Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында қазақ тілін дамыту бойынша мүшайра болып өтті. Оған филиал басшылығы мен барлық жеке құрам қатысты.
Шара пікір талас түрінде өтті. Күн тәртібінде мынадай мәселелер қозғалды: мемлекеттік тілдің қазіргі қоғамда қолдану деңгейі және ресми іс-қағаз құжаттарының қазақ тілінде толтырылу қажеттілігі.
Пікір таласты дәрігер Ж.А.Аманова бастады: «Қазақ тілі – дамыған тіл. Оған тек қана қолданыс керек. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін оны қоғамның барлық саласына енгізу қажет.
Тілге қажеттілік болмай, нәтиже шықпайды. Мәселен, қазақта «Түйеге жантақ керек болса, мойнын созады» деген нақыл бар. Егер Қазақстандағы әрбір азамат мемлекеттік
қызметте жұмыс істегісі келсе, онда оның тілін білуге міндетті. Тілді қадірлей біліп, оған деген талапты күшейтсек, қазақ тілін үйренушілер көбейеді».