Р. Т. Наралиева


-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазыңыздар, екпнін түспейтін буындарды, сөздерді астын сызып көрсетіңіздер. Менің таңдаған мамандығым



бет33/45
Дата20.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#191987
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
Байланысты:
Книга для слушателей-ор,2(1)(1)

2-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазыңыздар, екпнін түспейтін буындарды, сөздерді астын сызып көрсетіңіздер.


Менің таңдаған мамандығым

Мектеп бітіріп, үлкен өмірге бастар жолдағы алғашқы қадамым мамандық таңдаудан басталды. Кім болсам екен? Мамандықтың түрі көп қазіргі заман талабы мен сұранысына сай келетін кәсіппен айналыссам ба екен, әлде ата-анамның кеңесін тыңдасам ба екен? Осындай екіұдай сезімде жүргенімде, қазақ тілі пәнінің мұғалімі, өзімнің сүйікті ұстазым көмектесті. «Өз жүрегіңді тыңда, көңілің нені қаласа, соған барғаның дұрыс. Сауатты, білікті маман болып қана қою адамды бақытқа жеткізбейді. Шын мәнінде бақытты болғың келсе, өзің қалаған мамандығың бойынша жан-жақты білім алуға тырыс. Таңдаған мамандығыңның иесі болу – бұл шын бақыт пен үлкен жетістікке апаратын айқын жол», – деді аяулы апайым. Иә, «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігіңді тап та, бар қалан», – деп ұлы Абай атамыз айтқандай мен де өмірден өз орнымды табуға ұмтылдым. Арманым – адам жанын емдейтін психолог болу. Өмірде адасқан жандарға өз жолын тауып, бақытты болуына көмектескім келеді. Елімізде бақытты жандар көп болса екен деп тілеймін.






Естеріңізде сақтаңыздар!

Үндестік заңы

Қазақ тілінде төл сөздеріміздің басым көпшілігі бірыңғай не бірыңғай жіңішке болып айтылады. Мысалы, ана, ата, бала, бақыт, әке, шеше, іні.


Сонымен қатар сөздерге жалғанатын қосымшалар түбірдің соңғы буынының жуан не жіңішке болуына байланысты біркелкі жуан не біркелкі жіңішке болып жалғанады. Мысалы, ана-мыз-ға, бала-лар-ымыз-дан, әке-лер-іміз-ге, күнделік-тер-ді. Қосымшалардың түбір сөздердің соңғы буынының не жуан, не жіңішке болуына байланысты бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып жалғануын және түбірдің, сөздің соңғы дыбысының дауысты немесе үнді, ұяң болса, оларға үстелетін қосымшалардың үнді не ұяң, ал қатаң дыбысқаа аяқталған сөздерге қосымша қатаңнан басталып, үйлесіп жалғануын, сонымен түбір мен қосымшаның, сөз тіркестерінің арасындағы соңғы және алдыңғы дыбыстарының бір-біріне әсерін қазақ тілінде үндестік заңы деп атайды.



р/қ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет