1-тапсырма. «Қай әріпті жоғалттық?»
Көп нүктенің орнына тиісті дауыссыз дыбысты қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.
Мына ...аулы аймақта жабайы хайуандар бар. Бұл - ...аулы мәселе. Омар түскі асын ...ауысты. Әнші зор ...ауысты екен. 1-...оп бірінші орын алды. Мен ала ..оп сатып алдым.
Сергіту сәті. Сөзжұмбақты шешу.
Ұлт атауы
Шеше
Уақыт
Әкенің әкесі
Ас ішетін ыдыс
Әдемі
Сабақтың атауы
... түс
Ас атауы
Ү. Ойлан, тап!
1-тапсырма. «Қатардан шығып қалма!»
Сызбада берілген тірек әріптерді пайдалана отырып, сөздер жазамыз.
Кім көп сөз жазса, сол тыңдаушы ары қарай сайысты жалғастырады.
! 2-тапсырма. Берілген диалогті (сұхбатты) толықтыру.
Сәләметсің бе?! Танысайық. Менің - Айдарбек.
Сенің кім?
Сәлеметсің бе?! Менің - Сәкен.
3 -тапсырма. Әріптерге байланысты өлеңдерімізді жатқа айтайық.
Әріп пен ұғым
Руслан Нұрбай
Көз алдымда зымырайды елік-күн,
Елік-күнге мен қалайша еріппін?!
Жан деген бір үш әріп кеп ғайыптан,
Өмір деген төрт әріпке еніппін.
Содан бері бұлдырайды сағым-күн,
Сағым күнде сабылумен жаным жүр.
Ана деген үш әріпке жаутаңдап,
Бала деген төрт әріпті жамылдым.
Сол атауды өтіп жатқан жеңді күн,
Жеңді күнім, менің атым енді кім?!
Әке деген үш әріптен таныдым,
Дала деген төрт әріптің кеңдігін.
Жайсаң жанға шапағатын құйсын күн!
Құйсын күнім, махаббаттан күйсін мұң.
Ару деген үш әріпті армандап,
Сұлу деген төрт әріпке сүйсіндім.
Ақ пен қара жолдарымның жолағы,
Жолағы да уақыттың қонағы.
Дос деген сол үш-ақ әріп кей кезде,
Туыс деген төрт әріптен жоғары.
Тас төбемде жарқ еткенде жасын күн,
Жасын күнде жасағандай жасым мың.
Жыр деген сол үш әріпке ғашық боп,
Ақын деген төрт әріпке бас идім.
Тістенумен кейде көзге жас алып,
Жас алумен кете алмассың жасарып.
Жер деген бір үш әріпте жүрміз-ау,
Өлең деген төрт әріптен өш алып.
Ғажап шақтың өтеріне ой салмай,
Ой сала алмай, тентектіктен тайсалмай.
Аға деген үш әріпке жетіппіз,
Ақыл деген төрт әріпті айта алмай...
Қорытынды. Саяхат сабағымыздың соңына (ақырына) да жеттік. Қазақ тілі фонетикасынан алған білімдерімізді тексердік, нәтижесін көрдік.
Үй тапсырмасы: оңынан да, солынан да бірдей болып оқылатын сөздерді жазып келейік. Мысалы, ана, ара, аға, қазақ, т.б.
Буын және буынның түрлері. Тасымал
Мамандықтың бәрі жақсы
Отанына адал қызмет ету - әрбір адамның қасиетті парызы. Мен де өз еліме пайдалы қызмет еткім келеді. Елімнің өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді. Бірақ елімнің болашағы үшін кім болғаным дұрыс? Еліміздің экономикасының дамуына, мемлекетіміздің гүлденуіне септігін тигізер геолог болсам ба екен? Соңғы кезде елімізде қылмыс өршіп кетті, сондықтан да заңгер болсам ба екен? Әлде адам жанын емдейтін психолог болсам ба екен?
Кейде тіпті ұшқыш та болғым келеді. Ұшақпен көк аспанда зымырап, құсша қалықтап ұшқым келеді. Асыққан жолаушыларды қажетті жеріне дәл уақытында жеткізгім келеді. Көпшіліктің алғысына бөленгенге не жетсін, шіркін! Мен әлі кім болатынымды шешкен жоқпын. Анам да, ұстазым да: “Сен әлі кішкентайсың ғой, көзқарасыңды әлі талай өзгертесің. Мамандықтың жаманы жоқ, ең бастысы адал азамат болу керек”, - дейді. Иә, мамандықтың бәрі жақсы. Үлкейгенде бір емес, бірнеше мамандықтың иесі болғым келеді. Себебі, “Ер жігітке жеті өнер де аз”, - деген ғой аталарымыз. Ал сенің болашақта кім болғың келеді, замандасым?
Нұрсұлтан, 2004 жыл.
! 1. Айжан журналист болғысы келеді, ал сіздің болашақта кім болғыңыз келеді?
2. «Мамандықтың бәрі жақсы» деген аталы сөздің мән-мағынасын қалай түсінесіз?
3.Буын дегеніміз не?
4. «Менің таңдаған мамандығым» атты тақырыпқа шығарма жазыңыз.
Шығарма жазу барысында төменде көрсетілген нұсқауларды басшылыққа алыңыз.
Ұсынылған тақырып бойынша жоспар құрыңыз.
Шығарма тақырыбы тырнақшаға алынбайды және соның нүкте қойылмайды. Тақырып ретінде дәйексөз алынған жағдайда ғана тырнақшаға алынады.
Егер эпиграф жазылатын болса, онда оны парақтың оң жағына тырнақшаға алмай жазылады. эпиграфқа алынған жолдардың авторының аты-жөні дәйексөздің астына жазылады да, жақшаға алынбайды. Эпиграфтың қай туындыдан алынғаны көрсетілген жағдайда, автордың аты-жөнінен кейін үтір қойылып, шығарманың аты тырнақшаға алынып жазылады.
Жоспар эпиграфтың астына, эпиграф жоқ болса, онда бірден шығарма тақырыбынан кейін жол ортасына «Жоспар» деп жазылады да, соныңан нүкте қойылады.
Жоспар үш бөлімнен: кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады.
Әрбір бөлім рим цифрымен белгіленеді, одан кейін нүкте немесе жақша секілді тыныс белгілері қойылмайды.
Негізгі бөлім араб цифрымен белгіленген үш тармақтан тұрады. Әр тармақтың атынан кейін нүкте қойылады, ал араб цифрлары жақшаға алынбайды.
Шығарма бөлімінің, тармақтарының атаулары аз сөзді, сол бөліктің мазмұнын, мәнін ашатындай терең мағыналы болуы қажет. Шығарма тақырыбын жоспар бөліміне, тармақтарға қайталап атау ретінде қоюға болмайды.
Жоспар бөлімдерінің атауларында баяндауыш ретінде тұйық (қимыл-атау) етістіктен басқа етістікті қолдануға болмайды және сұраулы сөйлем болмағаны дұрыс болып табылады.
Шығарма жоспардан кейін жаңа азат жолдан басталыып жазылады. Шығарманың мазмұны тақырыпқа сәйкес болуы, сонымен қатар шығарма таза, ұқыпты әрі анық жазылу қажет.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре-тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
(Абай).
Өлең шумақтарын буынға бөліп, көшіріп жазыңыздар.
Қарамен жазылған сөздердің құрамындағы буын түрлерін айқындаңыздар.
1-жаттығу. Буынның үш түрі де кездесетін сөздер бар ма? Анықтаңыздар.
Пейзаж - француз сөзі, ел, мекен-жай деген ұғымды білдіреді.
Пейзаж - көркем шығармаларда жазушы суреттеген табиғаттың көрінісі. Көркем шығармадағы оқиға болып жатқан мекен-жайдың табиғатының сөзбен берілген суреті. Оқиға желісіне қарай суреткер қаланың, ауылдың, тау-тастың көрінісін немесе мезгілге байланысты қыс не жаз маусымын суреттеуі мүмкін. Сондықтан да осындай суреттеулерге байланысты пейзаж қала, ауыл, теңіз немесе күзгі, көктемгі, қысқы, т.б. көріністердің пейзажы болып аталады.
Пейзажда құбылыс пен табиғат көрінісінің, жарық пен әуенің, уақыт пен кеңістіктің бейнеленуі адамның табиғатқа қатынасы мен дүниетанымының, ой-өрісі мен сезімінің сәтті көрініс беруіне тығыз байланысты болып келеді.
* * * * *
Журналист интервью кезінде суретшіге былай деп сұрақ қойды:
Неліктен сіз соңғы уақытта натюрморттарыңызда тек жеміс-жидек пен көкөністерді ғана бейнелейтін болдыңыз?
Ой, терапевт дәрігер маған вегетриандық диета тағайындап қойған жоқ па...
Достарыңызбен бөлісу: |