Р. Т. Наралиева


Дана ойдан шыққан асыл сөз



бет9/45
Дата20.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#191987
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
Байланысты:
Книга для слушателей-ор,2(1)(1)

Дана ойдан шыққан асыл сөз
Күн жиылып ай болады, он екі ай - жыл,
Жыл жиылып, қартайып қалғаны - бұл.
Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,
Жалғаны жоқ бір Тәңірім, кеңшілік қыл.
Абай.


Ә дауысты дыбысының емлесі





Атамекен

Х...лықтық ұғымда туған жерден қасиетті, одан асқан киелі ешн...рсе болған емес. Сондықтан да қ...терлі сапарға аттанарда немесе ел басына күн туып, уақытша қоныс аударған кезде кіндік кесіп, қаны тамған жердің бір уыс топыр...ғын ата-бабамыз ...рқашан өзімен бірге ала жүрген. Сондай-ақ, бір кісісі шет өлкеде қ...йтыс болса, уақытша жат топыраққа тапсырғанымен, кейінірек сүйегін туған жеріне ...келіп, ...рулап жерлейтін д...стүр болған.


Ата-бабамыздың түсінігінде: “Жер - қазына, су - алтын, мал - байлық».

...Атақты батыр Хангелді баласы Райымбекті 16 жасқа толғанда, “С...лем беріп, батасын алып қайт”,- деп, Төле биге жұмсапты. Төле биге с...лем беріп, елдің с...лем-сауқатын жеткізіп, қонақ болған Райымбек аттанар с...тте дана қартқа мынандай сауалдар қойыпты:


Жер дегенім немене?
Ел дегенім немене?
Жер сәні деген немене?
Ел сәні деген немене?
Жерді не көтереді?
Елді кім көтереді?
“Наурыз: Жаңғырған салт-дәстүрлер” кітабынан.

1. Көп нүктенің орнына а немесе ә әрпінің тиістісін қойып, мәтінді көшіріп жазыңыздар.


2. А және ә әріптерінің емлесі туралы айтыңыз, олардың өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтарын атап көрсетіңіздер.
3. Райымбек батырдың сұрақтарына сіздер қалай жауап берер едіңіздер?
4. Берген жауабыңызды кітапқа карап, бидің жауабымен салыстырыңыздар.
5. Райымбек батыр туралы не білесіздер?
6. Төле биден басқа тағы да қандай билерді білесіздер?
7. Билердің қазақ елінде атқарған қызметі қандай еді?
8.“Тура биде туған жоқ, туғаны бар биде иман” жоқ деген аталы сөздің мәніне талдау жасаңыздар.
9.Кейіпкерге әкесінің сұрағына жауап беруге көмектесіңіздер.
10. Отан, атамекен, туған жер сөздеріне анықтама беріңіздер.
11. Нақыл сөздерді жаттап алыңыздар.
12. Мына аталы сөздердің мағынасына көңіл аударыңыз, беретін мәніне талдау жасаңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет