Р. Т. Наралиева



бет4/45
Дата20.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#191987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Книга для слушателей-ор,2(1)(1)

1-жаттығу. Сөйлемдерді толықтырып, көшіріп жазыңыздар.
Қазақстан ... ... жөнінен дүние жүзінде ... орын алады. Еліміздің ... шекарасының жалпы ұзындығы ... км-ге созылып жатыр. Біздің Отанымыз Азияның ... орналасқан. Мемлекетімізде ... ... соңғы санақ бойынша халықтың саны ... млн-ға жетті. Елімізде ... қорық, ... ұлттық саябақ бар. Олардың ... ... мың гектар.


Отан - адамның туып өскен жері, елі, мемлекеті Отаны болып табылады. Адамның азамат болып қалыптасуы, өмірі Отанына байланысты. Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Әрбір адам Отанын сүюге, Отан мүддесіне қызмет істеуге міндетті.
Отаншылдық - өзінің туған халқын, ұлтын сүюшілік, Отанын құрметтеу, қорғау, оның гүлденуі жолында қызмет көрсетушілік, Отанға деген сүйіспеншілік.
Тәуелсіздік - мемлекеттің ішіндегі және сыртқы істерін өзі шешіп, өзі басқарып іс жүргізуі, өз билігінің өзінде болуы. Оған басқа өкіметтің араласуына жол бермейтіндігі, яғни саяси толық тәуелсіздігі мен дербестігі.
“Қазақ тарихы” түсіндірме сөздігінен.


2-жаттығу. Мына сөз тіркестерін пайдалана отырып, “Қазақстан - демократиялық және құқықтық мемлекет” атты тақырыпта мәтін құрастырыңыз.
Тәуелсіз мемлекет, демократиялық мемлекет, мемлекет билігі, парламент, елбасы, ел тұтқасы, ішкі саясат, сыртқы саясат, өз территориясы, демократиялық мемлекет, мемлекеттік меншік, мемлекет қауіпсіздігі, мемлекеттік рәміз, заңға қайшы келмейтін, халық қалаулылары, парламент мүшелері, өкімет басшысы, лауазымды тұлғалар, қол сұғуға болмайды, азаматтық құқық, бостандықты қамтасыз ету, мемлекеттік шекараны қорғау, ұлықтау рәсімі, азамат құқығы, толық иеленеді.
?! 1.Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар?
2. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
3. Дауысты дыбыстар қанша?
4. Дауысты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің қатысына қарай қалай жіктеледі?
5. Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
6. Дауыссыз дыбыстар дауыс пен салдардың қатысына қарай қалай бөлінеді?
7. Әріп дегеніміз не?
8. Дыбыс пен әріптің өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетіңіз. Нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіздер.
9. Қазіргі қазақ тілінің әріпнамасы қай әріпнаманың негізінде жасалған?
10. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақтар жазуда қандай әріпнамаларды пайдаланған еді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет