Р. Т. Наралиева


Дана ойдан шыққан асыл сөз



бет39/45
Дата20.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#191987
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
Байланысты:
Книга для слушателей-ор,2(1)(1)

Дана ойдан шыққан асыл сөз

«Тәрбие басы – тіл».


Махмұд Қашқари

Білімдіден шыққан сөз


Талаптыға болсын кез.

Бес нәрседен қашық бол,


Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз...
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз.
Абай

«Тіл – халық қазынасы».


«Тілден артық қазына жоқ,


Тілден артық қасиет жоқ»
Н.Ә.Назарбаев


«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызда ұмыту». Бауыржан Момышұлы


«Әркімнің туған тілі – туған шеше,
Оған бала міндетті сан мың есе»
С.Мұқанов

Өнер алды – қызыл тіл.


Бас кеспек болса да,


Тіл кеспек жоқ.

Аспанда тірек,


Тілде тиек жоқ.

Туған ел – тұғырың,


Туған тіл – қыдырың.
Халық даналығы.


Тіл ұстарту сабағы


Менің көшбасшым

Қазақ елі, дархан қазақ даласы – ата-бабамыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап жеткізген, бізге ұрпақтарына аманат еткен асыл мұрасы. Осы дархан даламыз сан жылдар бойы бодандықтың бұғауында болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың парасатылығының арқасында ата-бабамыз неше ғасыр аңсаған тәуелсіздікке бейбіт жолмен қол жеткіздік. Бір кездерде әлем назарынан елеусіз болған, қос құрлықтың арасында, Орта Азияның төріне орналасқан Қазақстан ширек ғасырға жетер-жетпес уақытта-ақ кемел сыртқы саясатымен, толерантылығымен, саяси-экономикалық тұрғыдан тұрақтылығымен төрткүл дүниеге танымал болды, көптеген елдермен экономикалық-әлеуметтік достық қатынас орнатты. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енді. Тәуелсіздік – тірегіміз, дамыған елдердің қатарына ену – ендігі тілегіміз. Ұланғайыр табыстарға жетуіміздің негізі Елбасымыздың сындарлы саясатының сырында жатқаны дүниежүзіне аян. «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып, терезесін тең етер едім», – деген Елбасымыздың ұлағатты сөзі арманнан нақты іске айналды. Қазақ елін әлем таныды, экономикада, әлеуметтік салада, спорт пен мәдениетте, саяси тұрақтылықта қол жеткізген табыстарымызға әлем елдері тәнті болып қарайтын дәрежеге жеттік. Ұлы жетістіктерге жетуімізге, еліміздің аз уақытта-ақ секіріп, Азияның барысына айналған тарихи маңызды кезеңдеріне Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесі орасан зор, елбасымыздың ерен ерлігі, қажырлы қайраты, алып еңбегі талай шығармаларға арқау болды. Әсіресе, үлкен бір жиында туымыздың қисап құлауға шақ қалған сәтін туға жон арқасын беріп тұрған Президентіміз тұла бойымен, жан дүниесімен сезініп, жерге түсірмей қағып алған кезінде қалың халқы риза болды. Осы бір сәтте өлеңге қосқан атақты ақынымыз Асқар Оразалы былай деп жырлаған еді:


Желкесінде қырағы көзі бардай
Арқасымен әп сәтте сезіп, Алла-ай!
Жалт бұрылып жеткізбей жерге туды
Ұстап қалды Президент өзі қармай.
Елбасымыздың ұлағатты істері, өнегелі өмірі – мен үшін өте құрметті, қадірлі дүние. ЕҚЫҰ төрағасы, әлемдік Ислам конференциясының төрағасы болдық. Ақ Азиада спорттық ойындарын да жоғары дәрежеде өткіздік, ендігі меже – ЕХРО-2017. Халқын Тәуелсіздікке жеткізген, еліміздің бәйтерегі, бостандық таңының алтын діңгегі Елбасымыздың көрегенділігімен, парасатының арқасында еліміз гүлденіп, көркейіп келеді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, кемеңгер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев – әрқашанда ісімен, даналығымен, өнегелі өмірімен үлгі болған қайталанбас тұлға ретінде мен үшін әрқашанда көшбасшы болып қала береді. Еліміздің жарқын болашаққа бастаған Елбасымызды құрмет тұтамын әрі мақтан етемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет