)(1)

2-жаттығу. Мәтінді оқыңыз және мағынасына қарай бірнеше бөліктерге бөліңіз.
Ойды қағазға түсірудің төрт тәсілі
Адамның берген жауабы, іс-қимыл әрекеті
оның көзқарасын анықтайды. Джим Рон.

  • Уақытты басқара білудің ең керемет тәсілдерінің бірі – қағазда ойлана білу қабілеті болып табылады. Табысты кәсіпорынды жасау - үй тұрғызған тәрізді. Сіз идеяны ойша толғанып жүресіз де , қағазға түсіресіз, сосын барып оны жобаға айналдырасыз. Менде: ИДЕЯ НЕГІЗІНДЕ ЕМЕС, ҚҰЖАТ НЕГІЗІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ - дейтін түсінік бар.

  • Күнді жоспарлау да қағазға түсіруді талап етеді. Бұл – адамның таңертең тұрып: «Бүгін мен не істеуім керек екен, қане қарайық та?» - дегеніндей түкке жарамайды. Бұл өте кеш болады. Бұндай адамның ең жақсы істей алатыны, ол – күннің қалған кезінде келер күнді, келер аптаны, келер айды қалай өткізуді жоспарлай бастауы.

  • Ойды қағазға түсіру - бұл шабыт ағымы. Ол: «Не істеу керек?» - деп тек тізім құрғанға қарағанда, әлдеқайда көп әр алуан гұсқаларды шамалайды. Өміріңізді жоспарлауда Сіздің пайдалануыңызға болатын төрт түрлі өте маңызды әдіс бар.

(Әсет Мұқашбеков, Тілеуберді Құлиев. Желілі бизнестің көмегімен ақымақтық пен жоқшылықтан қалай құтылуға болады? Б.99-103.)


Е кпін


ҚАНАҒАТШЫЛ ҚҰМЫРСҚА


Сүлеймен патша өз заманында әділдігімен аты шыққан дана адам болған. Сүлеймен патша жан-жануарлардың, құрт-құмырсқаның тілін біледі екен.


Бір күні Сүлеймен патша жолаушылап келе жатыпты. Жарты жолға келгенде ат шалдырып, дем алып отырса, кішкентай бір құмырсқаның дән тасып жүргенін көреді. Оны жерден көтеріп алады да, алақанына салып тұрып:
– Қане, құмырсқа, айтшы, дәнді қайда алып барасың? – деп сұрайды.
– Илеуіме апарамын, – дейді құмырсқа. Сүлеймен данышпан сұрайды:
– Оны қайтесің?
– Кейінге сақтаймын, – дейді құмырсқа.
– Көп жинайсың ба? – деп сұрайды.
Құмырсқа өз шаруасының жайын былайша баяндайды:
– Жаздай жұмыс істеп, жейтін азығымды жинаймын да, қыстыгүні қаннен қаперсіз тынығып жатамын.
Данышпан құмырсқаны шыр айналдыра қарай бастады:
– Басың неге үлкен?
– Аз сөйлеп, көп ойлаймын.
– Белің неге қылдырықтай?
– Қомағай емеспін.
– Жылына қанша дән жейсің?
– Бір дән жеймін...
– Соған қанағат етесің бе?
Одан көп жей берсем жер бетіндегі басқа құмырсқалар аш қалмай ма? Қанағат керек қой!
Құмырсқаның ақылына, қанағатына, көрегендігіне сүйсінген данышпан оны сынап көрмек болады. Қорапқа бір дән салады да, құмырсқаны соған қоса қамайды. Сонан соң су тимейтін бір жайлы жерге орналастырады.
– Бір жылдан кейін келемін. Дәнің бар жейтін, қамсыз жата бер, – дейді данышпан құмырсқаға ескертіп. Осылайша құмырсқаның азықты қалай үнемдейтінін білгісі келеді.
Бір жыл өткен соң данышпан әлгі құмырсқаға қайта оралады. Өзі қойып кеткен жерден қорапты тауып алады. Құмырсқаның өлі-тірісін білмек болып, қорапты ашады. Қараса, құмырсқа тірі екен. Қасына қалдырған жалғыз дәннің жартысын ғана жепті. Бұған таңданған данышпан:
– Ей, құмырсқа, – депті мұның себебін білмек ниетпен. Сен жылына бір дән жеймін деп едің ғой. Мына дәнді неге түгел жемей, жартысын қалдырғансың? Не себептен сонша үнемдедің?
Сонда құмырсқа былай депті:
– Айтқаның дұрыс, мен жылына бір дән жеймін, ол рас. Ал сен болсаң мені қорапқа салып, қамап кеттің. Сыртқа шыға алмаймын. Егер сен мені бұл қамаудан босатуды ұмытып кетсең, тағы да бір жыл қамауда жататын едім. Бір дәнді түгел жеп қойсам, аштан өлетін едім. Соны ойлап, қанағат еттім.
Данышпан құмырсқаның шыдамдылығы мен тастай берік қанағатына қайран қалыпты. Оны қамап кеткенінің қиянат болғанын, азапқа салғанын енді түсініп:
– Менің істеген ісім дұрыс болмапты, кешір! – депті де, құмырсқаны қамаудан босатып жіберген екен.
Сүлеймен данышпан адам баласына қанағаттың қасиетін үйретіпті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет