Қазақ халқының ұлттық қолөнері
1-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазыңыз. Мәтіннен үндестік заңына бағынбай тұрған сөздерді тауып, астын сызыңыз, себебін айтыңыз.
Әшекей бұйымдар
Рухани мұраларымыздың маңызды түрлерінің бірі - әшекей бұйымдар. Сол әшекей бұйымдардың беттеріндегі өнегелік жазбалар мен өрнектері тәлімдік түйіндер назардан тыс қалып келеді.
Жетісу жерінен табылған, қазір Британ мұражайында сақтаулы қалайыдан жасалған айна жиегіндегі жазулар (ХІІ-ХХІІ ғ.) өзіндік тәлімдік түйіндерімен құнды. Бұл айнада «Айнадай әсем бол» деген нақыл сөздер бар. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданына табылған тас мөрде өрнектеліп жазылған «Таңда да, уан!» деген сөздің ертедегі руникалық әріппенен жазылғандығы белгілі. Демек, өмірден әр нәрсені таңда, содан мейірім тап деген сөз бұл. Павлодар қаласындағы өлкетану мұражайында сақтаулы күміс білезіктегі түркі жазуы қазақша былай оқылады: «Шашылған асыл қазына күлмен тең.»
Алтынмен апталған, күміспен күптелген, көмкерілген небір
белбеулерде әртүрлі жазулар сақталған. Сондай бір белбеуде «Беліңді бекем бу келген жауға» деген өсиет сөз жазылған. Ал қыз балаға, келіншектерге арналған белдіктерде «бір Алла жарылқаушы», «Бойыңды тік ұста» деген өрнекті жазулар бар.
1. Екпін дегеніміз не?
2. Ана, әке, іні , аға, ата, ант, ұлт, қарт сөздерін тасымалдауға болады ма?
Ерін үндестігі
Ерте кездерде (Х-ХІҮ ғ.) адамдардың белдіктеріне қарап, олардың қандай тектен шыққанын және әскери шендерін білген. Егер алтынмен не күміспен қапталған белдік бай адамдікі екендігін аңғарсақ, ал теріден жасалған белдіктің жауынгерге арналғанын аңғарамыз. Екінші бір белдіктің шетінде қалтасы бар, олар саудагерлер мен көпестерге арналып жасалған. Орыстың белгілі ғалымы В.Радловтың сөздігінде: «Қалталы әшекей белдіктерде құранның сүрелері сақталынады» делінген.
Әртүрлі пәле-жаладан сақтау үшін зергерлер мен кестешілер әдемі өрнектермен нақышталған үшбұрышты және түтікше бойтұмарларды жасап, ішіне қуыс қалдырып, оған дұғалар мен құран сүрелерін сақтаған. Осындай тұмарлар адам бойына қуат беріп, көңіліне сенім тудырған. Ол бойтұмарлар көбіне түсті металдардан, маталардан немесе терілерден жасалған. Тұмар рөлін атқарған, көркем жасалған қоңыраулы алқалар да болған. Осындай бір алтын алқаның жиегінде «Тікенек көзден, шайпау сөзден сақта» деген сөз жазылған.
Зергер мен ұсталардың өнерінен туған әшекей бұйымдар арулар бойына көрік, ажар, жігіттерге жігер беретіндіктен ондағы жазулардың тәлімдік рөлі арта түскен. Көптеген әшекей бұйымдар ұзатылатын қыздың сән-салтанатты жасауы ретінде қолданылған.
?! 1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, мәтінге ат қойыңыз.
2. 3. Мәтіннен үндестік заңына бағынбай тұрған сөздерді тауып, астын сызыңыз, себебін айтыңыз.
4. Үндестік заңы дегеніміз не?
5. Буын үндестігі дегеніміз не?
6. Бойжеткен сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |