Дауысты дыбыстардың жазылу емлесі
А, ә дауысты дыбыстарының емлесі
1-жаттығу. Көп нүктенің орнына а немесе ә әріптерінің тиістісін қойып, мәтінді көшіріп жазыңыздар.
Атамекен. Туған жер
Жеті ж...сқа толғанымда, ...кем мені ...уылдың төменгі ж...ғындағы ескі үйдің жұртын... апарды, жерге ...унатты.
Кіндік қ...ның тамған жер осы ара. Ұмытпа!- деді әкем
Атамекен бе? - деп сұрадым.
Әкем басын шайқады.
Атамекен деп, ата-бабасының ежелгі қонысын айтады. Ол алыста.
Сонда қалай, атамекен мен туғ...н жер - екі бөлек нәрсе ме?
Әрине. Сен осы ...уылда дүниеге келдің. Демек, бұл - туғ...н жерің. Ал атамекенің - сонау Көкшалғынның бойы. Өйткені, туғ...н-туыст...рың сол жақта тұрады.
Мен сенер-сенбесімді білмей ...ңырып қалдым.
Балам-...у, оның түсінбейтін несі бар? - деді әкем. - Мысалы, Болат інің Башқұртстанда туған жоқ па? Егер одан біреу атамекенің қ...й жерде деп сұраса, Қазақстанды айта ма, әлде Башқұртстанды айта ма?
Ойл...нуғ... тура келді.
1. Ауыл, аунатты, тура, туған, біреу сөздеріндегі у дыбысына сипаттама беріңіздер.
2. Атамекен, туған жер, отан сөздерінде неше дыбыс, қанша әріп бар екенін анықтаңыздар.
2-жаттығу. Башқұртстан, Көкшалғын сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыз. Үлгі:
А
|
дауысты
|
жуан
|
езулік
|
ашық
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |