Р. Т. Наралиева



бет19/45
Дата20.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#191987
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45
Байланысты:
Книга для слушателей-ор,2(1)(1)

У дыбысының емлесі




Естімеген елде көп


1-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазыңыздар. У әрпі бар сөздердің құрамындағы у дыбысына сипаттама беріңіздер


Мүйізді жылан

Мүйізді тек тұяқты хайуанаттарға тән деп ойлау бекер екен. Солтүстік Африкада, Аравияда мүйізі бар улы сұр жыландар өмір сүретін көрінеді. Ал көзінің тұсында кішкентай екі мүйізі бар жыландар Ежелгі Египет дәуірінде де өмір сүріпті.


Оңтүстік Америкада мүйізді бақалардың 16 түрі кездесетіні мәлім. Ол бақалар ірі болады екен: олардың ұзындығы - 20 см, сыртқы түсін жердің, тастардың түрінен айыру қиын көрінеді. Бұл бақалар тышқандармен қоректенеді. («Білім және еңбек» журналынан).
1. Хайуанаттар сөзі қандай қағидат бойынша жазылған?.
2. Тұяқ сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.


2-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз. Ұйықтайды сөзі қандай қағидат бойынша жазылған?


Жыландар
Қыстың күндері жыланды кездестіре алмаймыз. Өйткені суық түсе ұсақ жәндіктеріндеріне, ағаш тамырларының түбіне тығылады да, көктемге дейін сонда ұйықтайды. Күн сәулесі жер бетін қыздыраған мезгілде жыландар ирелеңдеп сыртқа шығады. Көп ұзамай-ақ олар түлей бастайды. Жылан терісінің сыртындағы қабыршағы бас жағынан төмен қарай бүтіндей сыпырылып түседі. Сөйтіп, жыландардың терісіне жаңа қабыршақтар пайда болады. («Қаз әйелд.» журналынан).


3-жаттығу. Сөйлемдегі орны ауысып кеткен сөздерді орнына дұрыстап орналыстырыңыз.
Қыстыгүні жыландар түлей бастайды. Жыландардың денесін тұяқ басқан. Хайуанаттарда қабыршақ болады. Улы сұр хайуанаттар Солтүстік Африкада, Аравияда тіршілік етеді.


Ұшатын жылан
Құстың ұшатынын жұрттың бәрі біледі. Кейбір жыланның ұшатынын естігендерің бар ма?
Оңтүстік Азияның тропикалық ормандарында ұшатын жыландар кездеседі. Ұшатын жыландар ағаш басында тіршілік етеді. Олар ұшар алдында басын тік көтеріп, қабырғасын жазып, бүйір терілерін қампитып, қамданып алады. Сонан кейін денесімен ағашты тіреп тұрып, қатты серпіліп қалады да, қалықтап барып, екінші бұтаққа қонады.
(«Қаз. әйелд.» журналынан).
Р.S. Біздің елімізде де оқ жыландар кездеседі. Оқ жыландар дұшпанына атылар алдында басын тіктеп, бойын көтеріп, дайындалады да, тұрған жерінен серпіле атылады. Олар атылған кезде біраз метр жерге дейін ұшып барады.
1. Мәтінді оқып, құрамындағы әріп пен дыбыстық айырмашылығы бар сөздерге талдау жасаңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет