Р. Т. Наралиева



бет40/45
Дата20.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#191987
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Книга для слушателей-ор,2(1)(1)

Мұханбекұлы Нұрсұлтан



  1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыздар.

  2. «Балалық шағымның аспаны» және тағы да басқа Елбасымыз туралы көркем, деректі фильмдерді көріп, мазмұнын әңгімелеңіздер.

  3. Елбасының өнегелі отбасының тәлімінің және «отан отбасынан басталады» деген халық даналығының мәнін ұштастыра сипаттаңыздар.

  4. «Менің көшбасшым» тақырыбына шығарма жазыңыздар.

Ел болашағы – жастардың қолында

Өркениетті кез келген мемлекет өзінің ертеңгі болашағы туралы терең ойлайды және ел болашағының жарқын болғанын қалайды. Дамыған елудің қатарына енген Қазақстан көзін алысқа тастап, өркенді топ-30 елдің қатарына енуді межелейді. Еліміздің өркендеуі, гүлденуінің кепілі – білікті де білімді азаматтар. Ал бүгінгі білімді де алғыр студент – ертеңгі білікті маман. Сондықтанда елімізде жастарға деген ықылас ерекше. Зейінді жастар мемлекет грантына ие болып елміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алуда. Ал «Болашақ» бағдарламасы алғыр жастарды алыс-таяу шетелдерде жоғары білім алуына қол жеткізді. Еліміздің жарқын болашағы кепілі – жас тарға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінеді. Арнайы жасалған жастар саясаты да – осы үлкен қамқорлықтың дәлелі.Ал 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауын ұсынды. Жолдауда Елбасының «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет. Үкіметке 2014 жылғы 1 маусымға дейін осы мәселе бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын.» - деген сөзі жастар бойына жаңа серпіліс берді.


Мені өте алаңдататын жайт ауыл жастарының қалаға тоқтаусыз ағылуы. Қалаға келгеннің бәрі бірдей жұмыс тауып, қала өмірінен өзіне лайық орын тауып орналасып жатқан жоқ. Бос сандалбай жүріс пен қаржы тапшылығы оларды әртүрлі ірілі-ұсақты қылмыс жолына түсуіне себепші болып отырғаны айдан анық, бәрімізге белгілі жайт. Сонымен қатар еліміздегі отыздан асқан, отбасын құрмаған сүр бойдақтардың біразы да осы қалаға келген ауыл жастары екендігі рас. Ауыл өмірін абаттандандыру мен ауылда саламатты өмір сүру салтын қалыптастыратын әлеуметтік жоба – үлкен механизм қажет. Ауыл өміріне қатысты, әсіресе ауыл жастарының өміріне қатысты әлеуметтік институттар, жастарға арналған әлеуметтік-мәдени, саяси ұтқыр жылжымалы орталықтар ашу қажет. Бұл орталықтар негізінен волонтерлік бағытта құрылған еріктілердің отрядынан жасақталса игі болар еді. Бұл еріктілер отрядынан құрылған орталыққа ең қажетті тұрақты мамандар – педагогтер мен психологтар, сонымен бірге орталықтың ауыспалы құрамы - әртүрлі мамандық саласындағы табысқа қол жеткізген кәсіпкерлер мен мамандар тартылғаны дұрыс. Еліміздің болашағы жастардың тағдырына енжарлықпен қарамай, оларға табыстың кілті сапалы білім мен саналы тәрбиеде, адал еңбекте екеінін насихаттап, ізгілікті олардың бойына сіңіру – біздің, аға ұрпақтың қасиетті парызы. Осы ұлы мақсатты жүзеге асыру жолында үлкен игі істер, ізгілікті шаралар жүзеге асырылуда. Еліміздің өркендеу жолында жастардың атқарар міндеті зор. Бізді, жастарды еліміздің боашағын одан ары нұрландыру үшін қажымас қайрат, ұлы мақсаттар мен идеяларды жүзеге асырар ұлы жобалар мен үлкен еңбек күтіп тұрғаны терең сезінеміз. Отанымызға адал қызмет етіп, өз үлесін қосу– әрбір елін сүйген жастың қасиетті парызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет